Факультет тарихы

                                                        «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ
         2008 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті болып құрылған жылдан 2014 жылға дейін «Математика», «Информатика», «Есептеу техникасы және БҚ», «Физика», «Химия»,  «География», «Биология», «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандықтары түрлі факультеттер құрамында болып келген. 2014-2015 оқу жылының басында университеттің құрылымдық бөлімдеріне енгізілген өзгерістер ескеріліп, жоғарыда аталған мамандықтардың негізінде өз алдына «Жаратылыстану» факультеті құрылды. 2015-2016 оқу жылынан факультет деканы қызметін ф.-м.ғ.к., доцент Е.Қ.Ақтаев атқарып келеді.zharatylystanu 1        Факультетте базалық және кәсіптік курстарда мамандықтар бойынша өз ғылым салаларында елімізге белгілі жетекші ғалымдар, ғылым докторлары: т.ғ.д., профессор Ж.Абдула; ф.м.ғ.д., профессор Қ.Тоқжігітов;  химия ғылымдарының докторы, профессор Т.Алтеев, т.ғ.д., профессор М.Н.Немеребаев; т.ғ.д., доцент Н.Ж.Муслимовтар дәріс береді.
       Университет жетекшілігінің ұйымдастыруымен біржақты маманданған курстарға дәріс оқу үшін тақырыптық немесе басқа бағыттарда алыс және жақын шетелдердің ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындары арасында байланыс орнатылған.
       Факультеттің оқытушы-профессорлары мен магистранттары: Ж.Абдула, Т.А.Галагузова, Г.Коштаева, М.Даулетова,  М.Жеткергенова,  Ж.Исакулова, А.Мустафаевалар 2014–2015 оқу жылындағы біліктілікті жоғарлату мақсатында Мальдивские Острова мемлекетінде 2015 жылдың 13-20 ақпан айында өтілген «Mathematical models for forecasting the state of the environment» атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясына жәнеі Италия (Рим) мемлекетінде 10-17 ақпан айында өткен «Оптические методы определения состава смеви газов в атмосфере» атты халықаралық ғылыми конференцияға сырттай қатысып сертификат алды. Жоспардан тыс біліктілікті жоғарлатуда Ж.Сарыбаева, А.Н.Нурлыбаева 22 желтоқсан 2014 жылы «Science Direct and Scopus Тraining» курсына қатысса, АҚШ мемлекеті Нью Йорк қаласында 5 ақпан 2015 жылы өтілген, «Theoretical and Applied Sciences in the USA» халықаралық ғылыми конференциясына сырттай қатысып сертификат алды.
       Университет деңгейінде ұйымдастырылатын арнайы ғылыми және әдістемелік семинарларға, біліктілікті жоғарлату курстарына қатысып кафедра оқытушылары ғылыми және педагогикалық біліктіліктерін жоғарлатуда. Тәжірибеде оқыту нәтижелері ашық сабақ өткізу, ғылыми-әдістемелік семинарларда баяндамалар дайындау арқылы көрсетіледі.
 Факультет бүгінде:
       Факультетте 4 кафедрада 50-ке жуық ОПҚ қызмет етеді, олардың арасында ғылыми атағы бар оқытушылар саны: 6 ғылым докторы, профессорлар, 17 ғылым кандидаты, доценттер, 14 ғылым магистрлері, оқытушы. Факультетте – 500-ге жуық студенттер дәріс алады.

 

«Биология ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасы

«Биология ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасы

Қазақстан Республикасының сұранысына қажет зияткерлік әлеуеттігі жоғары дәрежелі кадрларды дайындау - әрбір жоғарғы оқу орнының алдына қойған мақсаты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындары тек оқытып қана қоймай, ғылыми зерттеушілікке білім алушылардың ынтасын да арттыру керек екендігі айтылды. Осы «Биология ауыл шаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасы өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүзеге асырды.

Профессор-оқытушылардың біліктілігін көтеру мақсатында 2014 оқу жылында «Агробиологиялық ғылыми-өндірістік институты» ашылды. Институт зертханасында профессор-оқытушыларға ғылыми бағыт-бағдар беретін жылы жай құрылысы, тәжірибелік нысандар жұмыс істейді. Кафедраның профессор-оқытушылары кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында жетекші жоғары оқу орындарында арнайы курстардан өтіп, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға үздіксіз қатысып отырады.

Кафедра профессор оқытушылары Қазақстан Республикасы мен шет елдердің ең үздік білім беру орталықтарында біліктілігін көтерді (2017 жылы а.ғ.к. Қ.Сейтбаев, М.Молдақметов, Л.МахмутоваМосква және Санкт-Петербург жоғары оқу орындарында (Ресей) біліктілігін көтеріп келді.

17.09.2012-21.09.2012 ж. Қ.Ж.Сейтбаев Балқаш қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты ЖШС Балқаш филиалы «Балқаш» АӨК саласында білім тарату Орталығында 120 сағат көлемінде ғылыми-практикалық семинарынанбіліктілігін арттырды.

Қ.Сейтбаев, Б.Сабыралиева, А.Даулетбекова «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру иниститутында біліктілігін арттырып келді (240 сағат).

Айтекова Қ. 26.02.2016 ж "«Организация коучинговой и менторинговой практики в контексте обновления содержания образования» " атты оқу курсына қатысып, сертификат алды-72 сағат; (АО «Национальный центр Повышения кфалификаций «Өрлеу»)

Айтекова Қ «Подготовка отчета по саооценке вуза в рамках институциональной и специализированной аккредитации», атты семинарға қатысты.(Независимое Казахстанское агентство обеспечения качества образования)-16 сағат. Тараз 5-6.01.2016

Абдибеков Б. Т «Технологизация учебного процесса на основе электронных учебников» г. Алматы 2016 АО «Национальный центр Информатизации»-72 сағат.

Ботбаев А.«Технологизация учебного процесса на основе электронных учебников» г. Алматы 2016 АО «Национальный центр Информатизации»-72 сағат.

Шорабаева Н. «Технологизация учебного процесса на основе электронных учебников» г. Алматы 2016 АО «Национальный центр Информатизации»-72 сағат.

Қазіргі уақытта «Биология» мамандығының ПОҚ келесідей құрмет атақтары мен мемлекеттік т.б премия және марапаттаулары мен алғыс хаттарыбар:

«Биология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» грант иегері б.ғ.к. Бектурғанов Б.Б. (2009). Қ.Ж.Сейтбаев, М.Молдахметов (2017)

2016 жылы Сейтбаев Қ., Молдахметов М.,«А Байтурсын» күміс төсбелгісімен марапатталған.

2015 жылы 12 қаңтар айында Қ.Ж.Сейтбаевқа Ресей Ғылымдар Академиясының профессоры атағы берілді.

Қ.Ж.Сейтбаев 2014 жылы Тараз қаласы күні мерекесіне орай «Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.

Сейтбаев Қ 20.03.2016 жылғы Халық аралық Париж кітап көрмесінде «Жүзім шаруашылығы» оқулығы алтын медальмен марапатталды

Сейтбаев Қ. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мен марапатталды.

Кафедра ғалымдары тарапынан оқу құралдары сондайақ ҚР Білім және ғылым минстрлігі бекіткен оқулықтар дайындалды.

