«Өсімдік қорғау және карантин»

5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин»
Біліктілік – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры.
Оқыту мерзімі – 4 жыл
Оқыту түрі – күндізгі
4 пән – биология
Білімді қолдану аумағы
Мамандық ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне шаруашылық және экономикалық нұқсан келтіретін зиянды ағзалардан (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) өсімдіктерді қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және карантинді ағзаларының биологиясы, экологиясы, түрлік құрамы мен олармен күресу шаралары жөнінде терең білім алады.
Кәсіби дағдылар
Бакалавриат курсын аяқтағаннан кейін мамандар ауылшаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларына фитосанитарлық мониторинг пен олардан  кешенді қорғау шараларын, сонымен қатар кедендік бекеттер декарантиндік тексерістің барлық кезеңдерін жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар орталықтарында, өсімдіктер карантині орталығында, бақылау-токсиологиялық зертханаларында, шекаралық карантиндік бекеттерде.
Білім беру бағдарламасы
Мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: жалпы және ауылшаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауылшаруашылық фитопотологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау; өсімдіктер карантині; өсімдіктер иммунитеті жәнет.б. Студенттер жыл сайын ЖОО арасында өтетін Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға қатысуға, сонымен қатар бір семестр барысында еліміздің және шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО–да академиялық ұтқырлықпен оқуға мүмкіндікке ие.