Кафедра мамандықтары

КАФЕДРА МАМАНДЫҚТАРЫ

   

5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»мамандығы бойынша бітіруші түлекке, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры төмендегі қызметті атқаруға әзірленеді:

-мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;

-педагогикалық колледж оқытушысы;

-білімді басқару департаментінде жетекші маман;

-педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институтында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман.

5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы:

 Маманның кәсіби әрекеті сәби, мектепке дейінгі және мектепалды дайындық топтарындағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуға бағытталған. Түлек педагогикалық, ұйымдастыру-басқару, білім беру әрекеттеріне дайын болуы керек. Қазіргі қоғам талаптарына сәйкес маманның жоғары кәсіби дайындығы жалпы адамзат құндылығына бағдарланған, гуманистік сенімі болуы керек.

5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы:

Бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері – оқу іс-әрекетінде оң мотивтері мен біліктерін қалыптастыруға бағдарланған оқу жазу, есептеу, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірбесінің берік дағдыларын алуға, шығармашылық өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, жүріс-тұрыс мәдениетіне, тұлға гигиенасының негіздерін және салауатты өмір салтын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын игеру үшін негіз жасайтын білім берудің алғашқы сатысында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу.

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша баклаврлар төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады:

-                     ұйымдастырушылық – тенологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);

-                     педагогикалық процесті басқару («субъект-субъект» өзара әрекеті);

-                     жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді жобалау);

-                     ғылыми-зерттеу (озық педагогикалық тәжірибені ғылыми негізде зерттеу, жинақтау, тарату);

-                     білім берушілік – педагогикалық (оқуды үйрету).

  

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d