Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

«Стандарттау және физика» кафедрасы

«Стандарттау және физика» кафедрасы

standart

 

Аты-жөні: Рахманова Жансауле Сергейқызы

Туған жылы, айы, күні: 08.02.1968

Білімі: жоғары

Мамандығы: Текстиль өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары, инженер-механик

Бітірген оқу орны: С.М.Киров атындағы Ленинград жеңіл және текстиль өнеркәсібі институты

Университеттегі қызметі: «Стандарттау және физика» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымының кандидаты (PһD), Аймақтық Менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі

Кафедра ұраны:  «Сапалы білім алу – баршаға міндетті»

«Стандарттау және физика» кафедрасы кафедрасының меңгерушісі - Рахманова Жансауле Сергеевна, т.ғ.к., доцент, АМА профессоры, корреспондент мүшесі.

Рахманова Жансауле Сергеевна 1985-1990 жылдары С.М.Киров атындағы Ленинград жеңіл және текстиль өнеркәсібі институтында оқып, «Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша инженер-механик деген біліктілікпен аяқтаған.

1990-2008 аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі» факультетінің деканы орынбасары, «Технологиялық процестегі стандарттау және сертификаттау» кафедрасында доцент қызметін атқарған.

2008 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Жаратылыстану» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының төрайымы және «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.

70 ден аса ғылыми мақалалардың авторы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде (Ресей, Чехия, Польша, Румыния, Болгария, Индия, Қырғызстан), Республика көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып отырады. ИСО стандарттарын қолдану, сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсарту, жаңашыл әдістерді оқу үрдісіне енгізу, «Платон» бағдарламасын қолдану бойынша , «Интерсертифика-Центр Азия» және т.с.с. сертификаттарын алған.

Кафедра тарихы: «Стандарттау және физика»  кафедрасы 2008-2009 оқу жылында Қ.А. Ясауи атындағы ХКТУ Тараз институтының «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының негізінде құрылған.

Кафедрада 5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В 012000 – Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша бакалаврлар, 6М 073200 – Стандарттау және сертификаттау, 6М012000-Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. Аталған мамандықтардың оқу процесін жүргізу үшін кафедра қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған, интернет желісіне тегін қосылған оқу залдары, 2 электронды оқу залы, 3 кәсіби зертханалары бар. Оқылатын пәндердің барлығы оқу-әдістемелік кешендермен қамтылған, міндетті пәндер бойынша электронды оқулықтар, виртуалды зертханалық жұмыстар әзірленген.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, адамзаттарының білім деңгейімен анықталатыны айқын.

Осыған орай, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы мемлекеттік білім стандарты деңгейінде ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды ендіруді міндеттеп отыр. Кафедра оқытушылары студенттердің сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін оқу процесін жаңаша ұйымдастыру, оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жолында да көп ізденіс, тәжірибелік алмасулар жүргізуде.  Инновациялық тәсілдердің ішінде кафедра оқытушыларының ең көп мән беретіні мәселелік оқыту технологиясы. Соның бірі студенттердің пәнді терең біліп қана қоймай нақты жағдайды талдау дағдысын дамытып, техникалық – экономикалық дұрыс негізделген шешім қабылдауын дарытатын лекция, зертханалық және тәжірибелік сабақ тақырыптарына байланысты өндірісте (өмірде) болып тұратын нақты проблемалық жағдайлардан мысал келтіріп, оларды шешу жолдарын қарастыру.  Мәселелік оқыту технологиясын пайдаланып мамандардың дайындығын жетілдірудің мүмкіндігі мол. Мысалы, Стандарттау, Сертификаттау, Сапаны басқару пәндерінің кіріспесінен бастап барлық лекциялық тақырыптары мәселелік оқыту технологиясымен жүргізіледі. Кіріспеде студенттердің алдына пәннің негізгі «миссиясы» қазіргі замандағы сапа проблемасы екендігін негіздейтін мәселелерді айқындауды алға қойып оны шешу жолдарын философия пәндерінен алған білімдеріне және Мемлекеттің, Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқауларына, «Стратегия-2050» Президент бағдарламасына сүйене отырып табу ұсынылады. Мұның өзі білім алушылардың қисынды ойлау стилін дамыта отырып, пән аралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Лектор бөлінген уақытты үнемді пайдаланып, сабақта қаралатын тақырыптың тек негізгі және түйінді проблемалық жақтарына тоқталады, студенттердің түсінбеген сұрақтарына жауап береді, толықтырады.

5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы ҚР үшін өте жаңа мамандық. Мамандықтың қажеттілігі «Стратегия-2050» Президент бағдарламасын орындау, Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру және бәсекеге  аса қабілетті 30 елдің қатарына қосылу шартынан туындаған болатын. Қазіргі кезде әркім өмірдің қай саласы болса да сапалы болуын қалайды. Күнделікті тіршіліктен космос кеңістігіне дейінгі барлық қолданылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын бітіретін сарапшы-аудиторлардың қызметіне жатады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары (фирмалары) мен ұйымдары бәсекеге қабілетті өнім шығару және қызмет көрсете білу үшін Халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарының талаптарына сәйкес өздерінің сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеп, өндіріске енгізуде.  Осыған орай, әрбір кәсіпорында ұйымдастырылатын «Сапа менеджменті жүйесі» және «Сапа аудиті» бөлімдерін басқарушылар да осы мамандықты игеруі қажет. Сол себепті, әрбір Қазақстан азаматы үшін осы салада білімді болу – қазіргі заман талабы.

Медицина қызметкерлерінің алдына қойылған міндет халықтың денсаулығын сақтау болса, бұл мамандықты бітірушілердің міндеті халықты денсаулыққа қауіпті өнімдер және көрсетілетін қызметтерден сақтау.
5В012000 - «Кәсіптік оқыту»  мамандығы туралы толығырақ айтатын болсақ, «атына заты сай» демекші - белгілі бір кәсіптік оқыту. Сондықтан  «Кәсіптік оқыту»  мамандығы бойынша бакалавриат мамандығын бітірушілерге мамандануына байланысты 2 түрлі біліктілік беріледі:
1.Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу
2.Автокөлік құралдарын тұтыну және жөндеу

«Кәсіптік оқыту» мамандығының білімгерлері, теориялық және тәжірибелік тұрғыда өзінің мамандығын меңгере отырып, толық оқыту курсын өтеді. Ал жоғарғы оқу орындарының білім беру деңгейі әдетте практика саласында төмендегі негізгі мәселе болып табылады. Бірақ ТИГУ үшін бұл қиын емес - мұнда білімгерлердің педагогикалық,  сонымен қатар өндірістік тәжірибеден өтуі жоғары деңгейге қойылған.

Зертханалық сабақ барысында, студенттердің өздерін құрастырушы – модельер ретінде шығармашылық жағынан көрсетуге мүмкіндіктері бар. Мұнда олар сурет салады, құрастырады, тігеді, тоқиды, кесте тігеді, бір сөзбен айтқанда киімді көркем безендірудің барлық дағдыларын және оны толық әзірлеуді меңгереді. Оқу процесіне жаңа оқыту технологиясын  ендірудің нәтижесінде студенттер сабақты дәстүрлі түрде емес, түрлі ойындар, конференциялар, тренингтер түрінде өтеді. Ол студенттердің дүниетанымына, аналитикалық және логикалық дамуына ықпалын тигізеді,өз бетінше шешім қабылдап, жан- жақты ойлауына көмектеседі.

 

sms kafegra

Профессор-оқытушылар құрамы:
Кафедрада 13 профессор-оқытушылар қызмет етуде. Соның ішінде 3т.ғ.д., профессор (Немеребаев М., Спандияров Е., Муслимов Н.Ж.), 6 т.ғ.к. (Саржанова Г.Ш., Конысбеков М.А., Рахманова Ж.С., Булекбаева К.Б., Маликтаева П.М., Сасықбаева К.А.); 4 магистр ( Мусилимова А.Б., Абай Г, Алиева Г,  Амиралиева И.У.) және зертхана меңгерушісі Байдилдаева Х.Ж., оқу шебері Акеева Г.Ж., оператор Маламанова А. қызмет етуде.

Кафедра жетістіктері:
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті бойынша бекітіліп жарияланған ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу жөнінде ережелерге сәйкес ұйымдастырылған. 2013–2014 оқу жылында кафедрадағы ынталы ғылыми-зерттеу жұмыстары ТИГУ- нің кешенді ғылыми бағдарламасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарына сәйкес келесі  бағытта жүргізіледі:
«Тұтынушы талаптарына сай  тағамдық сапасы жоғары  қышқыл сүт сусындарын өндіру технологиясын жасау» .(регистрациялық  нөмірі 0112РК03041. 090207/19 11.01.2013.).
Тақырып бойынша 3 инновациялық өнертабысқа ұсыныс беріліп, оң шешім алған:
1 Спандияров Е.С., Саржанова Г.Ш., Ерғалиева Ж.К., Маликтаева П.М. «Устроиство для определения угла естественного откоса сыпучих пищевых материалов» тақырыбы бойынша.
2. Спандияров Е., Сұлтанов С.Д. Қымыз  дайындау  тәсілі. Инновациялық патентке 17.10.2013 ж. №79273 оң шешім келді.
3. Спандияров Е., Горбатовская Н.А., Аязбаев Т.Л. «Универсальное сепарирующее устройство» Инновациялық патенттің оң шешімі келді №2013/0234.1 от 23.07.2013 года №12-3/2940.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аккредитациялық органының куәлігі берілген (Астана, бұйрық  № 939, 8-желтоқсан 2004 ж.) «Физхимприбор» ЖШС қызметкерлері проф. Е. Спандияровтың жетекшілігімен оқу және ғылым мекемелеріне арналған приборлардың 22 отандық үлгілерін әзірлеу өндірістік түрде жолға қойылған. Олардың төртеуі отандық инновациялық патенттермен қорғалған. Приборлар «Алтын сапа» көрме-конкурсында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің  алғыс хатына ие болған  және ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев осы көрме-конкурста приборлармен танысқан.
Сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі Тараз қ. «Казфосфат» ЖШС-не «ZNAMBYL STANDART» ЖШС-а, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тамақ өнеркәсібі ғылыми зерттеу институтына» және кафедра пәндерінің оқу үрдісіне енгізілген. Кафедра профессоры Е.Спандияровтың басшылығымен Жамбыл облыстық сүт комбинатында ашымық өндіретін цех ашылып іске қосылған (1991 ж), инновациялық патентпен қорғалған ұзақ сақтауға төзімді қымыз дайындау тәсілі Тараз қаласындағы «Заң» ЖШС өндірісіне енгізілген (2013 ж). Кафедра профессоры Е.Спандияров білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі мен жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі зор табыстары үшін Қазақстан Республикасының  білім беру ісінің үздігі белгісімен, үздік оқытушы мемлекеттік грантымен марапатталған.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру:
Кафедра оқытушылары әрдайым біліктіліктерін көтеріп отырады. ИСО стандарттарын қолдану, сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсарту, жаңашыл әдістерді оқу үрдісіне енгізу, «Платон» бағдарламасын қолдану бойынша  «Өрлеу», «Интерсертифика-Центр Азия», Thomson Reuters Девид Хоркидің, Түркияның сертификаттау орталығының, «ARTA Learning Solutions» ЖШС-нің және т.с.с. семинарларына қатысып, сертификаттар алған.

Кафедра оқытушыларының 1-уі (Немеребаев М.Н.) Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі, 2-і ( Саржанова Г.Ш., Ж.С. Рахманова) Аймақтық Менеджмент Академиясының профессоры корреспондент мүшесі, 3-і (Маликтаева П.М.,  М.А. Қонысбеков) Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессоры (доцент).
Кафедра оқытушылары Г.Ш. Саржанова, Ж.С. Рахманова, А.Б. Мусилимова «Платон»  автоматтық ақпараттық жүйе меңгергендігі туралы сертификат иесі.

Кафедраның аға оқытушысы Мусилимова А.Б. Қырғызстан Халықаралық Университетінің PhD докторантурасының 2-ші курсында оқиды. Жас оқытушылар Амиралиева И., Абай Г., Алиева Г. «Жоғарғы мектеп педагогикасы» курсына қатысады.

Кафедра оқытушылары 3 инновациялық патенттің иесі: «Сусымалы тамақ материалдарының еңкіштік бұрышын анықтауға арналған құрылғы» (Спандияров Е.С., Саржанова Г.Ш., Ерғалиева Ж.К., Маликтаева П.М.), «Қымыз  дайындау  тәсілі» (Спандияров Е., Сұлтанов С.Д.), «Универсальное сепарирующее устройство» (Спандияров Е., Горбатовская Н.А., Аязбаев Т.Л.).

Сонымен қатар кейінгі үш оқу жылында 3 оқулық: «Стандарттау негіздері» (Саржанова Г.Ш.), «Метрология негіздері» (Рахманова Ж.С.), «Тамақ өнімдерінің сапасын физико-химиялық тұрғыдан талдау» (Маликтаева П.М.), 1 оқу құралы «Ғылыми зерттеулер және инновация негіздері» (Спандияров Е.) және 6 оқу әдістемелік құрал: «Вопросы управления и самоуправления в деятельности студентов», «Содержание воспитательного процесса студенческой молодежи. (методические рекомандаций эдвайзерам», «Постулаты о личности педагога», «Теория и методика духовно-нравственного воспитания школьников», «Концепция  духовно-нравственного и профессионально-патриотического воспитания студентов», «Білімгерлерді рухани-әдептік және кәсіптік патриоттық тәрбиелеу концепциясы»  (Немеребаев  М.Н.) жарыққа шыққан.

Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары:
Жамбыл қаласындағы Аса аулындығы, Юрий Гагарин атындағы орта мектебімен, Тараз қаласындағы № 37, 32 мектептермен, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан аулы, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебімен, Жамбыл облысы, № 3 Байзақ колледжімен, «Али –Army –Food»  ЖШС-мен ынтымақтастық келісім-шарттар және Алматы гуманитарлық-техникалық университетімен ынтымақ-тастық меморандум жасалған.

Мекен-жайы:  Тараз қаласы,  Желтоқсан көшесі №69 «Б», Рысбек батыр көшесі№ 13 «Б»

 

Бағдарлама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ- ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

Тараз инновациялық- гуманитарлық

университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор

___________________________Е.Б.Саурықов

«_____»_________________201 ж./г.

 

 

 

БАКАЛАВРИАТ

Білім бағдарламасы

МАМАНДЫҒЫ 5В012000 «Кәсіптік оқыту»

 

 

 

ТАРАЗ - 201

 

 

 

 

Модульдік білім беру бағдарламасының құрылымы

 

1.Білім беру бағдарламаның аталуы: 5В012000-Кәсіптік оқыту

2. Білім беру бағдарламаның деңгейі: Бакалавриат

3.Білім беру бағдарламасының паспорты 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығының модульдік білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жоғары білім (бакалавриат) мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 02.09.1999ж. №1290 «Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын іс-шаралар әзірлеу, бекіту және жұмыс істеу мерзімдері тәртібі туралы» бұйрығымен  бекітілген (18.02.2003ж. №170 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген өзгертулер және қосымшалармен)

3.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты «Ғылыми-педагогикалық, өндірісті-техникалық міндеттерді және білім саласындағы мемлекттік саясаттың негізгі бағытындағы стратегиялық мәселелерді шеше алатын жаңа формациядағы педагогты, маманды қалыптастыру; кәсіби оқыту педагогы, еңбек технологиясы мен кәсіпкерліктің қажетті жүйедегі және кәсіби қызмет түрлерін орындау»

3.2. Білім беру бағдарламасының міндеттері. Алға қойылған мақсатты негізге ала отырып,  келесі міндеттер қалыптастырылады:

3.2.1 Білім деңгейін  қазіргі заман талаптарына сәйкес қамтамасыз ету:

- дербестігін дамыту, ойлау қабілеті, өзін-өзі дамыту мен өз білімін жетілдіру;

- білім алушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктері ескеретін шарттарын қамтамасыз ету;

- білім беру үрдісінде шығармашылық атмосфераны құруға оқу үдерісіне деңгейлік бағдарламалар кеңінен енгізу;

- білім алушылардың оқу қызметіне  позитивті мотивациясын қалыптастыру.

3.2.2 Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар қалыптастыру:

- әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын жетілдіру;

- білім беру сапасын диагностикалау әдістемелерінің және жетілдіру технологиясы  зерттеуді  және енгізуді  ұйымдастыру;

- педагогтардың шығармашылық және ғылыми жұмыстарын  жариялауды ұйымдастыру;

- білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды  педагогтердің.оқуын жалғастыруға пайдалану.

 

3.2.3 Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруын  жетілдіру:

- оқу пәндерін өзара іс-қимылдарды интеграциялау негізінде жетілдіру;

- саралауды оқыту технологиясын, проблемалық оқытуды  дамыту;

- оқу-тәрбие процесі технологиясын қалыптастыратын негізгі құзыреттіліктер енгізу.

3.2.4 Физикалық дені сау тұлға қалыптастыру:

- шамадан тыс оқу жағдайларға  жол бермеу;

- білім алушылардың әлеуметтік-педагогикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулық сақтайтын қатынастар  қамтамасыз ету.

3.3 Біліктілігі және лауазымдар тізбесі.

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы білім беру бағдарламасының түлектеріне білім беру бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша – оқу мерзімі 4 жыл, оқу түрі – орта маман және екінші жоғары білім негізінде күндізгі және сырттай.

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бакалавриат бітірушілердің  біліктілігі және лауазымы «Мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік  кестесіне» сәйкес ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау 25.11.2010ж. №385 және ҚР БжҒМ 13.07.2009ж. №338. бекітілген  «Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар қызметтердің типтік біліктілік сипаттамалары» бекітілген.

3.4 Білім бері бағдарламасының квалификациялық сипаттамасы:

3.4.1 Кәсіптік қызмет саласы.

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім беру бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру сферасында және педагогика саласында іске асырады.

3.4.2 Кәсіптік қызмет объектілері.

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім беру бакалаврының кәсіптік қызмет обьектілері келесілер:

- жалпы білім беру мектептері, лицейлер және гимназиялар;

- оқу-өндірістік комбинаттар, кәсіби лицейлер, дайындау орталықтары және  жұмысшылар біліктілігін арттыру мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету мамандарының біліктілігін жоғарылату орталықтары;

- орта арнайы оқу мекемелері, колледждер;

- жергілікті және аймақаралық кәсіби бағдар мен кадрларды қайта дайындау орталықтары.

3.4.3 Кәсіптік қызмет тақырыптары.

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім беру бакалаврының кәсіптік қызметінің тақырыптары келесідей:

- техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысу, сондайақ ҚР ФИИР-ге;

- сала бойынша білім беру мекемелерінде оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және өткізу;

- білім алушылардың қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

3.4.4 Кәсіптік қызмет функциялары:

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

-     білім беру (оқу-тәрбиелеу, педагогикалық);

- ұйымдастыру-технологиялық;

- жобалық;

- зерттеу-эксперименттік.

3.4.5 Бітірушілердің кәсіптік қызметінің функциялары:

- тәрбие;

- білім беру;

- ұйымдастыру;

- құрастыру;

- коммуникативті;

- ақпараттық;

- өндірісті-технологиялық;
- жобалау;
- болжаулық;
- шығармашылық.
3.4.6 Кәсіби қызметтерінің типтік міндеттері:
білім беру қызметі саласында:
            - тәрбие және білім беру, кәсіптік технология және кәсіптік оқыту үшін мектепте, 
лицейде, гимназияда, ОӨК, мектептен тыс мекемелерде;
            - мектептер мен мұғалімдер, ОӨК-ның шеберлері, ата-аналар, басшылары мен
еңбек лауазымдық оқыту, білім беру және студенттердің кәсіби оқытуды ұйымдастыру
бойынша өндіріс өкілдерінің мұғалімдерінің ұжымдық жұмысымен байланысты мәселелерді шешуде;
            
            - өзінің  біліктілігін арттыру және жетілдіру.
            тәжірибе-зерттеу қызметі саласында:
            - ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену;
            - кәсіптік білім саласындағы озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорыту;
            - оқу процесінде олардың нәтижелерін енгізу арқылы педагогикалық зерттеулер жүргізу.
            ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

-     әр түрлі деңгейде кәсіптік оқыту мазмұнын жоспарлау;

-     оқу үрдісін ұйымдастыру және өткізу жолдарын анықтау;

            оқу-тәрбиелеу қызметі саласында:

-     заңдармен, заңдылықтармен, принциптермен, педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдерімен сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру;

-       ата-аналармен, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, оқушылар ұжымымен ара-қатынасты жақсарту.
3.4.7 Кәсіби қызметінің бағыттары:
Түлектердің кәсіби қызметі бағыттары, ол педагогикалық процесті сапалы басқару
және ұйымдастыру, тану қызметі әдістерін білім алушылардың белсенді игеруге бағыттау,
өзін-өзі ашу және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, әртүрлі педагогикалық
технологияларды пайдалану, жеке білім алу үшін және кәсіби бағдарға жағдай жасау,
педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік дұрыс тұрғызу.

