Дөңгелек үстел

  

Заманауи білім беру бағдарламалары

2020 жылғы 20-21 ақпан аралығында КИМЭП Университетінде (Алматы қаласы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен академиялық тәжірибенің тиімділігі үшін кәсіби дағдыларды арттыру және дамыту мақсатында "халықаралық стандарт практикасының заманауи білім беру бағдарламалары: КИМЭП Университетінің тәжірибесі" тақырыбында екі күндік семинар өтті. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Таласбаева Мадина Ерқазықызы және Керімбай Айымжан Сатыбайқызы осы семинарға қатысты. Екі күндік оқыту нәтижесі бойынша семинардың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.

 

Республикалық пәндік олимпиаданың 2 кезеңі

2020 жылыдың ақпан айының 25-26 күндері аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Республикалық пәндік олимпиадасының 2 кезеңі өтті. Осыған орай біздің университетіміздің атынан «Шетел тілдері» кафедрасы 5В011900 Шетел тілі:екі шет тілі мамандығының 3 студенті қатысты. Олар: 3 курс - Акпанова Каршыга және Ли Кристина, 2 курс - Парпиева Зарина және Тасбауова Жанар жетекшісі аға оқытушы Момбекова Думан Қанатқызы. Олимпиаданы өткізу нәтижесінде біздің студенттер алғыс хаттармен оралды және студенттердің қатысқандығы үшін ТИГУ ректоры Е. Б. Саурықовқа жеке алғыстарын білдірді.

Корея мәдени фестивалі

2019 жылдың 21-22 жұлдызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қабырғасында корей ұлтының мәдениетіне арналған фестиваль өтті. Аталмыш іс-шара Алматы қаласындағы Корея мемлекетінің Бас Консулдығымен бірлесіп жасалған болатын.
Серіктес ЖООнан, мектептерден студенттер мен оқушылар қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарды Алматы қаласындағы Корея мемлекетінің Бас Консулы Ким Хынг Су мырза мен вице-консул Ли Джун Хо мырза, экономика және мәдениет саласындағы маман Чан Пен Хва мырза.
Барлығының сүйікті тобы MADNESS өз өнерін көрсетіп, көз айым болды, ал «Томирис» би мектебінің қыздары мың бұралып таң қалдырды. Қонақтар да құр қол қалмады, викториналар өткізіліп сыйлықтарға ие болды.

Нәтижелері төмендегідей:

[Шешендік өнер]

-Гран-при : Пиржанова Айсулу/ ТарГПУ, 4 курс студенті
-1-орын : Турсунбаева Жулдызай/ТИГУ, 3 курс студенті
- 2-орын : Югай Екатерина /ТИГУ, 1 курс студенті
- 3-орын : Пак Константин/ 40 мектеп, 7 сынып оқушысы

[К-поп сайысы]

 Би ;
- Гран-при : "Jitae" спорттық клубы

- 1 орын : Сейдилдаева Толганай, Серикбай Айсулу,   Кенес Алиман, Диханбаева Асылзат, Далабай Аружан, Кожанова Айгерим / ТИГУ, 4 курс студенттері
- 2-орын : Есмурат Аружан, Картайган Акбота, Сандыбаева Аружан, Мейркул Улбосын / ТИГУ, 2 курс студенті
- 3-орын : Самат Сабина, Каржау Жанель, Есиркен Акзер, Касым Аяулым, Камбарова Нурай, Есетова Дайана / 8 мектеп, 9 сынып оқушысы

[К-поп сайысы : ән ]

- 1-орын  : Кудайберген Саадат, Исмаил Гаухар/ ТИГУ, 2 курс студенттері
- 2-орын : Жабарова Дильназ, Толеген Фатима, Бакытжан Аружан / ТарГПУ, 1 курс студенттері
- 3- орын : Ягубова Миновар (31 школа 11 класс), Вон Екатерина (31 школа 11 класс), Ким Вероника (40 мектеп 11 сынып)

ТИГУ ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурыықов мырзаға, Алматы қаласындағы Корея мемлекетінің Бас Консулы Ким Хынг Су мырзаға, «Томирис» би мектебінің жетекшісі Тен Ирина Иннокентьевна ханымға сонымен қатар барлық қатысушыларға, атсалысқан адамдарға алғыс айтқымыз келеді.

Абай –дана, Абай- дара қазақта
Ұйымдастырушылар: «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Жанысбек А., Саржаев О., Керімбай., Ли Минжда.

Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Сабақтың көрнектілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, слайд.

1 жүргізуші: Құрметті оқытушылар және студенттер! Бүгінгі «Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудармашы, сазгер,дара ойшыл, кемеңгер. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист, қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

2 жүргізуші: Ал енді экранға назар аударайық. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.

1-студент: Ақнұр Абай – Ибраһим. Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
2-студент: Дәнекер Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
3-студент: Анель Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
4-студент: Асия Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
5-студент: Талшын Осы 4 жылдық медреседегі және 3 айлық орыс мектептеріндегі оқуды аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
6 студент: Нұрила Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
7 студент: Қаршыға 20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
8 студент: Арнай Абай – ақын. - Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

«Жігіт сөзі» – Дәурен «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» – Аида
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Дәулетқарий «Ғылым таппай мақтанба» - Аружан
«Қажымас дос халықта жоқ» - Асем-ай «Жастықтың оты жалындап» – Аяулым

2 жүргізуші: Көріп отырғандарыңыздай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер. - Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай
• Көзімнің қарасы

Ендігі кезекті әнге берсек.
«Көзімнің қарасы» әні Ділтан Дана, Төлекова Аяулым, Ким Татьянаның орындауында қабыл алыңыздар.
1 жүргізіші: Абай – ойшыл. - Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық
(Қаламқас - 12 қара сөз; Критина - 14 қара сөз; Камал – 24 қара сөз )
2 жүргізуші: Абай – аудармашы. - Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
1 жүргізуші: Абай Құнанбайұлы туралы ұлы ақындардың, жазушылардың ой-пікірлері қаншама. Соларды қысқаша айтып кетсек.
Мұхтар Әуезов атамыз былай деп айтып кеткен екен:
-Поэзияда, музыкада, қоғамдық- азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қаосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
2 жүргізуші: Міржақып Дулатов:
-Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөздері атадан балаға, немереден шөбереге үзілмеу сақталуын тілейміз. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндері біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
1жүргізуші:
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
2 жүргізуші: Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!