Кафедра туралы

           «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ және БАСТАУЫШ ОҚЫТУ» кафедрасы

O47A0206

Кафедраның құрылған күні – 01.09.2018ж. Кафедра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «5В010200» – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», мамандығы бойынша бакалавр дайындайды. Оқу жұмыс жоспарына сәйкес дәріс қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. ПОҚ-ы кафедрадағы оқу жұмысы, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыс, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, тәрбиелік жұмыстар жүргізумен айналысады. Кафедра оқытушылары студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеуге, сонымен қатар университетте жастардың патриоттық тәрбиесіне зор көңіл бөледі. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасының 18.02.2011ж. «Ғылым» туралы заңын басшылыққа алады.

Кафедраның ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысы: «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы» тақырыбында 1 кезең бойынша «Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жайлы анықтау және оны жетілдірудің жолдары» кешенді ғылыми тақырыбының аясындағы зерттеулер кафедраның барлық оқытушылары аталған тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік материалдарды жинаумен және талдаумен айналысады. Аталған тақырып № 0115 ҚР 00171 09.2013-06.2016ж. ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелген. Ғылыми ізденістің қорытындысы бойынша монографиялар жарық көрді: «Мектеп оқушыларына имандылық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі» 2017ж. Олардың нәтижесі оқу үрдісіне ендірілуде.

 Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыстар бағытында еңселі қызмет етуде: оқытушылар ғылыми конференцияларға қатысады, әдістемелік құралдар мен мақалалар дайындайды, әдістемелік және ғылыми жұмыстарға рецензия береді. ПОҚ және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептері ТИГУ ғылым бөлімінде және кафедрада тіркелген. Университет ПОҚ мен білім алушылары айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында еліміздің, жақын және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен ынтымақтасу, бюджеттік және жеке шаруашылық көздерінен қаржыландырылатын жобаларға қатысу, оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми тағлымдамадан өткізу шараларын т.б. іске асыру көзделуде.

            2018-2019 оқу жылында кафедра Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерін көрсету саласында өзара ынтымақтастық қатынас орнату мақсатында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен екіжақты келісім – шарт жасалды.

            «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу үдерісінің тиімділігін  жоғарылату мақсатында жұмыс берушілермен ортақ жұмысты жетілдіруде оқу жылының басында «Астана» колледжі, «Тараз политехникалық колледжі», Тараз қ. №12, №23, №46, №49, №53 мектептері, Тараз қ. ,№14, №16, №18, №39, бала-бақшаларымен келісім-шарт жасалынып, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», мамандықтарының студенттері таңдаған элективті пәндері жұмыс берушілермен келісе отырып және сұраныстары негізінде жұмыс оқу жоспарына енгізіліп отырады.           Түлектермен және жұмыс берушілермен байланыс аясында түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі мақсатты жұмыс жүргізіліп отырады. БОПӘ мамандығының түлектері университеттің жыл сайынғы ұйымдастырылатын бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, онда жұмыс берушілермен тікелей қарым-қатынас жасап, оларға өз портфолиоларын, түйіндемелерін ұсынады.

Мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың тізімі

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасында арнайы жабдықталған кабинеттер саны – 4: ««Бастауыш оқытудың әдістемелері» дәрістік оқу залы, ««Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» дәрістік оқу залы және ««Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» дәрістік оқу залы» «"Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының әдістемесі» зертханасы.

 

 

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d