Кафедра

                   АҚПАРАТТЫ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

IMG 20181105 125057

«Ақпаратты - коммуникативтік технологиялар» кафедрасы 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 5В060200-«Информатика» мамандықтарын даярлайды. 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университет мамандықтарының студенттеріне «Ақпаратты - коммуникативтік технологиялар» пәнінен қазақ- орыс-ағылшын тілдерінде дәріс береді.

Кафедра мамандықтарының білім бағдарламаларының негізгі мақсаты - заманауи есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама саласында бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік тәрбие алған, комплексті есеп, талдау жүргізе алатын, өндірістің, шаруашылықтың, экономиканың, әлеуметтің, басқару жұмысының барлық салаларында, ғылымда, техникада, білімде, өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті ғылыми көлемді бағдарламалық қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындап шығару болып табылады.

           Кафедра мамандықтарының студенттері озық робототехника, 3D-баспа, жасанды 
интеллект, заттардың интернеті және тағы басқа да цифрлық және ақпараттық технологиялар
саласындағы әртүрлі жаңашылдықтармен танысады.

Бітіруші «5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Бітіруші «5В060200 –Информатика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: жобалау және ғылыми зерттеу институттар, басқару органдары, ақпараттық технологиялар департаменті, қаржылық ұйымдар, бизнес-структуралар, білім беру мекемелері, оқу орындары, өнеркәсіптік өңдірістер.

http://bilimdinews.kz/?p=41740

 Кафедрада: "Бағдарламалау" зертханасы, "Компьютерлік желілер" зертханасы, "Деректер қоры" зертханасы, "Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектура" зертханасы бар.

                Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 13 академиялық топта кураторлық жұмыс жүргізеді.

IMG 20190227 WA0050 IMG 20190228 WA0006

Профессор-оқытушылар құрамы:

  1. Онгарбаева М.Б. - п.ғ.к., кафедра меңгерушісі;
  2. Аязбаев Т.Л.- ф-м.ғ.к, доцент;
  3. Тасыбаев А.Қ-т.ғ.к., доцент м.а.;
  4. Галагузова Т.А.- математика магистрі;
  5. Байтуганова А.О.- математика магистрі;
  6. Базарбекова А.А.- математика магистрі;
  7. Бузаубекова С.Ж.- педагогика және психология магистрі;
  8. Ерманова Г.Б. – жаратылыстану ғылымдары магистрі;
  9. Алтынбекова Ж.Т. – физика магистрі;
  10. Салгараева М.И. – информатика магистрі.

          Кафедраның ғылыми бағыттары:  

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҒТА ұлттық орталығында тіркелген "Білім беруді ақпараттандыру жағдайында ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру" (2019-2021жж) тақырыбы бойынша ғылыми-зерртеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін іске асыру барысында профессор-оқытушылар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды және оқулықтар мен оқу құралдарын баспадан шығарады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, бұл оқу үдерісін жетілдіруге ықпал етеді. Кафедрада студенттер үшін «Робототехника» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі аға оқытушы Ерманова Г.Б.

Мамандық студенттері үнемі ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысады. Кафедра студенттері Республикалық программалау бойынша студенттер арасындағы олимпиадаларға қатысқан, бірнеше онлайн оқу курстары (Java Developer, .Net Developer, Database Developer, Sololearn және т.б.) мен конкурстардың (Lavteam) жүйелі қатысушылары.

         29.03.2019 ж. 5В060200- «Информатика» және 5В070400 - «Есептеу техникасы және 
бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері  ҚазМемҚызПИ-де өткен
Қазақстан университеттерінің арасында «IQ-Аламан» зияткерлік сайысында I орын алды.
IMG 20190227 WA0037
WhatsApp Image 2019 05 31 at 17.15.37

          Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру:

Жыл сайын ПОҚ тиісті сертификатпен расталатын оқытылатын пәндер бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан немесе заманауи кәсіпорындарда (ЖШС) өндірістен қол үзбей практикалық тағылымдамадан өтеді: Тараз қ. "Өрлеу" БАҰО бағдарламасы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары (П. ғ. к. М. Б. Оңғарбаева, оқытушы Базарбекова А. А.), күшейтілген тілдік дайындық үшін біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы Ерманова Г. Б, аға оқытушы Бузаубекова С. Ж.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша жоғарылату курстары (аға оқытушы Бузаубекова С. Ж., аға оқытушы Алтынбекова Ж. Т., аға оқытушы Салгараева М. И.), бағдарламалау бойынша жоғарылату курстары (аға оқытушы Галагузова Т.А.) және т. б.

 Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары:

Кафедра өзіне қарасты «5В060200-Информатика» және «5В070400- Естептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандықтарына қатысты жұмыс берушілерімен бірнеше жыл жұмыс атқарып, тығыз байланыс орнатқан. Кафедраның келісім-шарт жасасқан мекемелері мен орта мектептері: ЖШС «F1_COM», ЖШС«Тамса», ЖШС «Глобал Интернэйшн Компани», ЖШС «Рев-НУР», №16 орта мектеп, №47 орта мектеп.

Мекен-жайы: Қойгелді 163 «А»

Тел: 8 7262 57-11-22

e-mail:cafikt@mail.ru

Кафедра жетістіктері

 5В060200-Информатика 

Білім бағдарламасы

Элективті пәндер каталогы

2018-2022 оқу жылына арналған

5В070400-Есептеу техника және БҚЕ

Білім бағдарламасы

Элективті пәндер каталогы

2018-2022 оқу жылына арналған

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d