2011-2017 оқу жылында:

  1. «Таксидермия» оқулық (БектурғановБ.Б., Сейтбаев Қ.Ж., Абдибеков Б.Т.) - 28б.т.;
  2.  «Жалпы гидробиология» (Сейтбаев Қ.Ж.)-28,8 б.т.
  3. «Тұқым шаруашылығы бойынша практикум» (Сейтбаев Қ.Ж.)-7,0 б.т.;
  4. «Балық шаруашылығы» (Сейтбаев Қ.Ж.)-18,75 б.т.;
  5. «Ихтиология» (Сейтбаев Қ.Ж., Бектурғанов Б.Б.)-20,5 б.т.;
  6. «Балық шаруашылығының гидротехникасы» (Сейтбаев Қ.Ж., Бектурғанов Б.Б., Абдибеков Б.Т.)-14,75 б.т.;
  7. «Тамшылатып суғару технологиясы» (Сейтбаев Қ.Ж. Баубеков С) -13,5 б.т.;
  8. «Практикум по семеноводству» (Сейтбаев Қ.Ж.) - 6,5 б.т.;
  9. «Рыбоводства» (СейтбаевҚ.Ж., Баубеков С.Д.) -25,0 б.т.
  10. «Жүзім шаруашылығы» (Сейтбаев Қ.Ж.) оқулық, ҚР ЖООҚауымдастығында шыққан,ҚР БҒМ бекіткен -34,5 б.т.;
  11. «Популяциялық генетика»(Даулетбекова А., Аубакиров Х.) -25,0 б.т.
  12.  «Тоған шаруашылығы» Сейтбаев Қ. оқу құралы -28,0 б.т.
  13. «Қорғаулы құрылыс топырақтарында көк өніс дақылдарын өсіру технологиясы» Сейтбаев Қ., Абдибеков Б. оқулық, ЖОО қауымдастығы 2015 -28,0 б.т.
  14. «Генетика негіздері» оқу құралы (Сейтбаев Қ.Ж., Ордабеков С) -19,0 б.т.
  15. «Цитология» оқу құралы (Сейтбаев Қ) -5,6 б.т.
  16. «Омыртқасыздар зоологиясы» оқу құралы (Сейтбаев Қ., Даулетбекова А) -5,5 б.т
  17.  «Гүлді өсімдіктердің гүлдеуі, будандасуы» оқу құралы (Сейтбаев Қ.Ж. Үкібаева Б) 15,5 б.т.
  18. «Биология мамандығының студенттеріне омыртқалылар зоологиясы пәнінен жазғы оқу-далалық практикасына арналған әдістемелік құрал» Сейтбаев Қ., Қарақойшын Ж. 2017., 12 б.т.
  19.  «Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәнінен практикум» Сейтбаев .Қ.Ж. , Тулеубаев Ж. 2017., 18,0 б.т.
  20. «Клетка биологиясы» Сейтбаев Қ.Ж. 2017. 15,0 б.т
  21. «Энтомология». Бектурғанов Б., Торбаев Қ., 2010ж. 14,5 б.т
  22. «Геоэкология және табиғатты пайдалану» Сейітқазиев Ә.С., Бектұрғанов Б.Б., Хожанов Н.Н., Сейітқазиева Қ.Ә., Сабыралиева Б.Н. оқу құралы., 2015. 11,2 б.т

Кафедра профессор–оқытушылары белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Кафедра ғалымдары инновациялық потенциалы бар ауыл шаруашылығына өте қажетті сортаң жерлерде галофитті өсімдіктерді интродукциялау мақсатында ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарын жүргізді. Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша университет ғалымдарымен бірлесе отырып «Топырақ тұздылығына төзімді өсімдіктер (галофиттер), жеміс жидек және әсемдік ағаштарын Жамбыл облысының құрғақшылық аймағында интродукциялау» тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы Министрлігі жариялаған конкурс жеңімпазы болды.

2009-2014 жылдар аралығында кафедра ғалымдары «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төл құжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Кафедра ғалымдары соңғы 6 жылда (2009-2014 жж) аймақтық Республикалық денгейде 15 ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның жалпы сомасы 37040,0 млн. тенгені құрады.

  1. «Топырақ тұздылығына шыдамды өсімдіктер (галофиттер), жеміс-жидек және әсемдік ағаштарын Жамбыл облысының құрғақшылық аймағында интродукциялау» 3500000 тенгені құрайды, 2009-2012 жж.
  2. 2009 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Жергілікті бекітілмеген балық шаруашылығы маңызы бар су тоғандарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу» 2850000 тенгені құрайды.
  3. 2010 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төл құжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» 2930000 тенгені құрайды.
  4. 2011 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төл құжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» 2930000 тенгені құрайды.
  5. 2012 ж «Билікөл көлінің ластануын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» 2850000 тенгені құрайды.
  6. 2012 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Жамбыл облысында резервтік қордағы және жергілікті маңызы бар бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарына биологиялық-экономикалық зерттеулер жүргізу, балық мелиоративтік, қорғау және өсімін молайту іс-шараларын жүргізуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу» 2930000 тенгені құрайды.
  7. 2013 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Резервтік қордағы бекітілмеген және балық қырылу қаупі бар су айдындарына биолого-экономикалық зерттеулер жүргізу» 1350000 тенгені құрайды.
  8. 2014 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Резервтік қордағы, бекітілмеген және балық қырылу қаупі бар су айдындарына биолого-экономикалық зерттеулер, құжаттандыру жүргізу» 1400000 тенгені құрайды.
  9. 2014 год «Разработка проекта техническо-экономического обоснования по созданию государственного природного заказника Умбет (2-этап)» 5700000 тенгені құрайды.

Келісім шарт есебіндегі ғылыми жұмыстар:

  1. ЖАМБЫЛ облысындағы бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы жануарлар дүниесінің жай күйін бағалау және жалпы ауланатын балықтың мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау. (2009 ж, 15000000 тенге;
  2. ЖАМБЫЛ облысындағы бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы жануарлар дүниесінің жай күйін бағалау және жалпы ауланатын балықтың мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау. 2010 ж, 1800000 тенге;
  3. ЖАМБЫЛ облысындағы бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы жануарлар дүниесінің жай күйін бағалау және жалпы ауланатын балықтың   мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау. 2011 ж, 2000000 тенге;
  4. ЖАМБЫЛ облысындағы бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы жануарлар дүниесінің жай күйін бағалау және жалпы ауланатын балықтың мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау. 2012 ж, 1900000 тенге;
  5. ЖАМБЫЛ облысындағы бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы жануарлар дүниесінің жай күйін бағалау және жалпы ауланатын балықтың мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау. 2013 ж, 1400000 тенге;
  6. ЖАМБЫЛ облысындағы бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы жануарлар дүниесінің жай күйін бағалау және жалпы ауланатын балықтың мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау. 2014 ж, 2000000 тенге)

Соңғы жылдары кафедра ғалымдары «Трансшекаралық (Қазақстан-Қырғызстан) су айдындарының биоэкологиясын және табиғи мүмкіндіктерін зерттеу және оның нәтижелерін шаруашылықта қолдану»ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жетекшісі а.ш.ғ.к. Сейтбаев Қ.Ж.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыстарымен айналысу барысында Трансшекаралық (Қазақстан-Қырғызстан) су айдындарының биоэкологиясын және табиғи мүмкіндіктерін зерттеу және оның нәтижелерін шаруашылықта қолдану мәселелерін, жергілікті маңызы бар су айдындарын зерттеп, сол салаларда соңғы ғылыми жетістіктерді зерттеуге, қолдануға, сараптауға, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерді тұжырымдап көптеген ғылыми еңбектер жазды.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік мекемесі бекіткен бағдарлама бойынша облыс территориясында орналасқан табиғи және қолдан жасалынған кіші су айдындары зерттеліп, 106 су айдындарын тіркеп, өндіріске ұсынылды.

Зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында оқытушылар жергілікті фауна мен флораны зерттеп ғылым саласында жарияланған ғылыми басылымдармен жұмыс жасап еңбектер жазды.

Кафедра ғалымдары Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми – практикалық конференцияларға қатысып, басылым беттерінде ғылыми зерттеу мақалалары мен оқу - әдістемелік еңбектерін жүйелі түрде жариялап келеді.

Қай салада болсын бәсекеге қабілетті болу үшін, ең бастысы, білім қоры күшті болуы керек. Олай болмаған күнде білімсіз қолға алынған іс – зая кеткен еңбекпен пара-пар болмақ. Әрине, заманауи жетістіктерге ілесіп отыру үшін басқаның тәжірибесіне сүйенбей болмас. Осы орайда Университет базасында 2 гектар агробиологиялық өндірістік оқу орталығында заманау типтегі Корей технологиясы бойынша жылы-жай құрылысы іске қосылған. Қазіргі кезде жылы-жайда қызанақ және қияр көкөністерін өсіруде. Бұл Биология және География мамандығының студенттеріне теориялық білімін тәжірибеде қолдануда қолға алынып отырған инновациялық жобалардың бірі болып саналады.

Ғалымдардың жемісті жұмыс істеуі үшін жоспарлы жүйе мен ыңғайлы инфрақұрылым қажет. Сондықтан, университет басшылығы ғылымижұмыс жасауы үшін толық жағдайлар жасауға міндеттеніп отыр. Қазіргі кезде университет базасындағы «Каменный», «Қаракөл» су айдындарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалынуда. Сондай-ақ, студентер жазғы оқу дала практикасын осы су айдынында өткізіп, ғылыми жұмыстар жүргізеді.

Кафедрада ғалымдарының ғылыми еңбектері, оқулықтары және оқу-әдістемелік құралдары мемлекеттік тілде жарық көре бастады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері аймақтық, республикалық, шетелдік ғылыми-әдістемелік журналдарда, Германия, Пакистан, Америка, Россия, Болгария, Индия сондай-ақ, инфак-фактор журналдарында, еліміздің ЖАК тарапынан ұсынылған республикалық беделді «Жаршы», «Ізденістер, нәтижелер» «Вестник сельскохозяйственных наук Казахстана», «Ізденіс», «Ғылым жаршысы» және ТМД елдерінің «Вестник РАСХН», «Кыргыз улуттук агрардык университетінің жарчысы» жарияланып, баяндалып тұрады. Кафедрада оқытушы -профессорлардың соңғы үш жылда 130-дан астам ғылыми мақалалары жарияланды.

Кафедра меңгерушісі                       Махмудова Л.К.

 

Сейтбаев Қуандық Жұмабайұлы а.ш.ғ.к. РЖҒА профессоры

Жетістіктер

Толық жетістіктер тізімін - ЖҮКТЕУ

Кафедра

                                 «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы
      «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы 2008-2009 оқу жылында Қ.А. Яссауи атындағы ХКТУ Тараз институтының «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының негізінде құрылған.2017-2018 оқу жылында «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы болып қайта құрылды.2     Кафедрада 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау, 5В120200 – Ветеринарлық санитария мамандықтары бойынша бакалаврларды және  6М073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша магистрлер дайындалады. Аталған мамандықтардың оқу процесін жүргізу үшін кафедра қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған, интернет желісіне тегін қосылған оқу залдары, 2 электронды оқу залы, 3 кәсіби зертханалары бар. Оқылатын пәндердің барлығы оқу-әдістемелік кешендермен қамтылған, міндетті пәндер бойынша электронды оқулықтар, виртуалды зертханалық жұмыстар әзірленген. Кафедраның «Сарапшы» үйірмесінде Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша 20-ға жуық студенттер қатысады.

      Зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында студенттер техника ғылымы саласында жарияланған ғылыми басылымдармен жұмыс істеуге және әртүрлі өнім сапасын сараптауға, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерді тұжырымдарды қорғайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі тек студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасап қоймай, кафедрада пәндер бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарына, семинарлық сабақтарда, өзіндік жұмыстарда қолдануда және осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

 

Кафедра

                      «Ақпаратты коммуникативтік технологиялар» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі - п.ғ.к. Онгарбаева Марал Буркитбаевна. 1991 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы 13.00.02 - Оқыту теориясы мен әдістемесі (математика) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2 оқу құралының, 2 оқу-әдістемелік құралдардың және     40-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.
Профессор-оқытушылар құрамы:
    1.Аязбаев Т.Л.- ф-м.ғ.к, доцент;
    2.Галагузова Т.А.- математика магистрі;
    3.Омарова Д.Б.- математика магистрі;
    4.Базарбекова А.А.- математика магистрі;
    5.Бузаубекова С.Ж.- педагогика және психология магистрі;
    6.Ерманова Г.Б. – жаратылыстану ғылымдары магистрі;
    7.Амангелдиева А.Е. – экономика магистрі
    8.Абдрахманов М.Д. – ақпараттық жүйелер магистрі
Кафедрада дайындалатын мамандықтар тізімі: 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В060200-«Информатика». Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университет мамандықтарының студенттеріне «Ақпаратты коммуникативтік технологиялар» пәнінен қазақ- орыс-ағылшын тілдерінде дәріс береді.
    Кафедра мамандықтарының білім бағдарламаларының негізгі мақсаты - заманауи есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама саласында бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік тәрбие алған, комплексті есеп, талдау жүргізе алатын, өндірістің, шаруашылықтың, экономиканың, әлеуметтің, басқару жұмысының барлық салаларында, ғылымда, техникада, білімде, өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті ғылыми көлемді бағдарламалық қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындап шығару болып табылады.
    Кафедраның ғылыми бағыттары:   Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Білімді ақпараттандыру мәселелері» тақырыбында ғылыми жұмыстар жүргізуде (ғылыми жетекші: п.ғ.к. Онгарбаева М.Б.), кафедрада студенттер үшін «Кибернетика» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.
    Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін іске асыру барысында профессор-оқытушылар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды және оқулықтар мен оқу құралдарын баспадан шығарады. Соңғы 3 жылда 10-ға жуық оқу, оқу-әдістемелік құрал баспадан шықты және 10-ға жүық жаңа элективті пәндер-дің оқу-әдістемелік кешендері әзірленді. Кафедра студенттері Республикалық программалау бойынша студенттер арасындағы олимпиадаларға нәтижелі қатысқан, бірнеше онлайн оқу курстары (Java Developer, .Net Developer, Database Developer, Sololearn және т.б.) мен конкурстардың (Lavteam) жүйелі қатысушылары.
     Кафедраның жетістіктері: 2016-2017 оқу жылында кафедра ПОҚ жеке ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша 4 оқу құралы баспадан шықты, 4 мақала рейтингті шетел басылымдарда   (РИНЦ), 1 мақала республикалық рейтингілі (ЖАК) журналында, 7 мақала алыс шетел ғылыми журналдарында, 2-і ТМД ғылыми журналдарында және Халықаралық конференцияларда 13 мақала баяндалды. Аға оқытушы Галагузова Ресей жаратылыстану Академиясының М.В. Ломоносов Медалімен және «Енбегі үшін» орденімен марапатталды.
     Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру: 2017 жылы аға оқытушы Ерманова Г.Б. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Педагогика мамандығының оқутышыларына шетел тілін оқыту» курсында (Алматы қ-сы), п.ғ.к.Онгарбаева М.Б., аға оқытушы Бузаубекова С.Ж. Білім беру жүйесін ақпараттандыру орталығында (Астана қ-сы) «Компьютерное моделирование и оптимизация интернет проектов» курсында, аға оқытушы Галагузова Т.А. «Европейская школа корреспондентского обучения (ЕШКО)" онлайн –курсында білімдерін жетілдірді.
   Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары: Тараз қаласының мекемелері мен орта мектептері: ЖШС «F1_COM», ЖШС«Тамса», ЖШС «Глобал Интернэйшн Компани», №16 орта мектеп, №47 орта мектеп.
Мекен-жайы: Желтоқсан к-сі 69 Б
Тел: 8 7262 57-11-22
e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.