«Сырттай білім» факультеті

«СЫРТТАЙ БІЛІМ» факультеті

    A.Talgatbek  Аязбаев Талғатбек, ф.-м.ғ.к., доцент, 1959 жылы 29 наурызда туылған. Еңбек жолдары: жұмысшы, слесарь, қатардағы жауынгер, Жамбыл педагогикалық институты, студент, физика пәнінің мұғалімі, кластан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, аға лаборант, стажер-зерттеуші, аспирантура, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Физика» кафедрасында аға оқытушы, Абай атындағы АлМУ-нің докторанты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Физика» кафедрасының меңгерушісі, А.Ясауи атындағы ХҚТУ-университеті Тараз институты «Жаратылыстану ғылымдары» және «Педагогика» факультеттерінің деканы, «Математика және есептеу техникасы» кафедрасының доценті, ТИГУ «Жаратылыстану-гуманитарлық» факультетінің деканы, «Сырттай білім» факультетінің деканы, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының доценті.

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі қағидалы тұжырымдары аймақтық, республикалық, шетелдік ғылыми-әдістемелік журналдар /Қазақстан, «Қазақстан жоғары мектебі», «Ізденіс»; АлМУ «Хабаршы»; Ресей, «Известия», «Письма в ЖТФ», «Неорганические материалы», «Физика твердого тела», «Журнал технической физики», «Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований»; Европа, «European Journal of Natural History» АҚШ, «Amerіcan Іnstіtute of Physіcs», «Іnorganіc Materіals», «Ferroelectrіcs»/ мен ғылыми жинақтарда жарық көрген 100-ден астам мақалада ұсынылып, екі оқу-әдістемелік құралда, тоғыз оқу құралында, бір монографияда және үш өнертабыста (патентте) көрініс тапқан. Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

     Сырттай білім факультеттің 28 бакалавриат мамандықтарының дайындау бағыттары қазақ және орыс тілдерінде. Университетте мамандарды даярлауда жоғарғы білімнің ұлттық жүйесін европалық және халықаралық білім кеңестігімен бәсекелесуге мүмкіншілік беру мақсатында кредиттік оқыту жүйесі енгізіліп, жүзеге асырылады. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, білім жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына, Болон декларация талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым   министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесіне» сәйкес ұйымдастырылған. Кредиттік оқыту технологиясының талаптарына сәйкес университетте элективті пәндер каталогі жасалынып, студеттердің пәндерді таңдауға мүмкіншілігі офис менеджерлер арқылы ұйымдастырылған.

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

logopromishrevol kaz

logo 3d