Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

«Қаржы-есеп» кафедрасы

«Қаржы-есеп» кафедрасы

Tazhibaev Serik

СЕРІК ДҮЙСЕНАЛЫҰЛЫ ТӘЖІБАЕВ
«Евразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор

Серік Дүйсеналыұлы Тәжібаев 1951 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданы, Луговой (қазіргі Құлан) ауылында дүниеге келген.
1969 жылы Луговой орта мектебін бітіріп, сол жылы  Алматы Халық шаруашылығы институтына түсіп, аталған институтты 1974 жылы (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Казақ экономикалық Университеті ) бітірді.
Институтты бітірген соң еңбек жолын  Жамбыл облысы Мемлекеттік банкінің Бас бухгалтериясында  механизация есебін жүргізу бойынша аға инженер қызметінен бастады.
1975 жылы Мемлекеттік банктің Қазақ республикалық кеңсесінде Өндірістік бюро басшысының орынбасары болып тағайындалды.
1976 жылы желтоқсанда Тәжібаев С.Д. Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтына жұмысқа ауысты.
1982 жылы Серік Дүйсеналыұлы Алматы Халық Шаруашылығы Институтында аспиарантураға түсіп, 1985 жылы 08.00.12- «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша экономика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған  диссертациясын мерзімінен бұрын  қорғады. 1987 жылы С. Тажибаевқа доцент ғылыми атағы берілді.
1985-1991 жылдары доцент, есеп-экономикалық факультетінің декан орынбасары қызметін атқарды.
1991 жылы С.Д. Тәжібаевты жоғары білімнің атақты ұйымдастырушысы, ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор В.К. Бишимбаев басқарып отырған Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс институтының экономика факультетінің деканы қызметіне шақырылды.
1997 жылы С.Д.Тәжібаев Жамбыл қаласына көшіп келеді және Жамбыл мемлекеттік университетінің экономика-құқықтық институтының директоры болып, әрі қарай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» институтының деканы қызметін атқарады.
2000 жылы ол экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 08.00.05- Экономика және халық шаруашылығын басқару және 08.00.12- бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті талдау және бақылау мамандықтарына қатысты докторлық диссертациясын қорғайды. 2004 жылы оған профессор ғылыми атағы берілді.
2004 жылдың ақпан-маусым аралығында АҚШ-тың Индиана университетінде оқу және ғылымы тағлымдамасын өтті.
2005-2010жылдар аралығында профессор С.Д.Тәжібаев А.Яссауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында проректор қызметін атқарды.
2007 жыл мен 2010 жыл аралығында Тәжібаев С.Д. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінің төрағасы болып табылды.
2010-2011 оқу жылы ол Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ғылым, халықаралық байланыс және стратегиялық өсу бойынша проректор қызметін атқарды.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Тәжібаев С.Д. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Марапттары, алғысхаттары. «Ғылымның өсуіне атсалысқаны үшін» ҚР БҒМ белгісі (2003ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» ҚР БҒМ белгісі (2008ж.), ҚР Білім және Ғылым Министрінің грамотасы (2006ж.), ҚазССР Мемлекеттік Банкінің кұрмет грамотасы (1976ж.).

Кафедра тарихы:

«Қаржы-аудит» кафедрасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Білім-Экономика» факультетінің алдыңғы қатарлы кафедрасы және оқу-ғылыми құрылымдық бөлігі болып табылады.  Кафедра 2008 жылы университеттің құрылуымен құрылған. 2012 жылы кафедра «Экономика және басқару» кафедрасымен біріктірілді, 2013 жылдан бастап қайта бөлінді.
«Қаржы-аудит» кафедрасы жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім берудің келесідей деңгейлер бойынша дайындық жүргізеді:

«Қаржы-аудит» кафедрасымен білім беру деңгейлері бойынша мамандарды дайындау


Бакалавриат
5В050900
«Қаржы»
Бакалавриат
5В050800
«Есеп және аудит»

«Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін беруімен

«Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін беруімен

Магистратура
6М050900 «Қаржы»

Бейіндік бағыты

«Экономика және бизнес магистрі» академиялық дәрежесін беруімен

Ғылыми-педагогикалық бағыты

«Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін беруімен

«Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтар бойынша дайындық ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру  стандарттары негізінде орыс және қазақ тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу нысаны жалпы, жалпы орташа, жоғары білім беру негізінде жүргізіледі.
Оқудың нормативтік ұзақтылығы:
-өндірістен бөлінуімен - бакалавриат – 4 жыл.
-өндірістен бөлінбей – 2 жыл (ЖОО-дан кейін),
-3 жыл (ОКБ -нен кейін).
Академиялық дәрежесі – экономика және бизнес бакалавры.

Оқытушылық құрамы:
Кафедрада 2 экономика ғылымдарының докторлары, академик, профессорлар, 4 экономика ғылымдарының кандидаттары, доценттер, 6 аға оқытушы және 4 оқытушы еңбек атқарады, оның ішінде 8 экономика ғылымдарының магистрі.
Кафедра құрамы: Сарсенова А.Е. – э.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі; Сулейменов Ж.Т. – т.ғ.д., академик, Тажибаев С.Д. – э.ғ.д., профессор, Үрістенбекова Б.Ү. – э.ғ.к., доцент, Жакашев Б.Р.- э.ғ.к., доцент, Жүнісбекова Т. – э.ғ.к., доцент м.а., Алимкулова Ш.И. – аға оқытушы, Мусаева А.Ж. – аға оқытушы, Елешева Д.Н. – аға оқытушы, Дуйсембиева А.Е. – аға оқытушы, Сихаева Қ. – аға оқытушы, Андреева Г. – аға оқытушы, Жоланова Г.Е. – оқытушы, Асемова Р.Д. – оқытушы, Ким Т.А. – оқытушы, Жумагулова Н. – оқытушы.

Жетістіктері:
Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Проблемы и перспективы инновационного развития экономики РК». Оқытушылардың ғылыми қызметтің бірден бір көрсеткіші ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу болып табылады. Жалпы соңғы үш жылда ғылыми конференцияның жинақтарында 147 мақала жарияланды, жалпы көлемімен 49,7 б.т., соның ішінде ТИГУ-нің базасында 41 баяндама, 18,2 б.т. көлемімен. Шет ел конференция жинақтарында жарияланған мақала саны 18, жалпы көлемімен 5,8 б.т. (Ресей, Польша, Чехия).
«Қаржы-аудит» кафедрасының оқытушылары және студенттер семинарларға, конференцияларға, белсенді қатысады, халықаралық ұйымдастырулармен, институттармен, қорлармен жүргізілген инициативті ғылыми-зерттеушілік және ҚР экономикалық жүйесінің өзекті дамуы бойынша ғылыми-практикалық қызметін, ҚР инновациялық даму бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізеді.
Кафедрада жалпы саны 50-ден астам оқулықтар, оқу құралдары және тәжірибе сабақтарын жүргізу үшін, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін, өндірістік тәжірибе өту үшін пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар дайындалып, баспадан шығарылды. Сабақ өткізудің әдістерін жақсарту мен оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында кафедраның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалды үйрену үшін қажетті оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.
Кафедраның ПОҚ жылда жарияланатын «Жылдың Үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарға қатысады, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттік конкурстар, университеттер арасындағы конкурстар, ғылыми жобаларға, зерттеулерге белсеңді қатысдаы.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үдерісіне және өндіріске енгізілген.
«Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Кафедрада бірнеше ғылыми үйірмелер құрылған: «Қаржыгер» үйірмесінде – 25 студент, «Есепші-аудитор» үйірмесінде – 25 студент. Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамының жетекшілігімен жыл сайын студенттер үйірме мәжілісінде өз зерттеу жұмыстарын баяндайды, жақсы деп танылған зерттеу нәтижелері студенттердің республикалық және университеттік деңгейдегі ғылыми конференцияларында баяндалып, мерзімдік басылымдарда жарық көреді. Сонымен бірге кейбір арнайы тапсырыстар бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өндіріске енгізіледі.

Студенттің меңгеретіні:
-Базалық пәндердің циклі бойынша экономика және бизнес бакалавры экономикалық теория және экономикалық заңдарының негіздері бойынша, микро-және макроэкономика, менеджмент, статистика, экономиканы реттеудің мемлекеттік рөлінің сұрақтары бойынша, статистикалық зерттеулер әдістерін меңгереді.
-Профильді пәндер циклі бойынша студенттер қаржы, қаржылық есеп, халықаралық экономика негіздерін, кәсіпорын экономикасын, кәсіпкерлік, экономиканы моделдеу, салық және салық салуды, қаржы нарықтар, қаржы менеджменті, банк ісі, басқару есебі, бухгалтерлік есебі, инвестицияны қаржылау және несиелеу, экономикалық талдау  және деректерді талдау негіздерін меңгереді.

Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары:
Кафедраның халықаралық қызметі келесідегідей бағыттарда жүргізіледі:
-«Научные основы  обеспечения механизма инновационного развития рынка логистических услуг Казахстана»,
Кафедрамен шетелдік әріптеспен Н.Баласагын атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен келісім-шарт жасалған, Бишкек қ.
-Кафедрамен студенттер және магистранттар өндірістік тәжірибе өту үшін қаламыздың және облысымыздың коммерциялық банктерімен, Салық Департаменттерімен, кәсіпорындарымен, Қаржы бөлімдерімен, Сақтандыру компанияларымен, Зейнетақы қорлармен келісім-шарттар жасалған.

Мекен жайы: Тараз қ., Сәтбаев к-сі, 1А
тел: 87012277393

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер