Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

«Математика және есептеу техникасы» кафедрасы

Мамаев Шари 4

Аты-жөні: Мамаев Шари Мамаевич 
Туған жылы, айы, күні: 14.12.1952 
Білімі: жоғары
Мамандығы: «Тұтас орталар механикасы»
Бітірген оқу орны: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Университеттегі қызметі: «Математика және есептеу техникасы » кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Кафедра тарихы: «Математика және есептеу техникасы» кафедрасы 1.09.2012 ж. екі «Математика және математикалық модельдеу» және «Информатика және есептеу техникасы» кафедраларының қосылуымен құрылды.
Профессор-оқытушылар құрамы:

  1.  Мамаев Ш.М.- ф-м.ғ.д., профессор;
  2.  Умбетов Ө.- т.ғ.д., профессор;
  3.  Абитбеков И.- ф-м.ғ.к., доцент;
  4.  Жүсіпов К.- ф-м.ғ.к., доцент;     
  5.  Аязбаев Т.Л.- ф-м.ғ.к, доцент;
  6.  Бөлеева Л.- п.ғ.к., доцент;
  7. Оңғарбаева М.Б.- п.ғ.к., доцент м.а.;
  8. Тасыбаев А.Қ.- т.ғ.к, доцент м.а.;
  1. Галагузова Т.А.- математика  магистрі;
  2. Омарова Д.Б.- математика  магистрі;
  3. Бузаубекова С.Ж.- педагогика және психология магистрі;
  4. Алтынбекова Ж.Т.-физика магистрі;
  5. Салғараева М.И.-информатика магистрі;
  6. Абдибеков Қ.Б.-қаржы магистрі;

      15. Базарбекова А.А-математика магистрі.
Кафедрада дайындалатын мамандықтар тізімі: 5В010900-Математика, 5В060100- Математика, 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В060200-Информатика, 6М010900-Математика. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне «Информатика», «Математика» жалпы міндетті пәндерден дәріс береді.
Кафедраның ғылыми бағыттары: Дифференциалдық теңдеулер және оның қолданбалары,  математикалық талдаудың, IT-технологиялар, компьютерлік басқару жүйелері, математиканы  және   информатиканы  оқыту әдістемелері.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары  бір бағытта жүргізіледі: «Шекті өлшемді денелердегі стационар емес үрдістердің өту ерекшеліктері». Ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.д.,  ТИГУ-нің профессоры Мамаев Ш.М.
Кафедраның жетістіктері: 2015-2016  оқу жылында кафедра ПОҚ жеке ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша 1 оқу құрал, 7 оқу-әдістемелік құрал, 1 импакт-фактор және 4 ғылыми журналдарда мақалалар жарық көрді, 7  халықаралық және 9 республикалық конференцияларда (студенттермен бірге) 40 мақала баяндалды.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру:  Кафедра доценті, ф.м.ғ.к.  Мамаев Ш.М. 2014 ж. желтоқсан айында Ресей Федерациясының Қазан федералды университетінде 01.02.04- Деформацияланатын қатты денелер механикасы мамандығы бойынша «Нестационарные процессы в упругих, упруго-пластических и упруго-вязко-пластических телах конечных размеров» тақырыбында  докторлық диссертация  қорғады.  Кафедра доценті, п.ғ.к. Бөлеева Л.Қ. 03.06.-12.06.2014ж. аралығында Англия Норвич қаласында «Norwich Institute for Language Education (NILE)»,  оқытушы Абдибеков Қ.Б. 16.06.– 30.06.2014 ж.  аралығында Англия, Ньюкасл қаласында «Enhancinq Learninq and Teachinq in Hiqher Education»  квалификацияны жетілдіру курсына қатысып, өз білімдерін  жетілдірді.
Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Тараз қаласының мекемелері мен орта мектептері:  ЖШС «Gulser computers», ЖШС «Тамса», «Айведи Тараз», №16 орта мектеп, №30 орта мектеп, №48 орта мектеп, №47 орта мектеп, Жамбыл ауданы «Бірлесу-еңбек» орта мектебі.

Бағдарлама

Бағдарламаның толық нұсқасын - Жүктеу

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер