Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ» ФАКУЛЬТЕТІ

нургабылов

 

«Қашықтан оқыту» факультетінің деканы

Аты-жөні: Нұрғабылов Мұрат Нуридинұлы

Туған жылы, айы, күні: 28.07.1982

Білімі: жоғары

Мамандығы: экономика

Бітірген оқу орны: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Университеттегі қызметі: «Қашықтықтан оқыту» факультеті деканы

Ғылыми атағы: PhD докторы

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1  Факультет жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жүргізетін Тараз инновациялық - гуманитарлық университеті оқу - ғылыми бөлімі болып табылады.

1.2  Факультет - ректордың басшылығымен өзінің жұмысын жүзеге асыратын Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті дербес бөлімі. Факультетті тікелей басқаруды декан жүзеге асырады. Факультет деканын тағайындау және оны орнынан алып тастау, егер ол білім саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілермен қаралмаған болса білім беру ұйымының басшысымен орындалады.

1.3 Факультет өз жұмысында мыналарды басшылыққа алады:

-   ҚР президентінің жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын;

-   Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңдарын;

-   ҚР Білім және ғылым министірлігінің, институт, университет ректорының, жергілікті білім басқару органдарының бұйрықтарын, нұсқау, ережелерін;

-   халықаралық және республикалық сапа стандарттары мен СМЖ әзірлеу, іске ендіру және жетілдіру мәселелерін реттейтін басқа да нормативті және нұсқаулық құжаттарды;

1.4 Факультеттің жоғары ұжымдық басқару органы факультеттің ғылыми кеңесі (ары қарай факультет кеңесі) болып табылады. Факультетте әдістемелік бюро, ғылыми- зерттеу жұмысы бойынша кеңес және т.б. құрыла алады. Факультет барлық жұмыс бағыттары бойынша құжаттарды жүргізеді, оқу жылында атқарған жұмыстары бойынша есеп береді.

1.5 Факультет деканы факультеттің қызметіне толық жауап береді.

2 факультет құрылымы

2.1  Деканаттың құрылымы мен штат санын факультеттің жұмыс ерекшеліктері мен жұмыс ауқымын ескере отырып ректор бекітеді.

2.2 Деканат штатына келесі қызмет тұлғалары кіреді:

-   декан;

-   деканның оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

-   деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;

-   офис менеджері

«Қашықтықтан оқыту» факультетінің ұйымдық құрылымы

989898

3 Факультет функциялары

Факультетте білім беру сапасын ұдайы жақсарту мақсатында келесі функционалды міндеттер жүктеледі:

-   факультетте бекітілген бағыттыр мен мамандықтар бойынша кәсіби білім беру бағдарламалары сапасын қалыптастыруды ұйымдастыру, қадағалау және басқару;

-   факультетте оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

- профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми және оқуға көмек беруші қыз-меткерлердің штаттарын құру, факультеттің құрылымдық бөлім жетекшілерін іріктеу;

-   факультет студенттерінің, оқу топтары ұжымдарының контингентін жасау;

-   факультет бағыттары және мамандықтары бойынша бюджет есебінен қаржыландыратын қабылдау орындарын бөлу бойынша ұсыныстар енгізу;

-   оқу графигінің күнтізбелік кестесін, сабақ, емтихан және сынақ кестелерін құруға қатысу, олардың орындалуы мен сапасын қадағалау;

-   студенттердің сабақ үлгерімі мен қатысу есебін жүргізу және олардың нәтижесін сараптау;

-   студенттерді шәкіртақымен және материалды көмекпен қамтамасыз ету;

-   студенттердің басқа жоғары оқу орнына ауысуы, студенттердің оқудан шығарылуы және қайта келуі, мамандар шығару, студенттердің курстан курсқа, бір кәсіби білім беру бағдарламаласынан басқасына көшірілуі, студенттердің оқудың басқа түріне (бюджеттік, контракттік) ауыстырылуы туралы ректор бұйрықтарының жобасын дайындау;

-   ректоратқа МАК құрамы және олардың жұмысын ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізу;

-   студенттердің өндірістік практикасын жалпы басқару және қадағалау;

-   факультет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;

-   факультет кафедраларының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру жұмыстарын қадағалау;

-   университет Кеңесі мен ректорға кәсіби білім беру бағдарламалары, оқу көмекші және ғылыми-зерттеу үрдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныс беру;

-   Деканның орынбасарларын (оқу, тәрбие, СМЖ, ғылым, бас куратор т.б.) тағайындау.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

Факультет құқылы:

-   факультет студенттерімен өткізілетін оқу сабақтарының барлық түрлерін, емтихандардың және сынақтардың сапасын қадағалауды іске асыруға;

-   оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің бос жұмыс орнына қабылдауды белгіленген тәртіп бойынша орындалуын қамтамасыз ету;

-   факультеттің өз өкілеттілігі шеңберінде факультет тіршілігі мәселелері бойынша барлық бөлімдер, оқытушылар, қызметкерлер және факультет студенттері орындауға міндетті нұсқаулар мен ережелер шығаруға;

-   факультет деканы университеттің Ғылыми Кеңесінің мүшесі, ережеге сай, факультет Кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшесі, университеттің қабылдау комиссиясының мүшесі, магистратураға қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылады;

-   факультеттің барлық студенттерінен, оқытушыларынан, магистрлерінен және басқа да қызметкерлерінен университет ережесі мен ішкі тәртіп ережелері талаптарының орындалуын талап етуге;

-   ректорға ішкі тәртіп ережелерінде қарастырылған факультет оқытушылары, қызметкерлері және студенттерін марапаттауға және сөгіс жариялау материалдарын ұсынуға.

5 МІНДЕТТЕРІ

Факультеттің негізгі міндеттері:

-      факультет мамандықтары және мамандандыру бағыттары бойынша оқу жоспарлары және пән бағдарламалары жобаларын қарастыру;

-   факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарларын және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру жоспарларын талқылау;

-   факультет студенттерінің оқу және өндірістік тәжірибелерін қорытындылау;

-   факультеттегі оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша факультет кафедра меңгерушілерінің есебін талқылау;

-   белгіленген тәртіп бойынша профессор және доцент, аға оқытушы ғылыми атағына ізденушілердің құжаттарын қарастыру;

-   деканат, кафедра, лаборотория жұмысын, оқу үрдісін қамтамасыз ететін нормативті әдістемелік материалдарды және ғылыми талдамаларды дайындау және шығаруды басқару;

-   студенттерді дербес оқу жоспарына ауыстыру, сессияны мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат беру, кейбір жағдайларда сынақтары тапсырылмағандықтан студенттерге сессияны тапсыруға рұқсат ету, емтихан, сынақты қайта тапсыруды өткізу;

-   студенттерді бір топтан екінші топқа ауыстыру, белгілі себептерге байланысты оқу сабағынан қысқа мерзімге босату;

-   факультет деканының орынбасарлары, деканаттың басқа да қызметкерлерінің кандидатурасын ректордың бекітуіне ұсыну;

-   факультет жұмысына қатысты мәселелер талқыланатын және шешілетін органдар мен ұйымдарда факультет мүддесін қорғау;

-   кадрларды дайындауды ары қарай жетілдіру мақсатында іс-шаралар жасау;

-   оқу үрдісі: емтихандар, сынақтар, диплом жұмыстарының қорғалуын бақылаудың қорытындысын қарастыру;

-   факультеттің оқу - лабораториялық базасын жетілдіру жоспарын қарастыру және оның оқу үрдісі мен ғылыми зерттеулерде қолданылу тиімділігінің сараптамасын өткізу;

-   институттың Ғылыми кеңесіне құрметті атақтарды беруге қандидаттар ұсыну;

         - ақпарат органдарына тіркеуге факультет мамандары дайындаған қолжазбаларды талқылау;

-   факультет қызметімен байланысты басқа мәселелерді реттеу;

-   факультет талабына сай емес ПОҚ, қызметкерлер мен студенттерді университеттен шығаруға, тәртіп жаза қолдануға ректорға ұсыну.

6 ЖАУАПКЕРШІЛІК

Факультет деканы тікелей жауапты:

-   жалпы факультет жұмысына, факультеттің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайына;

-   еңбек тәртібінің жағдайына, факультет кафедраларындағы басқарушы және педагогикалық кадрлардың талданылуына және орналастырылуына;

-   бітірушілер, магистранттар дайындау сапасына;

-   өзінің міндеттерін және құқықтық мүмкіндіктерін орындауға;

-   Деканаттың басқа қызметкерлерінің құқықтары мен жауапкершіліктері лауазымдық нұсқаулармен анықталады.

7 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ бөлімдермен ӘРЕКЕТТЕСУ

7.1  Қызмет көрсету ерекшеліктеріне байланысты факультет тікелей ректордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

7.2 Факультет қызмет ерекшеліктеріне байланысты ректордың орынбасарларына да бағынады.

7.3  Факультет оқу жұмысы мәселелері жөніндегі жоспарлары және қызметі бойынша ректордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының алдында есеп береді.

7.4 Ғылыми жұмысы бойынша факультет ректордың ғылыми жұмыстар және

халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарының алдында есеп береді.

7.5 Тәрбие жұмысы бойынша факультет ректордың тәрбие және әлеуметтік жұмыстары жөніндегі орынбасарының алдында есеп береді.

7.6 Заңгермен бірлесіп, заң және құқық актілерінің бұзылуына байланысты мәселелерін шешеді.

7.7 Факультетте кадрларды таңдау мәселелерін декан, ректордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, кадрлар бөлімі және ректор шешеді.

7.8 Факультет университеттің ұйымдастыру, жобалау, компьютеризациялау және бағдарламалын қамту мәселелерін шешетін құрылымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

7.9 Факультет ай сайын ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөліміне уақытын есептеу табелін тапсырады.

7.11 Негізгі   қызметін факультет,  факультет   деканаты, кафедралар, офис-менеджер және деканат қызметкерлері арқылы іске асырады.

«Қашықтықтан оқыту» факультетінің басқа құрылымдық бөлімдерімен байланысындағы шығыс және кіріс құжаттарын рәсімдеуі

Рет

Байланыстағы   құрылымдық бөлім

Факультеттің кіріс

материалдары

Факультеттің шығыс материалдары
1 Оқу –әдістемелік бөлім

- оқу үрдісі бойынша нормативтік және   әдістемелік материалдар;

- оқу үрдісінің кестесі;

- оқу кестесі;

- мамандықтардың МЖББС;

- пәндердің типтік бағдарламалары;

- оқу үрдісінде қолданылатын жазбалар   формалары.

- әзірленген силлабустар, ОӘК;

- таңдау пәндердің оқу бағдарламалары;

- оқытушылар жүктемелері;

- кафедраның жұмыс жоспары;

- айлық, жарты жылдық және жылдық оқу   жүктемелерінің орындалуы туралы мәлімет;

- емтихан билеттері;

- ашық және өзара сабақ кестелері;

2 Ақпараттық технологиялар бөлімі

-электронды есептеу машиналарымен студенттерді   қамтамасыз ету:

- электронды есептеу машиналарын пайдалану   туралы әдістемелік материалдар;

- студенттерге арналған тесттік материалдар;

- ЭЕМ жөндеуге және бағдарламалық қамтамасыз   етуге ұсыныстар

3 Ғылым және инновация басқармасы

-ғылыми конференциялар туралы мәліметтер;

-  ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы   әдістемеліктер

-  ҒЗЖ жоспары;

-  ҒЗЖ орындалуы туралы есептер

4 Ұйымдастыру   және кадр жұмыстары бөлімі

-    еңбек   шарт;

-    жұмысқа   қабылдау, босату туралы бұйрық;

-    білімгерлер   тізімі;

-    ішкі   және сыртқы құжаттар;

-    жылдық   еңбек демалыс кестесі

- қызметкерлердің жеке құжаттары;

- еңбекке жарамсыздық бюллетені;

- жылдық еңбек демалыс кестесіне ұсыныстар.

5

Қаржы –экономикалық

бөлім

-    еңбек   ақы есептеу түбіртегі;

-    кафедра   меншігіндегі материалдың құндылықтар тізімі

- жұмысқа қатысу тізімі;

- материалдық құндылықтарға қаражат бөлуге   сұраныс;

- қаржылық есеп

6 Әкімшілік-шаруашылық бөлімі

-    шаруашылық   қажеттілігіне материалдар алу;

-    жөндеу қызметі

- шаруашылық қажеттілігіне материалдарына және   жөндеу жұмыстарын ұсыныстар
7 Тәрбие   бөлімі

-    Мәдени-көпшілік   іс-шараларды өткізу туралы мәліметтер

-    Тәрбие   сағаттары, ашық тәрбие сағаттары;

Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу туралы   факультет жоспары;

-Ашық тәрбие сағаттары мен тәрбие сағаттарының   жоспары;

-атқырылған іс-шаралар туралы жарты жылдық,   жылдық есебі.

8 Қауіпсіздік бөлім -оқу-ғимаратының және қызметкерлердің қауіпсіздік-техникасы ережесімен таныстыру және қамтамасыз ету; -  оқу-ғимаратының қауіпсіздік-техникасына   жауап беру;
9 Қабылдау комиссиясы

-мамандықтар бойынша талапкерлер қабылдау   жоспары;

-студенттер қабылдау ережесі;

-талапкерлерге кеңес беру кестесі.

-  кәсіби бағдарлау жұмыстары туралы мәлімет;

-  мамандықтар бойынша олимпиада өткізу туралы   мәліметтер

10 Мұрағат -іс-құжат номенклатурасы; -  хаттамалар, актілер, СМЖ құжаттары

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер