Атқарылған іс-шаралар

   «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесі» атты семинары

2018-2019 оқу жылының оқу жоспары мен үрдісінің кестесіне сәйкес І семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерін көрсету саласында өзара ынтымақтастық қатынас туралы жасалған келісім - шарттың негізінде Академик Е.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Абильдина Салтанат Куатқызы 2018ж. 19-26 қараша күндері болашақ мұғалімдерге бәсекеге қабілетті, креативті, ұшқыр ойлайтын тұлға қалыптастырудағы оқытудың инновациялық әдістер туралы теориялық біліммен қаруландырып, оларды жалпы білім беретін мектептердің, білім беру мекемелерінің тұтас педагогикалық үдерісінде қолданудың әдістемесін игерту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесі» (72 сағат)бағдарламасы бойынша студенттерге лекция және практикалық сабақтар және біліктілікті жетілдіру мақсатында ПОҚ құрамына шеберлік сыныптарын жүргізді. Студенттер сабағына белсенді қатысты. п.ғ.д, профессор Абильдина Салтанат Куатовна өз ұсынған білімін тексеру үшін, студенттерден емтихан қабылдап нәтижесіне жетті.

seminar seminar1 seminar2 seminar3

Тіл мерекесіне орай «Ұлттық фестивалі»өткізілді.                     

   «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының  «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және  «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері 19.02.2019ж. университеттің бас ғимаратының акт-залында   тіл мерекесіне орай «Ұлттық фестивалі»өткізілді.Фестивальға барлық факультет мамандықтары қатысты.Әр ұлт өзінің салт-дәстүрін көрсетті.Әң айтып би билеп,ұлттық тағамдары дайындалды.Және сол ұлттын тарихын айтып,табиғатымен таныстырып,сол ұлттын махаббатын да көрерменге жеткізе білді.Тіл мерекесіне арналған фестиваль өз нәтижесінежетіп,жоғары деңгейде өтті.

            india1      india2

«Стартап  пайдалану технологиясы» тақырыбы  бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

     «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының   2018-2019 оқу жылында «Жастар жылына» 01.03.2019ж.  -2.2.107 аудиториясында  -  студенттерді оқыту процесінде «Стартап  пайдалану технологиясы» тақырыбы  бойынша,     БОПӘ 17-1 тобының  белсенді қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.  «Білім» факультетінің деканы –Құрманбекова Айгул  Сауқымбековна  іс-шараны ашып берді.

Жетекшілері- магистр. аға оқытушы Ажибаева Р.Е.,магистр. аға оқытушы Фатихова Н.А. және МДОТ-18-1, БОПӘ-18-1,БОПӘ -16-1,БОПӘ-17-1 мамандығының студенттері қатысты.Аталған іс-шараның тақырыбы өз мақсатына жетіп,жоғары деңгейде өтті

.dongelek1    dongelek2    dongelek3     dongelek4

«Ана өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері және оқытушылары, 05.03.2019ж.,Сатпаева ғимаратында,  акт залында, «Ана өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өткізді.Тәрбие сағатында БОПӘ17-1 тобының студенті Жексенқұл Гүлім баяндама оқыды,әңайтылып, би бийлеп,көрініс көрсетті. Тәрбие  сағатына шақырылған қонақтар,ата-аналар, басқа мамандықтардығының оқытушылары мен студенттері қатысты.8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өте қызықты өтті.

nauriz1 nauriz2 nauriz3 nauriz4 nauriz5

«Инклюзивті білім берудегі жаңа технологияларды пайдалану» тақырыпта «Шебер сыныбы» өткізілді.

     «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының   2018-2019 оқу жылында, 19.03.2019ж. сағат 12-00: бас ғимаратының  конферец- залында   «Инклюзивті білім берудегі жаңа технологияларды пайдалану» тақырыпта ,  аға оқытушы Фатихова Н.А., БОПӘ-17-1  тобы және шақырылған қонақтар мен бірге «Шебер сыныбы» өткізілді.

 №18 «Еркежан» балабақшасының дефектолог маманы – Юнусова Сұлушаш Бақытжанқызы ,№ 12 мектеп –гимназиясының  жоғарғы санатты  бастауыш сынып мұғалімі –Еңсебек Мадина,Жамбыл обл.Әкімдігінің білім басқармасының  саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейрім» арнайы түзету мектеп-интернатының  сурдопедагог мамандары – Дандибаева Гульнар Жанатовна, Курочкина Екатерина  Владимировна өздерінің шеберлік сыныптарын көрсетті.Шебер сыныбында барлық қатысқандар,сұрақ-жауапқа белсенді қатыса отырып,өз нәтежесіне жетті.

                              sheber1  sheber2 

XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ өткізілді.

 «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының  «5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша, 11-12 сәуір айында, Шымкент қаласында, «SILKWAY» Университетінде  XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ өткізілді. Пәндік олимпиадасына 27-ЖОО-дан,оның ішінде іріктелген 30-топ қатысты. Сол сайысқа БОПӘ-17-1 тобының студенттері,Абитова Айдай,Жолгав Динара,Мұратәліқызы Арайлым және Мирзабекова Жанат белсенді қатысты.Университет ректоры Е.Б.Саурыков және топ жетекшісі Н.А.Фатихова -алғыс хатпен марапатталды, ал қатысушы топ сертификатпен оралды.Олимпиада өз нәтижесіне жетіп,жоғары денгейде өтті.

shim1 shim2  shim3       shim4

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d