Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

2000 жылдық тарихы бар Тараздан 20 жылдық Астанаға

DSC 0045    Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша Қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қала. Біздің Елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады.DSC 0423    Еліміздің жүрегі іспеттес Астана қаласының 20 жылдығы және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығы аясында «Астана - Жамбыл облысы жастарының көзімен» атты Астана қаласына саяхатқа университетіміздің үздік студенттері барып қайтты. DSC 0720    Саяхаттың мақсаты оқуда, ғылымда, өнер мен спортта жетістікке жеткен және университеттің имиджін арттыруға үлес қосып жүрген белсенді студенттерді Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру. Саяхат тек көрікті жерлерге экскурция жасаумен ғана шектелмей керемет кездесулерге де ұласты. Саяхат барысында студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаевпен кездесті. Партия Төрағасы еліміздің саяси-экономикалық дамуы жайлы баяндап, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетіне айналған Астана – Елбасының саяси жетістігі екенін атап өтті. Әли Әбдікәрімұлы жастарды ынтымақ пен халықтар достығын ту қылып ұстап, еліміздің ертеңіне үлес қосуға шақырды. Игі шараның бастамашысы болған Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұжымына алғыс білдіріп, «Алтын тұғыр» әдеби жинағын тарту етті.DSC 0613    Сонымен қатар, студенттер Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президенті оркесторының жетекші әншісі жерлесіміз Досымжан Қарпықұлы Таңатаровпен кездесті.DSC 0243 Кездесу барысында Д.Таңатаров студенттермен өзара сұхбаттасып, ақыл-кеңестерімен қоса азды-көпті қызықты, тәрбиелік маңызы бар әңгімелерін айтып, ой бөлісті.
    Студент жастар екі күндік саяхатта Астана қаласының көрікті жерлерімен танысып, керемет әсермен қайтты.

Жастар ісі жөніндегі комитет

DSC 0366DSC 0378

DSC 0243DSC 0700

DSC 0902

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d