Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!

IMG 1777 29 08 18 03 12

Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!

      Өткен оқу жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін табысты аяқталған болатын. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының Ұлттық рейтінгі орталығы белгілі бір критерийлер бойынша 2018 оқу жылының қорытындысын жариялаған еді. Еліміздегі үздік көп салалы жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтінгісі бойынша 19-орынды иеленгені құрылғанына енді ғана 10 жыл толып отырған университетіміз үшін қуанарлық жағдай.
      2018-19 оқу жылынада 28 бакалавриат мамандықтары бойынша  мемлекеттік грант иегерлері атанған талапкерлер университетіміздің студенттері қатарын толықтырып отыр. Сонымен қатар, университет ректорының тағайындаған ректорлық және әлеуметтік гранттары да өз иелерін тауып, жастарымыздың білім-ғылымға деген ынтасын арттырары сөзсіз. Осының өзі келешекте білікті мамандар даярлауда университетіміздің ел мүддесі үшін атқарар жүгінің ауқымды  екенін байқатқандай. Сондай-ақ, Тараз инновациялық- көпсалалы колледжінің де 75 білім алушылары мемлекеттік грант иегері атанды.
      Студенттеріміздің сапалы білім алуы үшін университет басшылығы барлық мүмкіндіктерді жасауда. Еліміздің жоғарғы оқу орындарынан арнайы білікті мамандарды тартып, оларға жұмыс жасау үшін жағдай тудырып отырғаны да баршаға аян. Алыс-жақын шет елдерден де келісімшарт негізінде дәріс оқитын білікті мамандарды шақырып студенттерге сапалы білім алулары үшін жан-жақты жағдай туғызып отыр. Университетіміздің басқа да алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып түрлі халықаралық, республикалық деңгейде өткізіп жатқан конференциялары мен дөңгелек үстелдері өз нәтижесін беріп жатыр.
      Алдағы оқу жылында жаратылыстану ғылымдарының студенттері үшін жаңа ғимарат өз есігін айқара ашып отыр. Студенттеріміз заман талабына сай білім алулары үшін жасалып жатқан тағы бір жаңалық. Бұл жерде барлық кабинеттер соңғы үлгідегі жаңа құрылғылармен жабдықталып, студенттердің жан-жақты білім алуларына толық қанды жағдай жасалған. Тек жастарымыз өздеріне жасалынып жатқан осындай игі істерді бағалай білсе болғаны.
      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің үшінші бағытында студент жастарды жатақханамен қамту мәселесіне айрықша тоқталған болатын. Мемлекет басшысы бұл тұрғыда «Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек. Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді» деп атап көрсетті. IMG 1801 29 08 18 03 12     Елбасының әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында, Жамбыл даңғылының бойында орналасқан «Тараз» қонақүйінің ғимаратын студенттер үшін алып, оған барынша жөндеу жұмыстарын жасап, биылғы оқу жылының өзінде-ақ 200-ге жуық  студентті  «Студенттер үйіне» орналастыру көзделіп отыр.
       Биылғы оқу жылы табысқа толы болсын, әріптестер!

Медиа және имидждік технология бөлімі

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d