«Қашықтан оқыту» факультеті

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

НҰРҒАБЫЛОВ МҰРАТ НУРИДИНҰЛЫ

Nurgabylov Murat1982 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсті. 2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне магистратураға түсіп 2005 жылы «Маркетинг» магистрі академиялық ғылыми дәрежесін алып шықты.
2009-2012 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде PhD докторантурада оқып, 2013 жылы «Қазақстанның агроөндірісін басқаруды жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
2011 жылы және 2012 жылы  Америка Құрама Штаттарының  Пенсильвания штатында, Пенсильвания мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп, ғылыми -тәжірибелік конференцияларға қатысты.
2005 - 2013 жылдар аралығында әртүрлі компанияларда қатардағы экономистен коммерциялық директорға дейін қызмет атқарды.
2013 жылдан қазіргі таңға дейін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Идеалогия және қоғаммен байланыс» басқармасының бастығы, ректордың университеттің дамуы бойынша кеңесшісі, «Қашықтықтан оқыту» факультеті деканы қызметін атқарады.

Факультеттің сипаттамасы мен қызметі

         Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің Қашықтықтан оқыту факультеті 2016 -2017 оқу жылында құрылды.
       Қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
       Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс – әрекеті процесін қарастырады.
        Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады.
-бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;
-жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;
- негізгі қызметтен қол үзбей оқу;
-уақытты және қаржыны үнемдеу.

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

logopromishrevol kaz

logo 3d