Кафедра жаңалықтары

Олимпиада

13 мамыр күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығы мен «Филология» кафедрасының ұйымдастырумен Елбасының бәсекеге қабілетті білім беруге деген сұранысына үн қосу мен Ұлы даланың жеті қырына қанық, ұл дала перзенті болуға лайықты шығармашыл дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндері бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға облыс аудандары мен Тараз қаласының орта мектептерінен берілген сұраныстар негізінде 30-ға тарта 11-сынып оқушылары қатысты. Алғашқы сөз алған «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ө.Тамабаева қатысушыларға алдын-ала олимпиада ережесінің жіберілгендігін атап айтып, ұйымдастырылу тәртібімен таныстырды.

Олимпиада 2 кезеңнен ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде оқушылар берілген тақырыптар негізінде жазба жұмысын (эссе) және латын қарпімен диктант жазды. Эссе (жазба жұмысы) мазмұны, ой тереңдігі, оқышының әдеби материалды пайдалану деңгейі, стилі мен емлесі тұрғысынан сараланды. Сондай-ақ бұл кезеңде әрбір қатысушы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша әзірленген 30 тест сұрағына жауап берді. Осылардың нәтижесі бойынша екінші кезеңде 20 оқушы жіберіліп, ол оқушыларға қосымша билет таратылды. Әр билетте қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша талдау талап етілген сұрақтар мен 15 сұрақтан тұратын тест сұрақтары болды.

Нәтижесінде олимпиадаға қатысқандарға және оқушылардың болашақ маман ретінде қалыптасуына ерекше жанашырлық көрсеткені үшін мектеп мұғалімдері арнайы алғыс хаттар берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша теориялық білімнің тереңдігін көрсеткен Тараз қаласы №30 мектептің оқушысы Алтынбек Аружан, Талас ауданы, Барбол Тоқтықожаұлы атындағы мектеп оқушысы Ақберген Ақниет және Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің 11 сынып оқушысы Абдуалиева Наргиза арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ жазба жұмысында озық ойлылығымен, сауаттылығымен дараланған Жуалы ауданы А.Пушкин атындағы орта мектеп оқушысы Хаетбаева Аяужан, Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп оқушысы Сейсенбекова Маржан, Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия оқушысы Жанатбек Ләйлә арнайы диломмен, бағала сыйлықтармен марапатталды. Ал олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің оқушысы Берікбай Сезім 25 % сертификатпен, осы ауданның Баймырза Бесбаев атындағы мектебінің оқушысы Құдайбергенова Оразхан 50 % сертификатпен, ал ең үздік нәтиже көрсетіп, жан-жақты білімін, ой тереңдігін көрсеткені үшін Тараз қаласы №38 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жарылқасын Арданаға университет ректорының кеңесшісі, академик Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы арнайы ректор грантын тапсырды.

Олимпиада Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурықов Ерболат Байзақұлының бастамасымен ұйымдыстырылды.

        olimpiada

Белботаев Алмасбек Батанұлының 70 жас мерейтойы

4

2019 жылдың 23-24 мамыр күні   Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ тіл білімінің лингвистикалық статистика саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық профессоры, доцент Белботаев Алмасбек Батанұлының 70 жас мерейтойына орай «Қазақ тіл білімі: Қолданбалы лингвистика мәселелері» атты тақырыпта аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияны университет аудиторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Пертаева Эльмира Құлибайқызы жүргізді.

Мерейтой «Филология» мамандығының 3 курс студенті Спаналы Серіктің «Ұстазға арнау» атты өлең жолдарымен ашылды.

Белботаев Алмасбек Батанұлының 70 жас мерейтойының алғашқы құттықтауы ТИГУ ректоры, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Саурықов Ерболат Байұзақұлына, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Майхановқа, Кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимкулова Шырын Исламбекқызына берілді.

Белботаев Алмасбек Батанұлының 70 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақ тіл білімі: Қолданбалы лингвистика мәселелері» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференцияға 100-ге жуық ғылыми мақалалар (Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, К.Карасаев атындағы Бишкек гуманитарлық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Назарбаев университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттері т.с.с.) келіп түсті.

Пленарлық мәжілісте 4 негізгі баяндамалар тыңдалды. Атап айтсақ, Жұбанов Асқар Құдайбергенұлының «АЛМАСБЕК БАТАНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘТІНДЕРІН СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ЗЕРТТЕУШІ, ҒАЛЫМ». (А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор), Садыков Ташполоттың «АНЛАУТ ҮНДҮҮЛӨРДҮН «МАНАС» ЭПОСУНУН ТЕКСТИНДЕ КОЛДОНУЛУШУ» (К.Карасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінің профессоры, ф.ғ.д.), «Филология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Елубаева Рахат Сайлаубекқызының «АЛМАСБЕК БАТАНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» тақырыбындағы баяндамасы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Асқанбаева Арайлымның «Кітап–білім бұлағы» атты баяндамалары.

Алмасбек Батанұлы, бір топ әдеби-шығармашылық еңбектердің де авторы екендігі айтылып өтті. Ғалымның 50 мың дана таралыммен республикалық «Жалын» баспасында басылған «Кітап туралы кітап» (Алматы, 1985) атты балаларға арналған суретті кітапшасы, сондай-ақ әр жылдардағы әртүрлі жинақтарда жарияланған эссе, әңгіме-очерктері, сондай-ақ, «Қазақ күнтізбесінде» жариялаған шағын дүниетанымдық бір топ мақалаларынан үзінділер оқылды.

Мерейтой соңы әріптестердің жылы лебіздері мен құттықтауларына ұласты. Құттықтау кешіне М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Саламатова Рахат Махамбетжанқызы, ҚР Білім беру ісінің жылдық үздік ұстазы төс белгісінің иегері, «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің жоғары санаттағы магистр-оқытушысы, Сейтжанов Сабыржан Ғалымжанұлы қатысып, өз тілектерін білдірді.