4  Білім беру бағдарламасының түлектерінің білім мен дағдылары

5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы білім беру бағдарламасы бойынша міндетті:
білуі:

-     психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар негізі,

қазіргі заманғы өндірістің негіздері, құрылыс материалдары, еңбек және өндірістік процестің құралдары;

-     оқу шеберханаларын  жабдықтау талаптары;
-     экономика және кәсіпкерлік, маркетинг, білім беру мекемелерінде басқару,
өнеркәсіп және қызмет көрсету саласының негіздері мен қызмет көрсету сферасы;

-       жұмыстың мазмұны мен сипатына және ағымдағы өндіру, машина жасау және экономиканың аграрлық өндіріс, жол-көлік, энергетика және басқа да салаларының негізгі мамандығы бойынша талаптарды;

-       өндірісті ұйымдастыру және экономиканың негізгі сұрақтары, бірыңғай жүйесі жобалау және техникалық құжаттаманы.
істей алуы тиіс:

-       әлеуметтік маңызды мәселелерді және процестерді және кәсіби, білім беру, әлеуметтік іс-түрлі ғылымдарының қазіргі заманғы әдістерін пайдалануды талдауды;

-     кәсіби, білім беру, әлеуметтік іс-түрлі ғылымдарының әдістерін;

-     өз жұмысн ғылыми түрде ұйымдастыру;

-     оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу;

-     оқу шеберханаларын жасау және жабдықтау;

-       жұмыс оқу жоспарлары және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау және қайта даярлауды;

-     Электрондық оқыту жүйесін «е-learning» бойынша оқыту және білім беру қызметін жүргізу.

дағдылану:

-     оқу процесінде компьютерлік және кеңсе жабдықтарды пайдалануды;

-     білім беру үрдісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануды;

-     жұмыс тәжірибесі 3 разряд  деңгейінде заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалануды.

құзыретті болу:

- кәсіби педагогика, өндіріс сферасы саласында, мамандану саласы бойынша, білім беру процесін басқару сферасында, білім және өндіріс сферасында ақпараттық технологияларды пайдалану облысында.

5. Оқыту нәтижелері

Оқыту нәтижелері Дублин дескрипторларының тиісті деңгейдегі білім беру негізінде анықталады. Негізгі нәтижелер бес оқу деңгейі (ОД) болып бөлінеді:

ОД 1 – білім және түсінік (білімді көрсете білу және зерттелетін саланы, осы саладағы ең алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда);

ОД2 – білім мен түсінікті қолдану (білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану);

ОД3 – ой-пікірді қалыптастыру (дәлелдерді тұжырымдау және оқылатын саланың мәселелерін шешу);

ОД4 – коммуникациялық қабілеттер (әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсінікті ескерумен ой-пікірді қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;

ОД5 – оқыту дағдылары немесе оқуға қабілеттілік (мамандарға, және сондай-ақ, маман еместерге ақпаратты, идеяны, мәселелер мен шешімдерді хабарлау).

6. Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (құзыреттілігі)

6.1 Құзыреттіліктер тізімі: 5В012000-Кәсіптік оқыту

Әр мемлекеттерде құзыреттілікті белсенді және тиімді қолдану арқылы «Болон процессі» негізін қолданады.

ЖОО бітірушілерінің жалпы құзыреттілігі жалпы білім беру талабының, әлеуметтік-этикалық құзыреттілігіне,  экономикалық және ұйымдастырушылық басқару құзыреттілігіне, арнайы және басқа да құзыреттілігі негізінде қалыптасады.

Бағдарламаны - толықтай көру

Презентация кестесі

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті

«Стандарттау және кәсіптік оқыту» кафедрасы

«Кәсіптік оқыту» мамандығының 2016-2017 оқу жылына жоспарланған элективті пәндер презентациясын өткізу кестесі

 

 

 

 

 

Презентация кестесін толықтай көру

 

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер