Кафедра мамандықтары

Мамандықта студенттерді оқытудың күндізгі және сыртқы бөлім бойынша даярланады.

5В010800 - «Дене шынықтыру   және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық және психологиялық тұрғыда сапалы кәсіби білім алу жалпы ұлттық мақсат болып табылады. 2009 жылдан бастап мамандарды дайындау жүзеге асырылуда.

Кафедрада бітірушілер мен жұмыс берушілер арасында бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарылып тұрады. Кафедра базасында және мектеп базаларына сай бітірушілер мен студенттер қатысатын ғылыми-тәжірибе семинарлары өткізіліп тұрады.

Бітірушілердің талап етілу және дайындық сапасы Тараз қаласы мен Оңтүстік өңірлерінде білім мекемелеріне орналасу мүмкіндігімен жоғары деңгейде көрінеді

        ТИГУ студенттері Болон үрдісінің реформасына сәйкес «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына белсенді түрде қатысады. Білім беру бағдарламалары бітірушілерге жұмысқа орналасуға дағдылар мен білім береді. Кафедраның педагогикалық оқытушылар құрамы білім беру мен оқытудың біріккен бағдарламаларымен белсенді жұмыс істейді. ТИГУ – студенттердің оқу үрдісі мен бос уақыттарын ұйымдастыруға жағдай жасайтын ішкі құрылымы дамыған жоғары оқу орны. Оқу корпустары заманауи кабинеттермен, компьютерлік және интернет-аудиториялармен ч, интерактивті тақталармен, электронды оқулықтармен жабдықталған.

5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы.

      Мамандар екі тілде дайындалады: қазақ және орыс тілдерінде. Мамандарды дайындау құрылымы мен көлеміне қарай аймақтық талаптарға сай келеді. «Бастапқы әскери дайындық» мамандығын дайындауда бүгінгі таңда кафедраның оқу аудиториялары оқу-әдістемелік базамен қамтылған. Студенттердің білім алуына интерактивтік тақтасы бар және интернетке қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу аудиториялар пәндер бойынша стендтермен, жеңіл оқу мылтығымен және «Саптық дайындық» пәнін өткізуге арналған саптық платцпен  жабдықталған.Кафедрада үлкен кәсіби біліктілігі және педагогикалық тәжірибелері бар педагог оқытушылар сабақ береді. Олар: аға оқытушы, полковник Ахимбеков Б.Р., аға оқытушы, майор Усен Б.М., оқытушы Умаралиева Ж.М. Сабақты практикалық тәжірибелері бар және әскери атағы бар оқытушылар (офицерлер) жүргізеді. Мамандықты меңгерумен қатар, студенттер әскери саптық дайындықты меңгереді. Кафедрада 2014 жылдан бері БӘД мамандығы бойынша «Кәсіби білім, әскери спорттық ойындар және өнер» әскери-патриоттық клубы жұмысын жалғастыру үстінде. Сонымен қатар, жыл сайынғы дәстүрлі өтетін Жамбыл облысы бойынша «Жастар мәселесі» басқармасы мен    ҚР ҚК Оңтүстік Өңірлік қолбасшылығы бірлесе өткізетін түрлі деңгейдегі әскери-саптық және әскери-спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.