МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

«Өз басымды өз жырыммен қарайтам...»


     Келесі сөз кезегі намысы – найза, серті – семсер, төзімі – тоң, жігері – жалын, ата-баба дәстүрін ұстанған ақын Маралтай  Райымбекұлына берілді.
     Одан соң  әрбір өлеңінің тарихы бар, буырқана жазатын, тылсым тілде жазатын Маралтай ақынның  шығармашылығы жайында баяндама оқылып,  жас ақындар ақын өлеңін жатқа оқып, арнау өлеңдерін оқып,  сыр-сұхбат жасалып, ақынмен тікелей  тілдесті.
      Келесі кезек әкенің өлең сөзге деген махаббаты киелі сахнаның төріне шығуына ықпал етіп, өнер сөзге дес беріп, әке жолын қуып жүрген  Ғайникен Маралтайқызына берілді.
     Осылайша даламен үндесіп, бабамен тілдесіп, жаңамен үйлесіп, санамен күн кешіп өз биігіне жеткен, халқына арқа сүйеп, қайсар болған, еліне еркелеп жауһар болған, оқырманына сүйеніп қаһарман болған ақынмен кездесу студенттер мен оқушыларға, профессор-оқытушылар құрамына,  кеш қонақтарына  үлкен рухани азық болды.

                                                     Ұйымдастырушылар: «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Филология» кафедрасы

 O47A3223O47A3248O47A3258O47A3287O47A3364O47A3427O47A3439O47A3444O47A3450

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

logopromishrevol kaz

Фотогалерея

logo 3d