Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

«Филология» кафедрасы

Elubaeva Rahat

Аты-жөні: Елубаева Рахат Сайлаубекқызы
Туған жылы, айы, күні: 21.01.1976
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Бітірген оқу орны: Жамбыл педагогикалық институты
Университеттегі қызметі: «Филология» кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми атағы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедраның меңгерушісі:
Елубаева Рахат Сайлаубекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. 
Р.С.Елубаева 1997 жылы Жамбыл  педагогикалық институтын үздік аяқтап, 1997-2000 жылдар аралығында ТарМУ-да аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алып, 2000 жылы ғылыми кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады.  2000-2004 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында  доцент міндетін атқарушы қызметін,  2004-2008 жылдар аралығында А. Яссауи атындағы ХҚТУ ТИ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.  2008 жылдан  Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасының  меңгерушісі.
Бүгінгі таңға дейін Рахат Сайлаубекқызының 70-тен аса ғылыми, оқу-әдістемелік және әдеби-шығармашылық еңбектері жарық көрген. Оның ішінде 1монография, 2 оқу құралы, 10-нан аса оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың, 60-тан аса ғылыми мақалалардың авторы.

Кафедра тарихы:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жаңадан ашылуына байланысты  2008-2009 оқу жылында университет ішінде «Тілдер» кафедрасы құрылды. Ал 2009-2010 оқу жылында университет құрылымындағы өзгерістерге байланысты «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2010-2011 оқу жылында «Филология» кафедрасы болып қайта құрылды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:
Қазіргі таңда, кафедра құрамында 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 1 магистр аға оқытушы, 1 магистр оқытушы, 1 оператор қызмет атқарады.

Кафедрада дайындалатын мамандықтар тізімі:
«Филология» кафедрасы: «5В011700–Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В020500–Филология» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Мамандар дайындау күндізгі және сырттай оқыту түрлері арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап кафедрада «6N0117–Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистрлер даярлау жұмысы жүргізіліп келеді.

Кафедраның  ғылыми  бағыты: Кафедраның оқытушылары «Филология ғылымдарының өзекті мәселесі» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Кафедраның жетістіктері:
 «Филология» кафедрасында республикаға танымал белгілі ғалымдар жұмыс істейді. Кафедраның профессор-оқытушылары жоғары импакт-фактор көрсеткішіне ие халықаралық басылымдарда,  халықаралық конференцияларда, алыс  шетелде, ТМД  өткізілген конференцияларға, республикалық конференцияларда, облыстық, республикалық журналдарда  мақала жариялап отырады. Атап айтқанда, Е.Б. Саурықовтың  «International journal Languages and Linguistics    30 october    2014, The International  Symposium  on Silk Roud Economic Belt     Collected papers», А. Кәрібаеваның Канадада «The 10th International Conference on  European Science  and  Technology», Р.С.Елубаева мен Қ.Ө.Тамабаеваның «Sh. Murtasa’s publicity and sayings are about independence» мақаласы жарық көрсе, кафедраның профессор-оқытушылары құрамының 6 монографиясы, 17 оқулығы,16 оқу құралы,16 сөздік, 2 хрестоматия,17 оқу- әдістемелік құралы, 15 оқу бағдарламасының, 613 ғылыми мақалалары ғылыми айналымда.
2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 5 жыл толуына байланысты  кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.С.Елубаева, ф.ғ.к., доцент А.Бельботаев,  ф.ғ.к., доцент Қ.Тамабаева,  ф.ғ.к., доцент Э.К.Пертаева медальмен марапатталды.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру: Сонымен бірге кафедраның профессор-оқытушылары заманға сай инновациялық жаңалықтардан қол үзбеу мақсатында біліктіліктілігін жоғарылату курстарына қатысып отырады. Атап айтқанда, Е.Б.Саурықов 2005 ж ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының сертификаті иегері, 2006 ж  ҚР БЖҒМ  министр Б.Әйтімовадан берілген сертификаті иегері, 2010 ж  ҚР БЖҒМ «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» РМҚК сертификаті иегері, кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Р.С.Елубаева, ф.ғ.к., доцент Р.А.Беркенова АИС «Платон» (Platonus)  қолданушының толық курсын өтіп, квалификациялық емтиханды тапсырды.
Р.С.Елубаева Heilbronn университеті мен М.Х.Дулати ат. мемлекеттік университеті біріктіріп өткізген семинар-тренингке қатысты.
Беркенова Р. "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалында  Elsevier  жетекшілігімен  өткен семинарға қатысып, біліктілігін жоғарылатты.

Әріптестік  туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары: Кафедраның жетекші профессорлары мен доценттері облыстардағы университеттермен, мектептермен  ғылыми-әдістемелік байланыс жасап, теориялық курстардан лекция оқиды, аспиранттар мен ізденушілердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды, мектеп мұғалімдеріне ғылыми-теориялық және әдістемелік ақыл-кеңестер береді.  Кафедра ұжымы Қырғызстан Республикасының Чу университетімен, Қырғызстан Республикасының Әлеуметтік даму және кәсіпкерлік институтымен,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Көкшетау қаласының «Көкше» академиясымен, Тараз қаласының № 36, № 38, №55 орта мектептерімен тығыз әріптестік байланыста.

Мекен-жайы: Желтоқсан к-сі 69 Б
Тел: 87262 57-11-22
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер