Тарихы

«БІЛІМ» ФАКУЛЬТЕТІ 

Bilim

«Білім» факультеті 2014-2015 оқу жылының 1-қыркүйегінде құрылған. Факультет білім және гуманитарлық ғылымдар бағытында мамандар даярлайды. Факультет деканы: Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

            Факультеттің ПОҚ-лар құрамы

Факультетте 70-ке жуық ПОҚ қызмет етеді, оның ішінде 7 ғылым докторы, профессор, 20-дан аса ғылым кандидаты, доценттер бар. Сонымен қатар осы оқытушылар құрамында Республикамызға белгілі ғалымдарымыз еңбек етеді, атап айтқанда «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР үздік оқытушысы» Ж.Т.Сарыбекова, «ҚР үздік оқытушысы» А.О. Карибаева, В.А. Ким, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.А.Абдикеримов, Ұлттық Білім академиясының академигі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қ.Бөлеев, Жамбыл облысы бойынша суретшілер одағының басшысы А.Сихаев, т.б.

Факультетте даярланатын бакалавр мамандықтары:

5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»;

5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»;

5В012000 – «Кәсіптік оқыту»;

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт»;

5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық»;

5В010300 – «Педагогика және психология»;

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

5В020500 – «Филология»;

5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі».

Факультетте даярланатын магистратура мамандықтары:

6М010300 – «Педагогика және психология»;

6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

6М011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі»;

6М012000 «Кәсіптік оқыту» (салалар бойынша).

Факультетте – 1000-ға жуық студенттер дәріс алады. Факультетте бастауыш сынып мұғалімдері, педагог, әлеуметік педагог, психологтар, шетел тілінің мамандары (ағылшын-қытай, ағылшын-корей), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, филологтар, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық, бейнелеу өнері және сызу саласындағы мамандар даярланады. Түлектер сәйкесінше мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері, жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, мамандандырылған мектептер, арнайы түзету мекемелері, бастапқы кәсіби білім беру мекемелері, орта кәсіби білім беру мекемелері, орта білімнен кейін білім беру және басқару ұйымдары, сондай-ақ ғылым, баспа ісі, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде интернет, білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салаларына жұмысқа орналаса алады.

Факультет құрамында даярланатын мамандықтарға сәйкес дәрісханалар, хертханалар, әдістемелік кабинеттер жұмыс жасайды. Факультеттің барлық профессор-оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларда, журналдарда мақалалар жариялауда, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар, электронды оқулықтар, монографиялар шығаруда, студенттерді де ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, әр түрлі студенттік ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, байқауларға, сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға, спартакиадаларға қатысуға және жүлделі орындарға ие болуға ықпал етуде. Студенттерге шетел тілін меңгертуде Оңтүстік Корея Кенгһам Университетінің оқытушысы – Ли Минджа дәріс беруде. Факультет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа ЖОО-да және шет елдерде білім алып, тәжірибеден өтуде. Атап айтқанда: Қытай халық Республикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университетінде, Қытай халық Республикасының Санжы университетінде, Оңтүстік Корей Сеул қаласындағы Пан Юн университеттерінде дәріс алуда.

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Сатпаев көшесі 1 А, № 2 оқу ғимараты.

КАФЕДРАЛАР

 

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

Кафедра "6В01101 (5В010300) Педагогика және психология" мамандығы бойынша бакалаврларды және "7М01101 (6М010300) – Педагогика және психология" мамандығы бойынша магистранттарды даярлайды. Аталған мамандықтар бойынша оқу үдерісін жүргізу үшін кафедра қажетті материалдық-техникалық базамен, соның ішінде интернет жүйесіне қосылған оқу мамандандырылған аудиториялармен жабдықталған, электрондық оқу кабинеттері, оқу зертханалары бар.
2019-2020 оқу жылынан бастап білім беру бағдарламасында мамандықтың шифры өзгеруне байланысты күндізгі бөлімге қабылданған 1 курс студенттері 6В01101 шифрымен «Педагогика және психология» мамандығына қабылданды.
     «Педагогика және психология» кафедрасы келесі анықтамалармен мінезделінеді: рецензиялық журналдар, ғылыми монографиялар, кітаптар, рецензиялық жинақтарда мақалалар, баяндамалар жариялау, ғылыми іс – шараларға ат салысу және ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер. Сонымен қатар «Педагогика және психология» кафедрасы: элективті пәндер каталогын, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс оқу бағдарламалары, тесттерді жасау, дидактикалық материалдарды әзірлеу; авторлық бағдарламаларды рецензиялау және т.б.
       Мұғалімдердің жұмысының нәтижелері ректордың бұйрығымен жыл сайын тағайындалатын конкурстық комиссиямен анықталады. Рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия «ТИГУ-нің  үздік оқытушысы», «ТИГУ үздік кафедрасы», «ТИГУ үздік факультеті» анықтайды. Сонымен, 2015-2016 жылдары «Педагогика және психология» кафедрасы «ТИГУ-нің ең үздік кафедрасы» номинациясын жеңіп алды. 
  Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының тәрбие жұмысы ТИГУ тәрбие жұмысының кешенді жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Кураторлық - мұғалімдердің іс-әрекеттерінің бірі және студенттермен өзара әрекеттесудің бір түрі болып саналады. Кафедра «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында семинар өткізді (жастар арасындағы суицидтің алдын-алу), «Асыл Арман» қоғамдық бірлестігінің психологы Марал Хантөре қызының «Қоғамның заманауи жағдайында жастардың психологиялық бейімделуі» тақырыбына арналған «Елге сапар психологиясы» атты іс-шарасы облыстық және университеттік көлемде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жастардың девиантты мінез-құлық аспектілері» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысына конференция ұйымдастырды.
    Кафедра меңгерушісі жыл сайынғы есептерде және рейтингісінде көрсетілетін мұғалімдердің жеке жоспарына сәйкес жоспарланған жұмыстың орындалуын талдайды.
       5В010300 «Педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Педагогика» және «Психология» пәндері бойынша факультеттің барлық мамандықтары бойынша дәріс оқиды.
Білім беру бағдарламасының міндеті 5В010300 – "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының мақсаты-ғылым негіздерін, заманауи инновациялық технологиялар саласындағы білімді меңгерген, кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын, білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті социумның әлеуметтік саласын психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге және үйлестіруге бағытталған жоғары білікті педагог-психологтарды дайындау болып табылады. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер топтары құрылады:
1.Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз ету:
- Ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
- Білім алушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ету;
- Деңгейлік бағдарламаларды оқу үдерісіне кеңінен енгізу арқылы білім беру үдерісінде шығармашылық атмосфераны құру;
- Білім алушылардың оқу қызметіне құлшына атсалысуын қалыптастыру.
2.Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар ұжымын қалыптастыру:
- әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жетілдіру;
-білім сапасын диагностикалаудың технологиялары мен әдістемелерін зерделеуді, енгізуді және жетілдіруді ұйымдастыру;
- педагогтардың шығармашылық және ғылыми жұмыстарын жариялауды ұйымдастыру;
- білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша педагогтардың оқуын жалғастыру.
3.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жетілдіру:
- Интеграция негізінде оқу пәндерінің өзара әрекеттесуін жетілдіру;
- Оқытудың дифференциациясын, проблемалық оқыту технологиясын дамыту;
- Оқу-тәрбие процесіне негізгі құзыреттілікті қалыптастыратын технологияларды енгізу.


2019-2020 оқу жылынан бастап білім беру бағдарламасында мамандықтың шифры өзгеруне байланысты магистратураға қабылданған 1 курс студенттері 7М01101 шифрымен «Педагогика және психология» мамандығына қабылданды.
6М010300 "Педагогика және психология" мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты білім мен ғылымның интеграциясы негізінде қоғамды, экономиканы, өндірісті, білімді, ғылымды жетілдіру мәселелерін шешуге, серпінді технологияларды әзірлеуге қабілетті жаңа формациядағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы:
- бейіндік дайындық кезінде 1 жылды құрайды;
- ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде 2 жылды құрайды.
Осы бағдарламаны іске асыру магистрдің педагогикалық, ғылыми - зерттеу, басқару, жобалау, әдістемелік және мәдени - ағартушылық қызмет саласында кәсіби міндеттерді табысты шешуін, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті меңгеруін көздейді.
Академиялық дәрежесі:
- бейіндік бағыт бойынша-6М010300 "Педагогика және психология" мамандығы бойынша білім магистрі»;
- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша-6М010300 "Педагогика және психология" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызмет саласы:
- ғылыми-педагогикалық: білім беру мекемелерінің түрлі типтеріндегі ғылыми қызметкер;
- бейіндік: білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы педагог-психолог.
Кәсіби қызмет объектілері:
-ғылыми-зерттеу мекемелері;
- білім беру ұйымдары;
- білім беруді басқару органдары.
Кәсіби қызмет түрлері: 6М010300 – "Педагогика және психология" мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
Бейіндік дайындық кезінде:
- ұйымдастырушылық-басқару: педагогикалық білім беру жүйесінің менеджері;
- білім беру: білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы педагог-психолог.
Ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде:
- ғылыми-зерттеу: білім беру мекемелерінің түрлі типтеріндегі ғылыми қызметкер;
- білім беру: білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы педагог-психолог.

Магистратура мамандықтары үшін

 

Кафедра

                                                             ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Филология кафедрасының меңгерушісі - Беркенова Рабиға Ағабекқызы 29.03.1969 жылы дүниеге келген.
1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы гимназияны аяқтайды.
1988-1993 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының «Филология» факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқыған.
1993-2001 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.
2001-жылдан 2010 жылға дейін Тараз қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеген.
2010 жылдан бастап ТИГУ-дің Филология кафедрасында қызмет етеді. Филология ғылымдарының кандидаты.
2019-2020жыл. «Филология» кафедрасының меңгерушісі.     

Филология кафедрасының жұмысы мамандықтың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес терең теориялық және практикалық дайындығы, мықты кәсіби білімі, іскерлік пен дағдысы бар мамандарды дайындауға бағытталған.
Білім беру қызметінің сапасын арттыру саласындағы кафедраның мақсаты – тұтынушыларды білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінде оқу іс-әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
    Кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметі Қазақстан Республикасы үшін қазақ/орыс тілі, қазақ/орыс әдебиетін және түркітану салаларын оқыту әдістері шеңберіндегі мамандарды дайындауға бағытталған.
   Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы қазіргі уақытта жоғары кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асырады: бакалавр, магистратура. (5В020500-Филология, 6В02301-Қазақ филологиясы, 5В011700/6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М020500/7М02301-Филология).
Филология кафедрасы бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді: кафедра оқытушыларын радио мен теледидарға бағдарламалардың қатысушылары ретінде шақырады. Кафедраның өткізілген ғылыми және қоғамдық іс-шараларының нәтижелері аудандық әрі облыстық баспа басылымдарында жарияланады.    

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы:
      5В020500 - Филология (бакалавриат) және 6М020500 – Филология (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыру Тараз қаласы мен Жамбыл облысының қажеттіліктеріне негізделген. 3 курстан бастап, бакалавр-студенттермен, 2 курстан бастап магистрант-студенттермен аймақтық еңбек нарығында бейімделу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын университетте "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" өткізіледі, оған әлеуетті жұмыс берушілер – қаланың мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарының өкілдері шақырылады. Облыс ұйымдары түлектер үшін қаланың және облыстың орта оқу орындарында бар бос орындар тізімін ұсынады.
Студенттердің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейі Тараз қаласы мен облыстың еңбек нарығында олардың білімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. "Филолог" біліктілігін алған бакалаврлар мен магистрлер білім беру саласындағы ұйымдастырушылар, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылар, баспасөз хатшылары, жарнама жөніндегі менеджерлер, бизнес саласындағы мамандар, корректорлар, іс қағаздарын жүргізуші және т. б. жұмыс істейді.

«Түрікше сөйлей аламын» үйірмесі.
Үйірменің мақсаты – студенттердің түрік тілін коммуникативтік қатынаста қолдан білуін қамтамасыз етіп, түрік халқының мәдениетімен таныстыру. Сонымен қатар аталмыш үйірменің төмендегідей тәрбиелік мәні бар:
Студенттің жеке әрі кәсіби қабілеттерін дамыту;
Мәдениет аралық байланысқа түсу арқылы басқа да халықтардың мәдениетімен және әлемге деген көзқарасымен танысып, оған бейімделе білуді үйрету;
Кедергілерді еңсере отырып, алдыға қойған мақсаттарға жетуге деген сенімді қалыптастыру;
Осы үйірмеде түрік тілін үйрену арқылы өзге елдердің тілі мен мәдениетіне деген қызығушылық қалыптасады.
Үйірменің қарастыратын негізгі функциялары:
ақпараттық – методикалық;
жоспарлы түрде ұйымдасу;
бақылауыштық.
Үйірменің бағдарламасы негізгі бес бағытты қамтиды:
Грамматика – студенттерді түрік тілінің грамматикасымен таныстыру;
Сөйлесім – коммуникативтік қабілетті дамыту арқылы түрік тілінде еркін сөйлесуді үйрету;
Жазылым – түрік тілінде жаза білу қабілетін дамыту;
Тыңдалым – түрік тіліндегі сөздерді түсіне білу қабілетін дамыту;
Мәдениеттану – Түрік елінің мәдениетімен таныстыу арқылы тілді үйренуге қызығушылықты дамыту.
Үйірме жетекшісі – гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы.

ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

КАФЕДРА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ 

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ (ФИЛОЛОГИЯ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ (ҚАЗАҚ ТІЛІ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ  (МАГИСТРАТУРА 1 ЖЫЛДЫҚ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ  (МАГИСТРАТУРА 2 ЖЫЛДЫҚ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ФИЛОЛОГИЯ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ )

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (МАГИСТРАТУРА) 

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ФИЛОЛОГИЯ)

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ)

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (МАГИСТРАТУРА)

 

Кафедра

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ 

2017 жылы құрылған «Шетел тілдері» кафедрасы  Тараз  инновациялық-гуманитарлық университетінің жаңа кафедраларының бірі болып табылады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы - филология ғылымдарының кандидаты, магистр Тургунтаева Гульсара Ашимбаевна тағайындалды.
Кафедрада 12 оқытушы (1 профессор, педагогика ғылымының докторы, 2 педагогика ғылымының кандидаты, 2 филология ғылымының кандидаты, 5 магистр, 2 оқытушы) жұмыс атқарады.
Кафедраның профессор оқытушылар құрамы барлық мамандықтарға және жоғары кәсіби білім беру мамандықтары бойынша студенттерге шетел тілін үйретеді. Мемлекеттiк лицензия негiзiнде кафедрада келесi бағыты бойынша мамандарды дайындайды: бакалавриат бойынша 5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі», 6В01702 - «Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерің даярлау»; магистратура бойынша 6M011900 –«Шетел тілі: екі шетел тілі», 7М01703- «Шетел тілі: екі шетел тілі оқытушыларды даярлау» (ғылыми-педагогикалық бағыт), 7М01704- «Шетел тілі: екі шетел тілі» (бейіндік бағыт).
2018 жылы  5В011900–«Шетел тілі: екі шетел тілі» бакалавр мамандығы «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігінен мамандандырылған   аккредиттеуден өтті.  Аккредиттеу кеңесі жоғарыда аталған мамандық бойынша 23.06.2023 ж. дейін  5 жыл мерзімге куәлік берілді.
2019 оқу жылы 6М011900–«Шетел тілі: екі шетел тілі» магистратура мамандығы «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігінен мамандандырылған   аккредиттеуден өтті.
Кафедраның миссиясы:  күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста шет тілін белсенді қолдану үшін сөйлесу сөзінің дағдылары мен практикалық дағдыларына ие білімдерін пайдалана отырып, шет тілдерін меңгерудің арқасында үздіксіз өзін-өзі тану және болашақта өз біліктілігін арттыра алатын бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Кафедраның негізгі бағыты - заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып студенттердің коммуникативтік және кәсіби біліктіліктерін дамыту. Кафедраның негізгі бағыты - "студенттердің лингвистикалық, социолингвистикалық, дискурсивтік, социо-мәдениеттік, әлеуметтік-стратегиялық компоненттерге негізделген шеттілдік  коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.
         Кафедраның мақсаты  - заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің коммуникативтік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты бірқатар нақты міндеттерді шешуге бағынады:
- тілдік мамандықтарының студенттеріне шет тілін оқытудың әр түрлі аспектілері бойынша ғылыми, әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттерді зерттеу;
- таңдалған зерттеу бағыттары бойынша мақалалар және ғылыми баяндамаларды жазу;
- тілдік мамандықтарының студенттерімен практикалық сабақтарда және кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарында шет тілін оқытудың анықталған ерекшеліктерін апробациялау мәселелерін талқылау.
Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары келесі мәселелермен байланысты:
-          көптілділік тұрғысынан шет тілдерін үйрету мен оқытудағы ағымдағы үрдістер мен тенденциялар;
-          жоғары білім берудегі тілдік білім беруді жаңғырту контекстінде мәдениетаралық шет тілін оқытудағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары;

 

 

 

 

 

Кафедра туралы

         «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» кафедрасы

   

«Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының тарихы: «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының негізі 2009 жылдан басталады. Оның қызметінің негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты қалпына келтіру және нығайту, функционалдық жағдайды жақсарту, студенттерге күнделікті өмірде, оқу мен жұмыста қажетті кәсіптік және қолданбалы дағдыларды меңгерту.
«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы «Білім» факультетінің құрамында 2009 жылдан бері салалық мамандар дайындауды жүзеге асыруда. Кафедраның жоғары санатты профессор-оқытушылар құрамымен жабдықталуына жоғары талаптар қойылған. Бүгінгі таңда кафедрада кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Немеребаев М.Н., медицина ғылымдарының кандидаты Г.Нурумова, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Әбдікерімов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Д.Қандыбаев, Қазақстан Республикасының спорт шебері Смағанбетова А., подполковник Тұрсынбаев М., запастағы майор Үсен Б., аға оқытушылар Аманкулова К., Орымбаев А., Абдыхайранов У., Кошкинбаев С., Уразова Г., Касымова А., Перманова К., Бекбергенова М., Мусабеков С. және оқытушылар Томан Ф, Кали Б., Мейірбеков Т. еңбек етуде.
«Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша оқытудың: күндізгі, сырттай, екінші жоғары формаларына сәйкес кафедра мамандар дайындауды іске асыруда.
Білім беру сапасы көбінесе университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес нақтыланады. Мамандарды заманауи қажеттіліктерге сай дайындау білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жетілдірудің қажет екенін көрсетіп отыр. Яғни, мамандарды дайындауға қойылатын талаптар, білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыруды қажет етеді.

«Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы өзінің мақсатты еңбегін іске асыру барысында студенттердің жоғары кәсіби және спорттық жетістіктерге жетуі үшін теориялық курсты оқыту деңгейін жоғарылатуды, оқу-жаттығу жиындарын өткізудің сапасына байланысты мәселелерді жақсартуды өз міндеті деп есептейді.

Кафедра туралы

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ және БАСТАУЫШ ОҚЫТУ» кафедрасы

   

Кафедраның құрылған күні – 01.09.2018ж. 

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін дайындайды.
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітіруші түлекке, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бакалавры төмендегі қызметтерді атқарады:
– мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;
–педагогикалық колледж оқытушысы;
–білімді басқару департаментінде жетекші маман;
педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институтында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман.
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы: маманның кәсіби әрекеті сәби, мектепке дейінгі және мектепалды дайындық топтарындағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуға бағытталған. Түлек педагогикалық, ұйымдастыру-басқару, білім беру әрекеттеріне дайын болуы тиіс.
5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы: бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері – оқу іс-әрекетінде оң мотивтері мен біліктерін қалыптастыруға бағдарланған оқу жазу, есептеу, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірбесінің берік дағдыларын алуға, шығармашылық өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, жүріс-тұрыс мәдениетіне, тұлға гигиенасының негіздерін және салауатты өмір салтын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын игеру үшін негіз жасайтын білім берудің алғашқы сатысында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу.
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша баклаврлар төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады:
ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);
педагогикалық процесті басқару («субъект-субъект» өзара әрекеті);
жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді жобалау);
–ғылыми-зерттеу (озық педагогикалық тәжірибені ғылыми негізде зерттеу, жинақтау, тарату);
білім берушілік-педагогикалық (оқуды үйрету).
Кафедрадағы ПОҚ-ы кафедрадағы оқу жұмысы, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыс, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасының 18.02.2011жылғы «Ғылым» туралы заңын басшылыққа алады.
Кафедра құрамында 1 ғылым докторы, профессор, 2 ғылым кандидаты, доцент, 1 PhD, 4 аға оқытушы, 1 оператор қызмет атқарады.
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасында кафедра меңгерушісі – п.ғ.к., доцент, Елубаева Рахат Сайлаубекқызы.Сонымен қатар, кафедрада белгілі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бөлеев және п.ғ.к., д.м.а. Ж.Ускенбаева, д.м.а., PhD А.М. Байкулова, кафедраның аға оқытушылары Н.А. Фатикова, Р.Е. Ажибаева, Д.М. Наурызбаев, А.Р. Жакипова студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеуге баулып, студент-жастардың патриоттық тәрбиесіне де зор көңіл бөлінеді және университет, факультет көлемінде семинар-тренингтермен, конференциялар ұйымдастырып отырады.

Мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың тізімі

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасында арнайы жабдықталған кабинеттер саны – 4: ««Бастауыш оқытудың әдістемелері» дәрістік оқу залы, ««Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» дәрістік оқу залы және ««Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» дәрістік оқу залы» «"Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының әдістемесі» зертханасы.

 

 

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер