Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

Екі жақты меморандумға қол қойды

         IMG 20180719 WA0019

Екі жақты меморандумға қол қойды     
     Кённам Ұлттық ғылым және технология университеті, Джинджу қаласы, Корея

      2018 жылғы 14 шілдеде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында Кённам Ұлттық ғылым және технология университетінің ректоры Нам Кёнг Ким басқарып келген делегация мүшелерімен  кездесу өтті. Делегацияны бастап келген университет ректоры Нам Кёнг Ким өзінің Қазақстанға келген сапарының мақсатымен таныстырды. 110 жыл тарихы бар университеттен келген делегация құрамын Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қысқа мерзімдегі жеткен жетістіктері мен жасап жатқан қызметі қызықтырды.
      Өз кезегінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Е.Саурықов 10 жыл тарихы бар университетіміз аз уақыт ішінде алыс-жақын шет елдердің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен әріптестік байланыс жасап үлгергенін атап өтті.
Кездесу барысында екі жоғарғы оқу орнының басшылары «Өзара түсіністік» туралы меморандумға қол қойды.
Білім саласындағы ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту мақсатында жасалған меморандумда келешекте төмендегі мәселелерді жүзеге асыру көзделеді:

  • ізденушілер мен оқытушылар құрамын және әкімшілік қызметкерлермен алмасу;
  • бакалавриат, магистратура студенттерімен іздену және оқыту мақсатында алмасу;
  • бірлескен ғылыми жобалар жасау;
  • симпозиумдар ұйымдастыру және дәрістер оқу;
  • академиялық ұтқырлық бойынша ақпарат алмасу т.б.

Сондай-ақ, делегация мүшелері университетіміздегі корей тілін оқыту орталығындағы студенттермен кездесу өткізіп, олардың корей тілін еркін меңгергеніне ризашылық білдірді.

МИТ бөлімі

IMG 20180719 WA0020IMG 20180719 WA0021IMG 20180719 WA0030IMG 20180719 WA0033IMG 20180719 WA0036

 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d