Кафедра жетістіктері

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!»

 "Білім" факультеті қазақ тілі мен әдебиеті, филология мамандықтарының студенттері Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар сайысына қатысты. Филология мамандығының 3-курс студенті, жас айтыскер ақын Мырзатай Медеу ынталандыру Алғыс хатымен марапатталып, Республикалық ақындар сайысына жолдама алды.

2.1

«Ана тілім -айбыным»

21 Ақпан – Халықаралық ана тілі мерекесіне орай өткізілген «Ана тілім -айбыным» атты ұлтаралық фестивальде «Филология» кафедрасы қырғыз ұлты болып шығып, қырғыз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнерін көрсетіп, белсенділік танытты. Осылай білім мен өнерді қабыстыра білген «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарының студенттері Алғыс хатқа және ақшалай сыйлыққа ие болды.

3.1 3.2 

 «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты  қалалық байқау

        2018 жылдың 28 қыркүйекте Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2018 жылдың 28 қыркүйек күні өткізілген «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты  қалалық байқауға Фил 16-1 тобының студенті Спанәлі Серік пен Қт 17-1 тобының студенті Көшербай Айым қатысып, Алғыс хатармен марапатталды.

Мемлекеттік тіл міртебесін көтеру, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу, өскелең ұрпаққа ақындардың қуатты да киелі көркем  шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген «Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқауда Фил 16-1 тобының студенті Спанәлі Серік Бас жүлде, Фил 18-1 тобының студенті Таңат Бауыржан ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.  

5.1 5.2 5.3 5.4 5.5 5.6

 

«Рухани жаңғыру».

  2018 жылдың 19 желтоқсан айында  «Филология» кафедрасының ұйымдастырумен факультетаралық І курс  орыс топтары  студенттері арасында жүргізілген «Қазақ тілі» пәні бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең. Интерактивті тақта арқылы көрсетілген видеоролик арқылы еркін тақырыпта эссе жазу.Эссенің мазмұны ой тереңдігі -10 ұпай; Эссенің жазылу стилі -10 ұпай;  Емле, тыныс белгілері, пунктуация -10 ұпаймен бағаланды.  2-кезең. Диктант. Тақырыбы: «Рухани жаңғыру». (Интерактивті тақтадан аудиозапись оқылды) Диктант екі түрлі талап тұрғысынан бағаланды.  Емле-15 ұпай, тыныс белгілері, пунктуация-15 ұпаймен бағаланды. 3-кезең. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап әдісі. (Интерактивті тақта арқылы жүргізілді). Студенттер ортаға шығып, интерактивтегі көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап берді және жаңылтпашты жатқа айтты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 25 студент қатысты. І орынды – Жайнақова Әсел БиО18-2, ІІ орынды- Советхан Әлімжан ВТ 18-2, Әуесбек Сұлтан ВТ18-2, ІІІ орынды  - Столярова Карина ИЯ 18-2 тобының студенттері, ал Парпиева Зарина ИЯ 18-2,  Альбина Тур 18-2 және Билялова Даниэлла  ИЯ18-2 топтарының студенттері «Қазақ тілінен» өткізілген пәндік олимпиадада өзінің терең теориялық білім мен талдау шеберлігімен дараланғаны үшін  Алғыс хаттармен марапатталды.

6.1 6.2 6.3 6.4

Кафедра жетістіктері:
Филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к Рабиға Ағабекқызы Беркенова мен ф.ғ.к. Эльмира Кулибайқызы Пертаева 2019 жылы Чехия Республикасының Теплице қаласында Халықаралық «Перспектива» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік әдістемелік жұмыс» медалімен марапатталды.
Кафедра доценті, ф.ғ.к. М.Әбілов 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздік педагог - 2019» медалімен марапатталды.
Кафедра доценті, ф.ғ.д. Қ.К.Молгаждаровтың 2019 жылы Чехия Республикасының Теплице қаласында жарияланған мақаласы үздік деп танылып, Канададағы «Culture, education, literature» (MSBooks Publishing, Winnipeg, Canada) атты ғылыми журналға жарияланды.