Оқытушылар құрамы

O47A0206    

Кафедра құрамында 1 ғылым докторы, профессор, 2 ғылым кандидаты, доцент, 1 PhD, 4 аға оқытушы, 1 оператор қызмет атқарады.

  1. Бөлеев Қалдыбек 
  2. Байкулова Айгерим Мейрхановна
  3. Ажибаева Роза Елібайқызы
  4. Фатикова Назипа Ағламқызы
  5. Наурузбаев Дархан Мирзабекович
  6. Жакипова Айнура Руслановна
  7. Ускенбаева Джулдуз Аманкелдіқызы

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасында кафедра меңгерушісі – п.ғ.к., доцент, Елубаева Рахат Сайлаубекқызы.Сонымен қатар, кафедрада белгілі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бөлеев және п.ғ.к., д.м.а. Ж.Ускенбаева, д.м.а., PhD А.М. Байкулова, кафедраның аға оқытушылары Н.А. Фатикова, Р.Е. Ажибаева, Д.М. Наурызбаев, А.Р. Жакипова студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеуге баулып, студент-жастардың патриоттық тәрбиесіне де зор көңіл бөлінеді және университет, факультет көлемінде семинар-тренингтермен, конференциялар ұйымдастырып отырады.

       Кафедраның жетекші профессорлары мен доценттері облыстардағы университеттермен, мектептермен ғылыми-әдістемелік байланыс жасап, теориялық курстардан лекция оқиды, магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды, мектеп мұғалімдеріне ғылыми-теориялық және әдістемелік ақыл-кеңестер береді.Университет көлемінде куратор-эдвайзер жұмыстарын ұйымдастыруға және инновациялық оқыту әдістерін үйретуге кафедра ауқымды үлес қосуда. Студенттердің ғылыммен айналасуы, олимпиадаларға қатысуы, тәрбиедегі жетістіктері:

  1. 2017 жылдың 25-26 сәуірінде ТарПМИ-да өткен ҚР ЖОО-ы студенттерінің арасында «ХХІ ғасырдың креативті педагогі» І Республикалық педагогикалық олимпиадасының жүлдегерлері: БОПӘ-14-1 тобының студенттері Бохатай Гүлсім, Сайлау Сымбат, Жылқайдарова Еңлік АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды және «Білгірлер» байқауында креативтілігі үшін «Болашақ» тобы Дипломмен марапатталды.
  2. «ХХІ ғасырдың креативті педагогі» І Республикалық педагогикалық олимпиадасында жалпы командалық «Болашақ» тобы ІІІ орын иеленді.      
  3. БОПӘ мамандығының 2-курс студенті С.Сайлау VIII Республикалық студенттік конференцияда «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызметін дамыту ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, 2-орын алды (жетекші – оқытушы Байдәулетова Т.) және т.б.
  4. 2017 жылы өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық этно- ауыл көрмесінде «Би-даулет» өндірісінің жетекшісі Г. Турлумбетованың жетекшілігімен КО-15-1 тобының студенттері. Сарсенова Ж және Шынтас А. өздерінің қол өнер бұйымдарын паш етіп, Жамбыл облысының «Мәдениет саласы» мекемесінің алғыс хаттарымен марапатталды.
  5. Кафедраның оқытушылары және студенттер «Қарттар мерекесіне» орай қарттар үйінде концерттік бағдарлама мен қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. Қарттар үйі ризашылығын білдіріп ПОҚ-мен студенттерді алғыс хатпен марапаттады.
  6. Кафедраға қарасты 1-4 курс студенттеріне арнап п.ғ.д.,профессор Қ. Бөлеевтің жетекшілігімен «Ұлы Дала Елінде патриоттық тәрбие беру» атты тәрбие сағаты өткізілді. Нәтижесінде Қ. Бөлеев және филология мамандығының студенті Т.Сағадинов алғыс хатпен марапатталды.