Кафедра туралы

         «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» кафедрасы

   

«Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының тарихы: «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының негізі 2009 жылдан басталады. Оның қызметінің негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты қалпына келтіру және нығайту, функционалдық жағдайды жақсарту, студенттерге күнделікті өмірде, оқу мен жұмыста қажетті кәсіптік және қолданбалы дағдыларды меңгерту.
«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы «Білім» факультетінің құрамында 2009 жылдан бері салалық мамандар дайындауды жүзеге асыруда. Кафедраның жоғары санатты профессор-оқытушылар құрамымен жабдықталуына жоғары талаптар қойылған. Бүгінгі таңда кафедрада кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Немеребаев М.Н., медицина ғылымдарының кандидаты Г.Нурумова, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Әбдікерімов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Д.Қандыбаев, Қазақстан Республикасының спорт шебері Смағанбетова А., подполковник Тұрсынбаев М., запастағы майор Үсен Б., аға оқытушылар Аманкулова К., Орымбаев А., Абдыхайранов У., Кошкинбаев С., Уразова Г., Касымова А., Перманова К., Бекбергенова М., Мусабеков С. және оқытушылар Томан Ф, Кали Б., Мейірбеков Т. еңбек етуде.
«Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша оқытудың: күндізгі, сырттай, екінші жоғары формаларына сәйкес кафедра мамандар дайындауды іске асыруда.
Білім беру сапасы көбінесе университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес нақтыланады. Мамандарды заманауи қажеттіліктерге сай дайындау білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жетілдірудің қажет екенін көрсетіп отыр. Яғни, мамандарды дайындауға қойылатын талаптар, білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыруды қажет етеді.

«Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы өзінің мақсатты еңбегін іске асыру барысында студенттердің жоғары кәсіби және спорттық жетістіктерге жетуі үшін теориялық курсты оқыту деңгейін жоғарылатуды, оқу-жаттығу жиындарын өткізудің сапасына байланысты мәселелерді жақсартуды өз міндеті деп есептейді.

Кафедра туралы

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ және БАСТАУЫШ ОҚЫТУ» кафедрасы

   

Кафедраның құрылған күні – 01.09.2018ж. 

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін дайындайды.
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітіруші түлекке, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бакалавры төмендегі қызметтерді атқарады:
– мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;
–педагогикалық колледж оқытушысы;
–білімді басқару департаментінде жетекші маман;
педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институтында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман.
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы: маманның кәсіби әрекеті сәби, мектепке дейінгі және мектепалды дайындық топтарындағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуға бағытталған. Түлек педагогикалық, ұйымдастыру-басқару, білім беру әрекеттеріне дайын болуы тиіс.
5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы: бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері – оқу іс-әрекетінде оң мотивтері мен біліктерін қалыптастыруға бағдарланған оқу жазу, есептеу, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірбесінің берік дағдыларын алуға, шығармашылық өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, жүріс-тұрыс мәдениетіне, тұлға гигиенасының негіздерін және салауатты өмір салтын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын игеру үшін негіз жасайтын білім берудің алғашқы сатысында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу.
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша баклаврлар төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады:
ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);
педагогикалық процесті басқару («субъект-субъект» өзара әрекеті);
жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді жобалау);
–ғылыми-зерттеу (озық педагогикалық тәжірибені ғылыми негізде зерттеу, жинақтау, тарату);
білім берушілік-педагогикалық (оқуды үйрету).
Кафедрадағы ПОҚ-ы кафедрадағы оқу жұмысы, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыс, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасының 18.02.2011жылғы «Ғылым» туралы заңын басшылыққа алады.
Кафедра құрамында 1 ғылым докторы, профессор, 2 ғылым кандидаты, доцент, 1 PhD, 4 аға оқытушы, 1 оператор қызмет атқарады.
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасында кафедра меңгерушісі – п.ғ.к., доцент, Елубаева Рахат Сайлаубекқызы.Сонымен қатар, кафедрада белгілі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бөлеев және п.ғ.к., д.м.а. Ж.Ускенбаева, д.м.а., PhD А.М. Байкулова, кафедраның аға оқытушылары Н.А. Фатикова, Р.Е. Ажибаева, Д.М. Наурызбаев, А.Р. Жакипова студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеуге баулып, студент-жастардың патриоттық тәрбиесіне де зор көңіл бөлінеді және университет, факультет көлемінде семинар-тренингтермен, конференциялар ұйымдастырып отырады.

Мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың тізімі

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасында арнайы жабдықталған кабинеттер саны – 4: ««Бастауыш оқытудың әдістемелері» дәрістік оқу залы, ««Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» дәрістік оқу залы және ««Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» дәрістік оқу залы» «"Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының әдістемесі» зертханасы.

 

 

«Экономика және құқық» факультеті

                                              «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» факультетіekonom    Университет құрамындағы «Экономика және құқық» факультетінде 60-астам профессор-оқытушы дәріс береді. Оның ішінде 2 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, 4 PhD ғылыми атағы бар. Факультетте мыңға жуық студент білім алуда.
    «Экономика және құқық» факультетін таңдаған талапкер «Экономика», «Мемлекетті жергілікті басқару», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Құқықтану», «Тарих» мамандықтары бойынша бакалавриат дипломын алып шығады.
   Әрі қарай біліміңізді шыңдай түсу үшін «Экономика», «Қаржы», «Құқықтану», «Тарих» мамандықтары негізінде магистратураға түсуге мүмкіндігі қарастырылған.
    Факультет заң, тарих, экономика, қаржы салаларына мамандар даярлайды. Факультет түлектері экономикалық бағыттағы мамандықтар бойынша экономика, статистика, қаржы салаларын игерсе, тарих бағытындағы білім беру салаларында ғылыми-зерттеу институттарында, мұражайларда қызмет ете алады. Құқықтану бағытына келсек, заң және басқару салалары бойынша қызметтің барлық түрін атқара алады.
    Білімгерлерге ғылыми жұмыспен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. «Қазақстан тарихы» кафедрасында «Жас ізденуші» үйірме жұмысы ұйымдастырылған. Үйірме жұмысы «Жамбыл облысындағы топонимдердің генезисі» кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбындағы жұмысымен тығыз байланысты жоспарланған.
    «Құқықтану» кафедрасында «Болашақ заңгер», «Қаржы және есеп» кафедрасында «Қаржыгер» және «Есеп және аудит» үйірмелерінің жұмыстары ұйымдастырылған. «Экономика және басқару» кафедрасында «Жас бизнесмен» және «Жас басқарушы» атты үйірмелер жұмыс жасауда. Үйірмелер жұмысының негізгі мақсаты:
       -болашақ мамандарды қазіргі қоғам өмірінің экономикалық-басқару проблемаларымен таныстыру, олардың мемлекеттің экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатысу қабілеттілігін дамыту;
    -студенттердің терең кәсіптік білім алып, экономикалық теорияларды қаржы жұмысының практикасымен ұштастыра білуге, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға үйрету, болашақ мамандардың объективті дүние танымын қалыптастыру.
      Факультет студенттері спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Олар «Құқықтану» мамандығының 2 курс білімгері Дәулет Серікқалиұлы (көкпар), «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс білімгері Эльмира Ағабек (қол күресі), Қаржы» мамандығының 3 білімгері Ернұр Шымырбаев (футбол), «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс білімгері Зейтуна Байарыстан (каратэ-до), «Құқықтану» мамандығының білімгері Мөлдір Музарат (таэквон-до), «Құқықтану» мамандығының 4 курс білімгері Асылан Сахиев (қол күресі) спорт түрлерінен республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
     Университеттің «Жалынды жастар» КТК командасының мүшесі, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс білімгері Берекет Алдажаров та биік белестерді бағындыруда.
     Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті әрбір студенттің жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беретін инновациялық оқу орны.
       ТИГУ – сенің талабың мен біліміңді шыңдаудың керемет мүмкіншілігі!

«ҚҰҚЫҚТАНУ» кафедрасы

AskarbekkiziАСҚАРБЕКҚЫЗЫ НАЗИРА
Кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., д.м.а
Байланыс телефоны: 8 (7262) 54-11-24
E-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 69 «Б»., 1.205 каб

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 маусымында (№ 10485-1919-У-е) тіркелген.
      Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 1 шілдесіндегі № 804 бұйрығымен университет 2008-2009 оқу жылынан бастап өз қызметін жүргізіп келеді. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ № 006458 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын 2009 жылдың 18 мамырында алды.    
2009-шы жылдан бастап «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі болып з.ғ.к  Асқарбекқызы Назира қызмет атқарады. 2013 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры атағын алған.
     Бүгінгі күнге дейін ғылыми мақалалар саны: 20 ға жуық. Оның ішінде ЖАК журналдарына жарияланған және 2015 жылдың 1 қарашасында импакт фактор Asian Social ; Vol:11 No 26; 2015 ISSN 1911-2017 E-ISSN 1911-2025 Published by Canadian Center of Science and Education журналында жарық көрді. Біліктілікті жоғарылату бойынша: 7 сертификатқа ие. Марапаттар:  Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 5 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медаль. 2017 жылы «Дәстүрлі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар» атты монография жарыққа шықты. Монография нәтижесі оқу процесіне енгізіліп «ҚР мемлекет және құқық тарихы» пәнінің лекциялары толықтырылды. Жалпы еңбек өтілі 12 жылды құрайды.
   «Құқықтану» кафедрасы 5В030100-құқықтану мамандығы бойынша білім беріп, мамандарды даярлайды. Сапалы білім берудің кепілі – университет оқытушыларының біліктілігінде. «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаттары, PhD, доценттер, доцент міндетін атқарушылар, магистрлер және білікті заңгерлер, құқық қорғау органдары саласында жұмыс атқарған тәжірибелі судьялар, криминалисттер және өзге де мамандар қызмет етеді.
     «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары жоғары кәсіби қабілеттілігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, біздің оқытушылар студенттерге адамгершілік, ізгілік, мейірім тұрғысынан қарым-қатынас жасайды. Құқықтану мамандығы бойынша оқып жүрген студенттеріміз, күнделікті барлық заң пәндері бойынша дәріс тыңдап, өз ойларын білдіріп, саяси пікір қалыптастырып, кітапхана мен интернет жүйесінен мағлұмат алып, білім алуда. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің бекіткен стандарттарына сай университетімізде білім беру кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Әлем бойынша қолданылатын бұл жүйе студентті тұлға ретінде ашуға бағытталған. Болашақ заңгерлікті үйренуші студенттеріміз «ҚР-ның Қылмыстық құқығы», «ҚР-ның Азаматтық құқығы», «ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу құқығы», «ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Криминалистика» және т.б. құқықтану мамандығының пәндері бойынша дәріс сабақтарын, тәжірибе сабақтарын, семинар сабақтарын өтеді. Сонымен қатар, студентке өз қалауы бойынша таңдаған пәнді оқуға мүмкіндік беріледі. Мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдарымен екі жақты келісім щартқа сәйкес студенттеріміз соттарда, прокуратурада, әділет органдарында, ішкі істер және т.б органдарында практикадан өтеді.

IMG 7141 

2017-2018 оқу жылынан бастап теория мен практиканы ұштастыру мақсатында Жамбыл облыстық соты мен ЖОО арасында екі жақты келісім шартқа қол қойылып, аталмыш мекемеде кафедра филиалы ашылды. Студенттер аптаның 1 күнін сол кафедра филиалында сабақты өтеді. Жамбыл облыстық Криминалистикалық басқармамен байланыс орнатылып, ол жерде де «Құқықтану» кафедрасының филиалы ашылып екі жақты келісім шартқа отырды. Криминалистика пәні бойынша лекция, практика, лабораториялық сабақтары сол жерде өтіледі.

«Құқықтану» кафедрасында «Болашақ заңгер» атты үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірменің маңыздылығы студенттердің ғылыми жұмыстармен, зерттеу жүргізуге үлесін қосады. Студенттерге теорияны практикамен ұштастыру маңыздылығын арттыру мақсатында әр аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері Жамбыл обылысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында практикалық, тәжірибелік сабақтарды өтеді. Бұл болашақ заңгерлердің сапалы маман болып шығуына өз үлесін тигізеді.
      Кафедрада академиялық ұтқырлықты жетілдіру мақсатында республикамыздың жоғары оқу орындармен байланыс жасауды, кадрлар біліктігін арттыру жұмыстары және ғылыми-өндірістік қызметті жетілдіру жолдары дұрыс жолға қойылған.
      «Құқықтану» кафедрасының барлық профессорлық оқытушылық құрамы түгелдей дерлік университеттің барлық  іс-шараларына белсенді түрде ат салысуда. Атап айтқанда: спорттық іс шаралар, жиналыстар, конференциялар, кәсіби бағдар беру жұмыстары  т.б.
         Кафедра 2010 жылдан бастап құқық магистрлерін дайындайды. 


КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

5В030100  - Құқықтану (бакалавр)
6М030100 - Құқықтану  (магистратура)

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

КАФЕДРА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

КАФЕДРАНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ 

5В030100 - «Құқықтану» мамандығы күндізгі бөлім

ІV-курс студенттерінің өндірістік практикасынан өту туралы Есебі

 

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ

    ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ   

               

КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

"Экономика және басқару" кафедрасы 2008 жылы құрылды және қазіргі таңда университеттің жетекші кафедраларының бірі.
Кафедра қызметінің негізгі мақсаты - экономиканың нақты секторы, мемлекеттік билік органдары үшін жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз ету; экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында негізгі құзыреттілікті, білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Кафедраның халықаралық қызметі "Қазақстанның логистикалық қызмет нарығының инновациялық даму механизмін қамтамасыз етудің ғылыми негіздері" бағыты бойынша жүргізіледі. Кафедра Н.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университетімен келісім жасады, Бішкек.
"Экономика және басқару" кафедрасының оқытушылары мен студенттері халықаралық деңгейде ұйымдастырылған семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады, экономиканың инновациялық дамуы, экономикалық жүйелерді дамыту мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-тәжірибелік тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.

 

 

 

 

«Қаржы-есеп» кафедрасы

                                                                        КАФЕДРА ТАРИХЫ


       «Қаржы және есеп» кафедрасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Экономика және құқық» факультетінің алдыңғы қатарлы кафедрасы және оқу-ғылыми құрылымдық бөлігі болып табылады. Кафедра 2008 жылы университеттің құрылуымен құрылған 2012 жылы кафедра «Экономика және басқару» кафедрасымен біріктірілді, 2013 жылдан бастап қайта бөлінді.
      «Қаржы және есеп» кафедрасы жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім берудің келесідей деңгейлер бойынша дайындық жүргізеді:

 

Бакалавриат
5В050900 «Қаржы»
Бакалавриат
5В050800
«Есеп және аудит»
«Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін беруімен
«Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін беруімен
Магистратура
6М050900 «Қаржы»
Бейіндік бағыты «Экономика және бизнес магистрі» академиялық дәрежесін беруімен
Ғылыми-педагогикалық бағыты «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін беруімен

 

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫМЕН БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ
«Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтар бойынша дайындық ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде орыс және қазақ тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу нысаны жалпы, жалпы орташа, жоғары білім беру негізінде жүргізіледі.
Оқудың нормативтік ұзақтылығы:
    1.өндірістен бөлінуімен - бакалавриат  – 4 жыл.
    2.өндірістен бөлінбей – 2 жыл (ЖОО-дан кейін),
    3.3 жыл (ОКБ -нен кейін).
Академиялық дәрежесі–экономика және бизнес бакалавры
«Қаржы және есеп» кафедрасы - 5B050900 «Қаржы», 5В050800 - "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша және 6М050900 - «Қаржы» магистратурасы бойынша (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытта) мамандар дайындайды.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ (ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ (ҚАРЖЫ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ҚАРЖЫ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ( 7M04103 МАГИСТРАТУРА)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ( 7M04104 МАГИСТРАТУРА)

ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫ (ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ)

ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫ (ҚАРЖЫ)