Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Бастауыш оқыту және психология кафедрасы

Sarybekova Janat Tulenovna

Аты-жөні: Сарыбекова Жанат Туленовна
Туған жылы, айы, күні: 04.06.1957 
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Математика 
Бітірген оқу орны: Жамбыл педагогтік институты
Университеттегі қызметі: Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д., профессор

«Бастауыш оқыту және психология кафедрасы» кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымының докторы, профессор Сарыбекова Ж.Т. өзінің докторлық диссертациясын «Қазақ халық педагогикасындағы қыз тәрбиесі» тақырыбында жазып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  2010 ж. 30 қыркүйегіндегі (№6 хаттамасы) шешімімен педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді.  Кандидаттық диссертациясын 2003ж. «Болашақ мұғалімдерді оқушы қыздарға қазақтың халық педагогикасы арқылы тәрбие беруге даярлау» тақырыбында қорғап, ҚР білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ж.Т.Сарыбекованың оқу-ағарту саласында қосқан еңбегі өлшеусіз екендігі даусыз. Жалпы, 90 – нан аса ғылыми мақалалары, 2 монографиясы, 3 оқу құралы, 35 оқу-әдістемелік нұсқауы жарық көріп, бүгінде Егеменді еліміздің жас өркен ұрпақтарын білім нәрімен сусындата отырып, елдің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақты тәрбиелеуде елеулі үлес қосуда. Облыстық телеарналардың бағдарламаларына білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды арқау ете отырып, бірнеше рет қатысқан.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., проф. Сарыбекова Ж.Т. 2008 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында «ЖОО үздік оқытушы иегері» мемлекеттік грантына ие болды,  «Ғылым жолы» республикалық ғылыми журналдың редакция алқасының мүшесі, ҚР  Білім және ғылым министрлігінің 21.11.2013ж. конкурстық комиссия отырысының хаттамасы негізінде  Қ.Сатпаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Күл-тегін, Д.Қонаев, М.О.Ауезов атындағы марапаттаулар мен ғылым саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындауда эксперттік топтың мүшесі, «Өрлеу» АҚ ҰБАО филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» педагогика және психология бағытында сынып жетекшілеріне «Қыздар тәрбиесіне  байланысты дәрістер оқиды.

Кафедра тарихы: 5В010300- «Бастауыш оқыту және психология кафедрасы» мамандығы бойынша студенттерді дайындау Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 2008 жылдан  жүргізіледі. Кафедра 01.09.2009ж. «Педагогика» деген атпен құрылған.  01.09.2014 ж. жүргізілетін пәндер санының және жүктеменің көбеюіне сәйкес,  «Педагогика» кафедрасы 2-ге бөлінді: «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі».

pedagogika psihologiaПрофессор-оқытушылар құрамы:
Сарыбекова Ж.Т. - п.ғ.д., профессор
Ким В.А. - п.ғ.д., профессор
Сарыбеков Қ-Д.Н. - п.ғ.к., доцент;
Нұрабаева Л.С.-  п.ғ.к., доцент;
Молдақасов Р.Б.-  п.ғ.к., доцент;
Мусаева  С.А. -  п.ғ.к., доцент;
Ходжагельдиева З.М. -  п.ғ.к., доцент, Әлеуметтік ғылымдардың қауымдастығы профессоры
Шокалакова С.Б. - педагогика магистрі
Сыдыкова Қ.Ө. – Әлеуметтік ғылымдардың қауымдастығының профессоры, педагогика магистрі
Тагаева С.А. - педагогика магистрі
Умеева Ш.Ж. -  Әлеуметтік ғылымдардың қауымдастығының профессоры, педагогика магистрі
Даникеева А.Б.- психология магистрі
Аязбаева М.С. - психология магистрі
Фатихова Н.А. - педагогика магистрі
Таджибаева Ж.С. - педагогика магистрі
Жумагулова А.Т. - педагогика магистрі


Кафедрада дайындалатын мамандықтар тізімі: 5В010300- Педагогика және психология.  Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне «Педагогика», «Психология» жалпы міндетті пәндерден дәріс береді.

Кафедраның ғылыми бағыттары:
Кафедрада «Жеке тұлға бойында адамгершілік рухани құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері»   тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы белсенді түрде жүргізіледі. Аталған тақырып № 0115 ҚР  00171 09.2013-06.2016ж. ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелген. Ғылыми ізденістің қорытындысы бойынша монографиялар жарық көрді: Ким В.А.: «Патриотическое сознание, убеждение, мировоззрение и личность (методология, теория, практика)». «Patriotic consciousness, conviction, outlook and personality (methodology, theory, practice)»2015 ж. Олардың нәтижесі оқу үрдісіне ендірілуде.

Кафедраның жетістіктері:
2014-2015  оқу жылында:  монография – 1, оқу құралы – 1, оқу-әдістемелік құрал -1,  әдістемелік нұсқау саны  – 3. Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектері - 80, оның ішінде: республикалық ғылыми журналға-2, халықаралық-60, республикалық конференцияларға-25 , ЖОО баспасына- 3,  шетел басылымдарына - 5.
2014-2015 оқу жылы п.ғ.д., профессор Ким В.А. «Патриотическое сознание, убеждение, мировоззрение и личность (методология, теория и практика)» монографиясы жарық көрді.
Ким В.А. «Постулаты о личности педагога», «Postulates on the indentity of the teacher» (әдістемелік құрал), Программа спецкурса «Педагогика духовно-нравственного и патриотического воспитания»», «Программа спецкурса «Психология духовно-нравственной  и патриотической  личности»» (бағдарлама), «Теория и методика духовно-нравственного воспитания школьников», «Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің теориясы және әдістемесі» (сынып жетекшісіне әдістемелік нұсқаулар). Сарыбекова Ж.Т.: «Қыздар тәрбиесі (оқу құралы)»
Ай сайын кафедрада «Педагогика және психология мамандығы бойынша ғылыми әдебиеттердегі теориялық және әдіснамалық сұрақтарды жетілдіру» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өткізіледі, оқу-әдістемелік жұмыстар мониторингі ұйымдастырылады. 03.12.2014ж. «Бүгінгі патриоттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыстық білім беру жүйесінің (колледждер, мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемесі, білім беру департаменті, ЖОО-лар) өкілдері белсенді қатысты.Аталған семинар жұмысының нәтижесі ретінде  ISBN 978-9965-37-341-3 оқу-әдістемелік құралы баспадан шығарылды.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру:  
2014-2015 оқу жылында – 12 оқытушы біліктілігін жоғарылатты. П.ғ.к. Сарыбеков Қ-Д.Н.  «Қазақ психологтар қауымдастығы» орталығында  «Психолог қызметінде кездесетін мәселелердің алдын- алу» тақырыбында, Жұмағұлова А.Т. «Қазақ психологтар қауымдастығы» орталығында  «Психолог қызметінде кездесетін мәселелердің алдын-алу» тақырыбы бойынша және кафедраның 10 оқытушысы ТарМУ-нің ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, псх.ғ.д., С.Қ.Бердібаеваның  «Қазіргі жаңа психологияның методологиялық, теориялық және практикалық мәселелері – әлемдік психологиялық конгресстер мысалында» атты семинар –тренингіне қатысып  біліктілігін көтерді.

Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары: 
Тараз қаласының колледждері:  «Тараз-Ғасыр» колледжі, Көпсалалы колледж «Астана»,  «Білім» кәсіби-гуманитарлық-техникалық колледжі;
Тараз қаласының мектептері мен гимназиялары: Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы-түзету мектеп интернаты, А. Пушкин атындағы №41 гимназия, № 5 мектеп-гимназия, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия, № 8 Толе би атындағы гимназия, № 47 орта мектебі, № 48 орта мектебі, № 32 орта мектебі, № 38 орта мектебі, Шайқорық орта мектебі, № 54 орта мектебі, № 44 орта мектебі;
Тараз қаласының балабақшалары: ЖШС «Сағи-Жарқын», № 15 балабақша.

Бағдарлама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ- ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

Тараз инновациялық- гуманитарлық

университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор

___________________________Е.Б.Саурықов

«_____»_________________2015 ж./г.

 

 

 

БАКАЛАВРИАТ

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 5В010300 «Педагогика и психология»

МАМАНДЫҒЫ 5В010300 «Педагогика және психология»

SPECIALITY 5В010300 «Pedagogy and psychology»

ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА

 

 

 

 

ТАРАЗ - 2015

 

Модульдік білім беру бағдарламасының құрылымы

  1. 1.Білім беру бағдарламасының атауы:

5В010300 «Педагогика және психология»

  1. Білім беру бағдарламасының деңгейі: бакалавр
  2. Білім беру бағдарламасының паспорты:

3.1 Біліктілікпенлауазымдар тізбесі.

            5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген түлекке білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

            Біліктілік және лауазымдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.02.2008ж. №61- бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады.

3.2 Білім беру бағдарламасының біліктілік сипаттамасы:

3.2.1 Кәсіби қызмет саласы:

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жобалау 5В010300- Педагогика және психология» мамандығы бакалавры; тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін психологиялық- педагогикалық тұрғыда зерттеу; білімгерлердің жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларын жасау болып табылады.

3.2.2 Кәсіби қызметінің обьектілері:

5В010300- «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызметінің обьектілері болып табылады:

            - мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері;

- жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, соның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын комплектілі мектептер, санаторилік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі;

- арнайы түзету мекемелері (ақыл- ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арнал,ан сыныптар мен мектеп- интернаттар);

- бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер);

- орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж, училищелер).

3.2.3 Кәсіби қызметінің пәні:

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалврының кәсіби қызметінің пәндері болып табылады: оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары; Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен психиканың тұлғалық және когнитивтік аймақтарын зерттеу; тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыру.

  1. 2.4 Кәсіби қызметінің түрлері

- ұйымдастырушылық- технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу тәрбие процесін ұйымдастыру);

- өндірістік және басқару ( «субьект- субьектінің» өзара әрекеті);

- жобалау (жалпы білім беретін орта мектептегі білім беруді модельдеу);

- ғылыми- зерттеу (түрлі ғылыми- зерттеу ұйымдарындағы ғылыми- зерттеу жобаларын модельдеу және жүзеге асыру, ұйымдастыру);

- білім беру (психология және педагогиканы оқыту, мамандарды дайындау және қайта дайындау).

  1. 2.5 Кәсіби қызметінің функциялары:

- оқушылардың субьектілік іс- әрекеттерін ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасуы мен даму процесін басқару;

- оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жасауға атсалысу;

- білім беру мекемелерінде педагогикалық процесті ұйымдастыруға психологиялық- педагогикалық көмек көрсету;

- әлеуметтік бейімделуге кедергі тудыратын жағдайлардың алдын алу;

- ата- аналардың психологиялық- педагогикалық сауатын ашу.

3.2.6 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері:

- оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;

- отандық және әлемдік стандарттардың талаптарына сәйкес білім берудің сапалық деңгейін көтеру;

- озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны тәжірибелік іс- әрекетке ендіру;

- педагогика және психология саласында ғылыми- зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу.

4. Білім беру бағдарламасындағы бітірушінің білім, білік , дағдылары:

5В010300- Педагогика және психология мамандығы білім бакалаврының педагогикалық процестің даму заңдылықтары туралы түсінігі болуы қажет.

білуі керек:

Қазақстан Республикасының Коституциясын, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын, «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқыңы туралы» және басқа да білім беруне қатысты нормативтік- құқықтық аспектілерді, педагогика және психологияның негіздерін.

     қолдана білуі қажет:

педагогика мен психологияның теориялық жағдайларын кәсіби –іс әрекеті тәжірибе жүзінде.

дағдыларды меңгеруі қажет:

білім беру мекемелерінде педагогикалық процесті және психологиялық іс- әрекетті ұйымдастыру, оқу- тәрбие шараларының жоспарларын,жобаларын, бағдарламаларын жасап оларды мектепке дейінгі, жалпы орта, бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім беру мекемелерінде жүзеге асыру.

құзыретті болу қажет:

білім беру сапасын жақсарту мен көтеру, психологиялық –педагогикалық мәселелерді шешуде.

5. Оқу нәтижелері

Оқу нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторы негізінде анықталады. Осыған байланысты оқыту нәтижелерінің бес түрі белгілі болды:

УО 1- білу және түсіну (озық білім білім беру элементтерін қоса отырып, зерттеу аймағында білімін көрсету );

УО2- білімі мен түсінуін қолдану (осы білімдерін кәсіби деңгейде қолдану)

УО3- пайымдаулар жасау(зерттеу аймағында мәселерді шешу және дәлелдерді тұжырымдау);

УО4- коммуникативтік дағдылар (әлеуметтік, этикалық және ғылыми мәселелерді қоса пайымдаулар жасау үшін ақпарат жинау және түсіндіру)

УО5 -  оқуға деген қабілет және дағдылар (мамандарға және маман еместерге де идея, мәселелер және оларды шешу жолдарын хабарлау)

6. Білім беру бағдарламасының оқу нәтижелері (құзыреттері):

6.1 5В010300 - Педагогика және психология- құзыреттер тізімі

Құзыреттілік тәсіл әдістері белсенді және тиімді түрде әлемнің әр мемлекетінде қолданылады және де «Болон үрдісінің » аясында аса маңызды негіз болды.

Бітірушінің жалпы құзыреттілігі жалпы білім беруге деген талаптардың негізінде қалыптасады, әлеуметтік – этикалық құзыреттіліктер, экономикалық және басқару- ұйымдастыру құзыреттіліктер, арнайы және басқа да құзыреттіліктерге байланысты.

 

Құзыреттер атауы және шифры Құзыреттер түрлері және шифры

Құзыреттердің мақсат- міндеттері және шифры


1.Базалық (ЖБП блогы)
1.1 Дүниетанымдық

1.1.1 Дәлелдерге негізделген   тұжырымдамалар мен мәселелер арқылы әлемді түсіндіретін әдіснамалық және білім негіздерін кәсіби міндеттерді шешуде қолдана білу;

1.1.2 Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық мәселелерді талдау және түсіну қабілеті;

1.1.3 Интеллектуалды, мәдениетті, адамгершілікті және кәсіби өзін- өзі дамыту және өзін- өзі өсіруге байланысты анық әрі ойлауы дұрыс, негізді ауызша және жазбаша сойлеуін дамыту қабілеті

1.1.4 Ойлаудағы толеранттылықты қалыптастыруға қабілетті

1.1.5 Тарихи үрдістерді анықтауға, этникалық сананы қалыптастыруға, мәдениет пен дәстүрді сақтауға қабілетті;

1.1.6 Саяси құбылыстар мен процестердің формалары және   құрылымдық талдаудан,саяси жүйелер мен құбылыстарды құрылымдық- функционалдық талдауға қабілетті.

1.1.7 Әлемде және елімізде болып жатқан әлеуметтік - экономикалық жағдайларды талдау және бағалауға қабілетті және белсенді азаматтық қалыптастыру;

1.1.8 Кәсіби міндеттерді орындауда гуманитарлық және әлеуметтік- экономикалық   ғылымдардың әдістемесі мен негізгі ережелерін қолдануға қабілетті;

1.1.9 Діни дүниетанымдық сананы қалыптастыруға қабілетті;

1.1.10 Саяси үрдістерді жүйелі қабылдауды қалыптастыруда құзыретті болу;

1.1.11 Сыни тұрғыда ойлау мәдениетінде, тұжырымдауға, талдау жасауға, ақпаратты қабылдауға қабілетті, мақсат қоя білуге және де жетістікке жету жолын таңдай білуге құзыретті болу;

1.1.12 Өзге елдер мен халықтардың мәдениеті мен салт- дәстүрін қабылдауға дайын,ұлттық, расалық, конфессионалдық ерекшеліктерге төзімділікпен қарау,туризм саласындағы мәдениетаралық коммуникация қабілеті.

1.1.13 Адам мен адам арасындағы, қоғаммен, қоршаған ортамен қарым- қатынасты, мемлекеттің әлеуметтік саясатын есепке ала отырып реттейтін     этикалық және құқықтық   нормаларды сақтауға дайын.

Құқықтық- әлеуметтік

1.2.1 Қоршаған орта мен тұрақты дамуды қорғауға ,экологияның аса маңызды және күрделі мәселелерін талқылауда кешенді түрде шынайы және шығармашылық қатынас жасауға қабілетті.

1.2.2 Антропогендік экологиялық және табиғи процесстерді анықтау мен талдауға және оларды реттеудің мүмкін жолдарын реттеуге қабілетті

  1. 2.3 Басқарудың дәстүрлі формалары және биосфераның тұрақтылығын сақтау мақсатында жүйелі өзгертуге бағытталған адамзаттың тұрақты даму стратегиясы мен қазіргі концепцияны түсінуге қабілетті
  2. 2.4 Өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын түсінуге, кәсіби қызметті атқаруда жоғары мотивацияны игеруге қабілетті

1.2.5 Әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың әдістері мен негізгі ережелерін қолдануға, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талдауға қабілетті.

1.2.6 Оқыту әдістемесін меңгеруге және тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін түсінуге байланысты педагогика және психологияның базалық білім   негіздерін игеру керек.

1.2.7 Салауатты омір салты негіздерін ұстану керек.

1.2.8 Мінез - құлық ережелерін, мәдениет және психологиялық негіздерді, іскерлік этиканын талаптарын сақтау керек.

1.2.9 Өз қызметінде құқықтық нормативті құжаттарды қолдана алу қабілеттілігі

1.2.10 Табиғат заңдылықтарында, табиғатты   пайдаланудың басты міндеттерін және   қоршаған ортаны қорғау мен оған қамқорлық жасаудың мақсатқа бағытталуы, экологиялық процесстерді талдауға қабілетті, нақты экологиялық міндеттерді шешуде құзыретті болу.

1.2.11 Адамның өмір қауіпсіздігі негіздерін ұйымдастыруда құзыретті болу қажеттігі, тұрмыста төтенше жағдайларда және алғашқы көмек көрсету,  

өмір қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінде құзыретті болу.

1.2.12 Тірі ағзалардың функционалды негізгі заңдылықтарын, әр деңгейдегі экожүйелерді, биосфера және тұрақты дамуды қалыптастыруда   құзыретті болу.

1.2.13 Адам қызметіндегі биосфера компоненттері арасындағы өзара байланыс заңдылықтары,     экологиялық зардаптар туралы білімдерді, әсіресе табиғатты пайдалану жағдайларында қалыптастыруда құзыретті.

1.2.14 Тарихи мұра мен мәдени дәстүрлерге деген қамқорлық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді толерантты түрде қабылдауға   дайын болу.

1.3

Тілдік- мәдени

1.3.1 Лингвистикалық құбылыстар мен фактілерді бағалауға қабілетті

1.3.2 Практикалық міндеттерді шешуге байланысты тілдік теорияны(лингвистиканың базалық түсініктерін, тілдің құрылымы туралы білімдерді) қолдануға қабілетті

1.3.3. Тақырыпқа байланысты, қарым- қатынас жағдайларына байланысты, мектепке арналған, оқытылып отырған тілге байланысты құбылыстарды, ана тілінде ой толғауларға байланысты жаңа тілдік құралдарды   меңгеру

1.3.4 Сөйлеу қызметінің негізгі төрт түріне (сойлеу, аудирование, оқу, жазу) байланысты коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда құзыретті болу

1.3.5 Жетілген сөйлеу қызметінің шарты ретінде тіл байлығын меңгеру.

1.3.6. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өз бетінше тілді және мәдениетті игерудің құралдары мен әдістерімен таныстыру, жалпы және арнайы оқу дағдыларын одан әрі жетілдіру.

1.3.7 Тілдік бірліктерді сауатты қолдану дағдыларын меңгеру

1.3.8.Сөздіктермен жұмыс жасау және көркем жазу дағдыларын меңгеру.

1.3.9 Ұлтаралық қатынастың, орыс тілінің сойлеу этикеті нормаларын меңгеру

   

Ақпараттық

1.4.1 Информатика және заманауи геоақпараттық технологиялар саласындағы базалық білімдерінің болуы, бағдарламалық құралдарды және компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, деректер базасын құра білу және Интернет ресурстарын қолдану, ГАЖ-технологияларын меңгеру; кәсіптік және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін түрлі көздерден түскен ақпаратпен жұмыс істей білу;

  1. 4.2 Заманауи ақпараттық қоғамды дамытуда ақпараттың мәні мен маңызын түсіну, бұл үдерісте туындайтын қауіптер мен қатерлерді түсіну, ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде мемлекеттік құпияны қорғаудың негізгі талаптарын сақтау;

  2. 4.3 Ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеудің негізгі әдістерін, амалдарын және құралдарын меңгеру, компьютермен ақпаратты басқару құралы ретінде жұмыс істеу дағдыларының болуы;

  3. 4.4 Кәсіптік қызметті жетілдіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;

  4. 4.5 Ақпаратты жалпылау, талдау, түсінуге, мақсатты қоюға және оған қол жеткізу жолдарын таңдауға қабілетті;

  5. 4.6 Ойлану мәдениетін меңгеру, ақпаратты түсінуге жалпылауға, экономикалық талдауға, мақсатты қоюға және оған қол жеткізу жолдарын таңдауға қабілетті;

  6. 4.7 Ұйымдастырушылық-басқарушылық және экономикалық шешімдерді таба білуге, оларды іске асыру алгоритмдерін әзірлеуге қабілетті және олардың нәтижелері үшін жауапкершілікті көтеруге дайын;

  7. 4.8 Ұйымдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен үдерістерді анықтауға және талдауға қабілетті;

  8. 4.9 Түлектерді дайындау сапасына, еңбек жағдайына және кәсіптік қызметтің түрлеріне қойылатын талаптардың өзгеруінде қажеттілік тудырған экономиканың жаңа тұрпатын анықтай білу;

  9. 4.10 Мәселелерді шеше білу, тәуекелдерді бағалай білу және стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдау білу;

  10. 4.11 Өзінің кәсіпік құзыретінің аясында өз бетінше жұмыс істеуге, шешімдерді қабылдауға дайын;

Ақпараттық технологияларды қарқынды дамыту;

2. Маңызды (БД блогы)

2.1 Жалпы кәсіптік

2.1.1 Психологтың аналитикалық және логикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған санаттар мен әдістер жүйесін талдауға қабілетті.

2.1.2 Фило-онтогенезде адамның өмірлік әрекетінің жастық, анатомиялық және физиологиялық параметрлерді ескере алады;

2.1.3 Білім беру жүйесін, педагогикалық қызметті ұстауды, елде және шетелде педагог-психологтарды дайындау тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарын жүйелендіре біледі;

2.1.4 Психологиялық феномендерді талдай біледі және шетелдік және отандық амалдардың позициясынан психиканың қызмет ету және даму заңдылықтарын зерделеу және сипаттау әдістерін қолдана біледі;

2.1.5 Психиканың оқудағы және тұлға мен топтың туындауындағы жосықтары мен көріністеріндегі этникалық ерекшеліктерін түсіне және бағалай біледі;

2.1.6 Адам мен топтың психологиялық қасиеттері мен жағдайларын анықтауды және түзетуді жүзеге асыра біледі.

2.2 Когнитивтік (тәртіптің жалпы негіздері)

2.2.1 Рефлексияның, өзін-өзі оңалтудың және тұлғалық өзін-өзі түзетудің психотехнологияларын меңгерген.

2.2.2 Эволюция үдерісінде психиканың туындау және дамуының психологиялық теорияларын талдай алады;

2.2.3 Адамның социумда психикасының қылықтарындағы және көрінісіндегі жастық ерекшеліктерді жүйелей алады;

2.2.4 Адамның психикалық өмірлік әрекетін үйлестіру мақсатында танымдық және тұлғалық саланың даму деңгейіне және ерекшеліктеріне кәсіби әсер ете алады;

2.2.5 Адам дамуының антропометриялық параметрлерін біледі;

2.2.6 Жастық кезеңдерді, даму дағдарыстарын және тәуекел факторларын, оның гендерлік топқа тиістілігін ескеріп, адамның психикалық қызмет ету спецификасын анықтай алады;

2.2.7 Социумда пікір алмаса, сендіре, коммуникативтік байланыстарды жүзеге асыра алады.

2.3 Қызметтік (тәжірибелік бағдарланған қызмет)

2.3.1 Білім берудегі тәжірибелік сипаттағы үлгілік міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін психологиялық технологияларды қолдана біледі;

2.3.2 Психологиялық жеке және топтық кеңес беруді ұйымдастыра және жүзеге асыра алады;

2.3.3 Психологияның қолданбалы салаларында жалпы кәсіптік білімдер мен ептілікті қолдану негізінде әлеуметтік мәселелердің психологиялық зерттеулерін жүргізе алады;

2.3.4 Ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білімдер мен ептілікті, оның ішінде білімнің жаңа салаларындағы, білімдер мен ептілікті өз бетінше меңгере алады және тәжірибелік қызметте қолдана алады;

2.3.5 Гносеология, әдістеме және психология саласындағы білімге, ақпаратты басқару ептіліктері мен дағдыларына ие, психолого-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыра алады.

3.Арнайы (ПД блогы)

3.1 Когнитивтік (талдау, жоспарлау)

3.1.1 Индивидтің нормадағы жән патологиядағы қызметтің алуан түрлеріндегі психикалық көріністерінің диагностикасын, профилактикасын, коррекциясын, сараптамалардың негізгі амалдарын меңгерген;

3.1.2 Тұлға қызметінің алуан түрлерінің психодиагностикасының когнитивтік саласының, қасиеттерінің және жағдайларының негізгі амалдарын меңгерген;

3.1.3 Отбасылық мәселелерді шешуде көмек көрсетудің психологиялық әдістеріне ие;

3.1.4 Психиканың және жұмыста қолданудың психофизиогномикалық көріністерін анықтай біледі;

Бала жасында психикалық көріністердің ерекшеліктерінің ағуын біледі

3.1.5 Кәсіптік өзін-өзі анықтауға және мамандықты таңдауға байланысты психологиялық мәселелерді шеше біледі;

3.1.6 Индивид пен топтың психикалық қызметін оңтайландыру жөніндегі стандартты түзету, оңалту және оқыту бағдарламаларын іске асыру кезінде дидактикалық амалдарды қолдана біледі;

3.1.7 Психоталдаудың, психодраманың, билеу терапиясының техникаларын меңгерген;

3.1.8 Психиканың дифференциалды көріністерін ажырата және оларды тәжірибелік жұмыста ескере біледі;

3.2 Акмеологиялық

3.2.1 Келесі мәселелерді шешуге бағытталған акмеология негіздерін игерген: өзіңді өзің қалайша белсендендіруге болады, өмірде қалай жетістікке жетуге болады, адам өмірінің мәні және тағайындамасы неде, тұлғалық ақиқат пен өзіңнің жолың қайда және оларды қалай табуға болады;

3.2.2 Ауызша және жазбаша тілді логикалық дұрыс құруға қабілетті.

3.3 Креативті

3.3.1 Басқарушылық қызметтің теориялық негіздерін, кәсіби қызметті қайта құру, авторлық новаторлық идеяларды іске асыру, стандартты емес және баламалы шешімдерді табу, идеяны тудыруға қабілетті болу ептілігін және дағдыларын игерген;

3.3.2 Критикалық ойлау әдістемесін меңгерген;

3.3.3 Дивергентті ойлау және мәселеледі жаңа амалдарымен шешу әдістемесін біледі.

3.4 Қызметтік (тәжірибелік бағдарланған)

3.4.1 Социумда жанжалды жағдайлар профилактикасы мен шешу техникасын қолданады;

3.4.2 Аталған зерттеулерді математикалық-статистикалық аппараттың көмегімен алады, өңдейді және түсіндіреді;

3.4.3 Заманауи үлгілерді жүйелейді және оқытудың инновациялық технологияларын, интерактивтік әдістерін қолданады;

3.4.4 Индивидке, топқа, ұйымға психотехнологияларды қолданып психологиялық көмек көрсетудің стандартты базалық рәсімдерін жүзеге асырады;

 

     Құзыреттер, жұмыс берушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарының талаптарын ескеріп, жоғары білімнің әрбір мамандығы бойынша кәсіптік стандарттардың негізінде әзірленеді.

6.2 Оқыту нәтижелерін компетенция деңгейлері бойынша реттеу (мысалы)

Компетенция мақсаты мен бағытының шифры

Білім деңгейіне (+) сәйкес компетенцияларды меңгеру (оқыту нәтижелері)

ОД1

ОД2

ОД3

ОД4

ДО5

1.1.1

+

+

+

+

+

1.1.2

+

+

+

+

+

1.1.3

+

+

+

+

+

1.1.4

+

+

+

+

+

1.1.5

+

+

+

+

+

1.1.6

+

+

+

+

+

1.1.7

+

+

+

+

+

1.1.8

+

+

+

+

+

1.1.9

+

+

+

+

+

1.1.10

+

+

+

+

+

1.1.11

+

+

+

+

+

1.1.12

+

+

+

+

+

1.1.13

+

+

+

+

+

1.2.1

+

+

+

+

+

1.2.2

+

+

+

+

+

1.2.3

+

+

+

+

+

1.2.4

+

+

+

+

+

1.2.5

+

+

+

+

+

1.2.6

+

+

+

+

+

1.2.7

+

+

+

+

+

1.2.8

+

+

+

+

+

1.2.9

+

+

+

+

+

1.2.10

+

+

+

+

+

1.2.11

+

+

1.2.12

+

+

+

+

+

1.2.13

+

+

+

+

+

1.2.14.

+

+

+

+

+

1.2.15

+

+

+

+

+

1.3.1

+

+

+

+

+

1.3.2

+

+

+

+

+

1.3.3

+

+

+

+

+

1.3.4

+

+

+

+

+

1.3.5

+

1.3.6

+

+

+

+

+

1.3.7

+

+

+

+

+

1.3.8

+

+

+

+

+

1.3.9

+

+

+

+

+

1.4.1

+

+

+

+

+

1.4.2

+

+

+

+

+

1.4.3

+

+

1.4.4

+

1.4.5

+

+

+

1.4.6

+

+

+

+

+

1.4.7

+

+

+

+

+

1.4.8

+

+

+

+

+

1.4.9

+

+

+

+

+

1.4.10

+

+

+

+

+

1.4.11

+

+

+

+

+

2.1.1

+

+

+

+

+

2.1.2

+

+

2.1.3

+

+

2.1.4

+

+

+

2.1.5

+

+

+

2.1.6

+

+

+

2.2.1

+

+

+

2.2.2

+

+

+

+

+

2.2.3

+

+

+

+

+

2.2.4

+

+

+

2.2.5

+

+

+

2.2.6

+

+

2.2.7

+

+

+

2.3.1

+

+

2.3.2

+

+

+

2.3.3

+

2.3.4

+

+

+

2.3.5

+

+

3.1.1

+

+

+

+

+

3.1.2

+

+

+

+

+

3.1.3

+

+

3.1.4

+

+

+

3.1.5

+

+

3.1.6

+

+

+

3.1.7

+

+

+

3.1.8

+

+

+

+

3.2.1

+

+

+

3.2.2

+

+

+

+

+

3.3.1

+

+

3.3.2

+

+

+

3.3.3

+

+

+

3.4.1

+

+

+

+

+

3.4.2

+

+

+

3.4.3

+

+

+

+

+

3.4.4

+

+

+

+

+

 

7. Жоғары білім 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары

 

Пән циклі

Пән коды

Пәндер атауы Кредит саны Семестр Бақылау түрі
1 2 3 4 5 6
ЖБП Жалпы білім пәндері 33
МК Міндетті компонент 33
IK 1101 Қазақстан тарихы 3 1 Мелекеттік емтихан
Inf 1102 Информатика 3 1 емтихан
OBJ1103 Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері 2 1 емтихан
Soс 1104 Әлеуметтану 2 1 емтихан
EUR 1105 Экология және тұрақты даму 2 1 емтихан
K (R)Ya1106 Қазақ (орыс) тілі 6 1-2 емтихан
IYa 1107 Шетел тілі 6 1-2 емтихан
ОЕТ 2108 Экономикалық теория негіздері 2 3 емтихан
OP 2109 Құқық негіздері 2 4 емтихан
Pol 2110 Саясаттану 2 4 емтихан
Fil 2111 Философия 3 4 емтихан
ТБК Таңдау бойыша компонент
БП Базалықпәндер 64
МК Міндетті компонент 20

РК (R) Ya

3201

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі 2 5 емтихан

POIYa

3202

Кәсіби бағдарланған шетел тілі 2 5 емтихан
VPPP 1203 Педагогикалық-психологиялық мамандыққа кіріспе 1 1 емтихан
Ped 2204 Педагогика 3 3
Etn 2205 Этнопедагогика 2 4 емтихан
PRCh 1206 Психология және адам дамуы 3 2 емтихан
Sam 2207 Өзін-өзі тану 2 3 емтихан
VFShG 2208 Жас ерешелік физиология және мектеп гигиенасы 2 3 емтихан
MPP 3209 Психологияны оқыту әдістемесі 3 6 емтихан
ТБК Таңдау бойыша компонент 44
БП Бейіндік пәндер 32
МК Міндетті компонент 5
TMVR 3301 Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі 2 6 емтихан
MPP 3302   Психологияны оқыту әдістемесі 3 6 емтихан
ТБК Таңдау бойынша компонент 27  
                 БАРЛЫҒЫ: 129  
ОҚТ Оқытудың қосымша түрлері  
КП Кәсіптік практика Кем емес-20*
Оқу есеп
Өндірістік есеп
Дипломалды есеп
ДШ Дене шынықтыру 8
ҚА Қорытынды аттестация 3
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан 1 8
  Диплом жұмысын (жобасын) жазу және қорғау 2 8
БАРЛЫҒЫ: Кем емес-160

Ескерту :

1) Оқу жоспарында пән кодтары бірыңғай жүйеде қолданылады. Оқу жоспарына сәйкес әр пәнге код беру әріп белгісінде қарастырылған (үш немесе төрт латын алфафитінің бас әріптерімен) және сандармен (төрт таңбалы санның, бірінші тұрған сандық белгісі қай курста оқитынын білдіреді, екіншісі оқу пәніне қатысты циклды көрсетеді, ал үшінші және төртінші сандық белгілер мамандықтың цикл көлемінде пәннің реттілігін) білдіреді.

2) *Кредиттер 6 кредиттен кем емес мөлшерде, практика түріне байланысты университеттің өзі тарапынан бөлінеді.

3) Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда ЖОО құқылы:

- Кәсіптік оқу бағдарламаларын дамыту логикасын бұзбай пәнді оқытуды бір семестірден басқа семестрге ауыстыруға;

- Оқытудың қосымша түрлері арқылы міндетті компонент пәндерінің көлемін арттыруға;

         - Дербес алғышарттарды ескере отырып, практиканың өту мерзімін белгілеуге.

 

Бағдарламаны  - Толықтай көру

 

 

 

Дәрежелер

5В010300- «ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

11

 

22

 

33

 

44

 

55

 

66

 

77

 

Жұмыс берушілер пікірі

Жұмыс берушілердің пікірі

 

1

 

2

Келісім шарттар

1 1

 

Жұмыс берушілермен келісім

 

2 2

 

3 3

 

4 4

Қосымша

Қосымша ақпарат туралы мәліметті - толықтай көру

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер