Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

O47A5184

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

     Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас ғимаратының мәжіліс залында 2018 жылдың 29 тамызы күні сағат 11-00-де Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға университетіміздің профессор-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты. Дөңгелек үстелді университетіміздің Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры – Әшірбеков Санат Сағынбекұлы жүргізді. Жиынды Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашқаннан кейін, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент м.а. Асқарбекқызы Назира «Конституция ұлттық құндылығымыз!» және «Тарих» ғылымдарының магистрі Бейбітов Нұрбек Жолдасалыұлы «Конституция тұрақтылық пен келісімнің кепілі» атты баяндамалар жасады. Жиынға қатысқандар баяндамашыларға өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алғандарына ризашылықтарын білдірді.

O47A5195O47A5210

       Жиынның екінші бөлімінде Жамбыл облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен эссе конкурсынан жүлделі орын алған университетіміздің жастары арнайы марапатталды.   «Медиация» тақырыбында эссе жазудан «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Хайтметова Дильнури жүлделі 3 орынға ие болса,  «Конституцияның құндылықтарын түсіну мәселелері және конституциялық құқықтың қазіргі заманғы проблемалары» бойынша эссе конкурсының республикалық турниріне қатысқаны үшін 2 курс студенті – Затыбеков Айдос Сәкенұлы Алғыс хатпен марапатталды.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d