23                           1

 

 

Беркенова Рабиға Ағабекқызының 50 жас мерейтойы

   

O47A0307 min 

2019 жылдың 29 наурыз күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Филология» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Беркенова Рабиға Ағабекқызының 50 жас мерейтойы аталып өтті.

Құттықтау кеші «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Көшербаева Айымның арнауымен ашылды.

Беркенова Рабиға Ағабекқызының 50 жас мерейтойының алғашқы құттықтауы ТИГУ ректоры, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Саурықов Ерболат Байұзақұлына, Кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимкулова Шырын Исламбекқызына берілді.  

«Филология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Елубаева Рахат Сайлаубекқызы ғалымның өмірі мен шығармашылығы бойынша «БІЛІКТІ ҰСТАЗ – ӨМІР ТІРЕГІ» атты баяндамасын жасады.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудиторы, филология ғылымдарының кандидаты Пертаева Эльмира Құлибайқызы «РАБИҒА БЕРКЕНОВА – РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИТАНУШЫ» тақырыбындағы баяндамасында ғалымның қазақ драматургиясының өзекті мәселелерінің бірі – драма теориясының негіздеріне бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыс екендігін нақтылап өтті.

Беркенова Рабиға Ағабекқызының өмірі мен шығармашылық қырларына байланысты «Шәкірттер құттықтауының» бейнебаяны көрсетіліп, «Филология» мамандығының 3 курс студенті Спанәлі Серік «Ұстазыма» атты өлең жолдарын арнады.

Мерейтой соңы әріптестердің жылы лебіздері мен құттықтауларына ұласты. Құттықтау кешіне М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Дулаттану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Мұқашев Темірбай Әліұлы, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бөлімінің директоры міндетін атқарушы Әбжет Бақыт Сырымұлы қатысып, өз тілектерін білдірді. 

                 O47A0324 min        O47A0354 min     

                                          O47A0289

«Рухани жаңғыру-ұлттық сана мен  ұлттық болмыстың, ұлттық рухымыздың мәңгілігі»  дөңгелек үстел!

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, қазіргі жас ұрпақтардың-болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру-ұлттық сана мен  ұлттық болмыстың, ұлттық рухымыздың мәңгілігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: рухани жаңғыру жолында студенттердің ойына аға - апаларымыздың өмір жолдарынан кездескен қиындықтарды жеңе білу, үлгі алу, өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

        "Рухани жаңғыру - ұлттық сана мен ұлттық болмыстың ұлттық рухымыздың мәңгілігі" тақырыбы аясында өтілген дөңгелек үстелде «Филология» кафедрасының аға оқытушысы М. Әбілұлының "Ана тіліміздің ұлттық сана мен ұлттық болмысымызды сақтаудағы рөлі" деген тақырыбында баяндама жасады.

            Дөңгелек үстелде шығып сөйлеген профессор-оқытушылар М.Әбілұлының, Б.Бекназаровтың мемлекетіміздің тұңғыш Елбасы Н. Назарбаевтың жастар жылына байланысты шығып сөйлеген сөздерінен келіп шығатын міндеттерді атап көрсетті.

   IMG 20190416 WA0000 IMG 20190416 WA0001        IMG 20190416 WA0003      IMG 20190416 WA0004

  БІЛІМ МҰХИТЫНДА, ӨНЕР АЙДЫНЫНДА

         Қазіргі таңда университетіміздің барша студенттері білім мен оқуды, еңбек пен спортты, түрлі мәдени-әдеби шараларды қатар жүргізе отырып, өздерінің өмірге деген құштарлығын арттыруда әжептәуір жетістіктерді қолға кіргізді.

           Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, ел мен жер, қала мен даланың әсемдігін паш ету әрбір қазақстандық азаматтың төл міндеті болса керек. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жыңғыруына жол ашады. Бұл процесс қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дабыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Осыған орай 2018 жылдың 20 қыркүйек күні «Астана – бейбітшілік бесігі» атты Астананың 20 жылдығына арналған жалпы қазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды.

1.1  1.2

    Ашық есік күні

     2018 жылдың 5 желтоқсанында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде мектеп оқушыларына арналган Ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күнінде «Білім» факультетінің «Филология» кафедрасы өздерінің мамандықтарын таныстырып, өз өнерлерін көрсе, университетті жан-жақты  таныстырды. Соңында келген қонақтар, оқушылар оқу орнын: кітапхана, спорт кешені, компьютерлік аудиторияларды аралап, танысып шықты.

4.14.2 4.3 4.4

2019-2020 оқу жылына кафедраның штатына 16 адам бекітілді:

1 Беркенова Р.А. ф.ғ.к. каф.мең., доцент
2 Саурықов Е.Б. ф.ғ.д. профессор
3 Молгаждаров Қ.К. ф.ғ.д. профессор
4 Белботаев А.Б. ф.ғ.к. доцент
5 Кәрібаева А.Ө ф.ғ.к. доцент
6 Әбілов М. ф.ғ.к. профессор
7 Пертаева Э.К. ф.ғ.к. доцент
8 Тамабаева Қ.Ө ф.ғ.к. доцент
9 Архабаева Г.Е магистр аға оқытушы
10 Стамкулова Б.Ш. магистр аға оқытушы
11 Әбдіманапова М.Б. магистр аға оқытушы
12 Семембаева Г. оқытушы
13 Саржаев О.Т. магистр оқытушы
14 Қазжанов Ғ.Т. магистр аға оқытушы
15 Умирбаева Г.К.   оқытушы
16 Жексембекова Г.А. оқытушы