Кафедра меңгерушісі

01 Nemerebaev Mukatai

НЕМЕРЕБАЕВ МҰҚАТАЙ

Аймақтық менеджмент академиясының академигі, ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспендент мүшесі,  Техника ғылымдарының докторы, профессор

М.Немеребаев 20 шілде 1947 жылы Талдықорған облысы                                                                                                           (Алматы) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген. 1956 жылы Жансүгіров ауылындағы В.Чапаев казіргі Е.Сиқымов атындағы орта мектепке барып, оны 1966 жылы сапалы аттестатпен бітірген.

1966-1967 жылы аралығында В.Чапаев атындағы кейінен Қаракемер деп аталған совхозда жұмысшы болып еңбек атқарды. 1967-1970 аралығында Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп қайтқаннан кейін, Ақсу кино торабында  суретші болып жұмыс атқарған. 1970 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылыс инженерлері факультетіне түсіп, оны 1975 жылы үздік дипломмен бітіріп құрылысшы инженер мамандығын алған. 1974 жылы студентердің құрылыс жасақтарының жұмысының қортындысы бойынша Кеңестер Одағының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 1974 жылы сәуір айында Мәскеуде  өткен Бүкіл Одақтық комсомолдың ХVII-съезінің делегаты болған

1975-1978 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтына жолдамамен келіп оқытушы қызметін атқарды.

1978-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында  конкурспен өтіп, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, деканның орынбасары қызметтерін атқарды. 1989 жылы М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында жұмыстан қол үзбей кандидаттық диссертация қорғаған.  1993 жылы  01.02.00-Механика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған. 1994-1998 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында Механикаландыру және автоматтандыру факультетінің деканы қызметін атқарған.

1998-2003 жылдар аралығында Тараз қаласындағы ЖОО  қосылуына байланысты М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тіршілік қауыпсіздігі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2003-2008 жылдары А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында Оқу-әдістемелік бөлім бастығы қызметін атқарған.

2008 жылдың шілде айынан 2017 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу ісі содан кейін ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2017 жылдан кафедра меңгеруші қызымеиін атқаруда.  Осы уақыт аралығында университетің қалыптасуна және тұрақтауына белсенді араласып еңбек етті. Казіргі таңда университет респуликада өз орны бар оқу орнына айналды.

2008 жылғы 1-сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі Д 14.23.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде докторлық диссертация қорғап, бақылау комитетінің 2008 жылғы 31 қазандағы шешімімен техника ғылымдарының докторы ғылыми дәдежесі берілді. 2010 жылда 01.02.00- Механика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілген.

          Жалпы зерттеп жүрген ғылым саласы бойынша 210 астам ғылыми әдістемелік мақалалары жарық көріп, үш аспирантқа және 10 магистрантқа жетекші болып, олардың жұмыстары жоғары бағаланып, ғылым кандидаттары мен магистр атанды. Сонымен бірге 10 монография мен 56 оқулық пен оқу құралының  және 8 патентпен авторлық куәліктің  авторы. Оқулықтардың ішінде екі оқулық «Материалдар кедергісі» және «Материалдар мен конструкциялық материалдар технологиясы» ҚР білім және ғылым министірлігінің тематикалық жоспары негзінде орыдалып, ҚР ЖОО базалық оқулығы  ретінде пайдалануда.

2006 жылы. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталған.2009 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»   

атағы беріліп, төсбелгісімен марапатталған. 2010 жылы Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен марапатталған.  

2014,2017 жылдары Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамотасы;

2014 жылы Алматы облысы Ақсу ауданының құрметті азаматы атағы;

2014 жылы Тараз инновациылық-гуманитарлық университетінің бес және 2018 жылы он жылдық мерей тойы медалімен;

2015 жылы ҚР ЖОО қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы алтын медалімен марапатталған.   2017 жылы ҚРБжҒМ –ің Ы.Алтынсарин   атындағы медалімен марапатталған.                      

2016 жылы Ресейдің жаратылыстану ғылымы академиясының ордері ПЕТРА ВЕЛИКОГО «НЕБЫВАЕМОЕ БЫВАЕТЪ» , «ЗА УСЛУГИ» және Ғылым мен білім берудегі құрметті қызметкері медалімен, сонымен біргн В.И.Вернадскиидің күміс медалімен марапаталынған.

2013 жылы шыққан Қазақстан Республикасының ғалымдары «Ғылымға арналған өмір»   атты библиографиялық жинаққа енген.

Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының президиуымының шешіміменен, оқулық және ғылыми еңбектердің авторларының еңбектерін бағалау және ақпараттану мақсатында және жұмыстардың педагогикалық мәнділігімен ғылыми дәйектігін ескеріп, монографиялары мен оқулықтарын және ғылыми мақаларын Германияның Франкфурт-на Майне, Ұлыбританияның Лондон, Францияның Париж, Ресейдің Мәскеу, Австрияның Вена, АҚШ-ың Нью-Йорик, ҚҚР-ың Гонконг қалаларында өткен кітап көрмелеріне қойылды. Ол көрмелердің Сертификаты мен Алтын медалдарына ие болды.

Редакциялық ұйым шешімімен биографиясы «Ресейдің белгілі ғалымдары» атты интернет энциклопедияда енгізіліп, сайтқа қойылды және 2017жылы осы аттағы энциклопедиясының 13томына ал, 2019жылы -15 томында жариаланды.

Жұбайым Ибраймова Мейрамгүл екеуі үш ұл және екі қыздарын өсіріп тәрбиелеп, ұлдарды ұясына қызымызды ұзатып, немере сүйген бақытты жандар.