Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

Білім күні

O47A5282     2018 жылдың 1 қыркүйек күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
     Бұл күндері кең байтақ Қазақ елінің барша мектептері мен жоғары оқу орындарында Білім күні кеңінен аталып өтуде. Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері – бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндер мен жоғары оқу орындарының табалдырығын аттап отырған 1 курс студенттері.
    Бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талғамы биік мамандар даярлап, оларға жақсы тәрбие беру университет ұжымы мен ондағы оқытушылардың басты мақсаты. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы, еліміздің қарыштап өркендеуі білікті де білгір мамандардың қолында.

      Білім күніне арналған мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Салтанатты шараны Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры ҚР Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі, облыстық маслихаттың депутаты Ерболат Байұзақұлы Саурықов университеттің оқытушы-профессор құрамы мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтай келе, ұжымға үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.

O47A5263

    Елбасының әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында, Жамбыл даңғылының бойында орналасқан «Тараз» қонақүйінің ғимаратына барынша жөндеу жұмыстарының жасалынып жатқанын айта келіп, «Студенттер үйіне» жақын арада студенттерді орналастыру көзделіп отырғанын тілге тиек етті. Университетіміздің қалыптасқан дәстүрі бойынша І курс студенттеріне «Білім кілті» мен «Студенттік билет» табыс етілді. Ұлттық бірыңғай және Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған, сондай-ақ республикалық пәндік олимпиадасының жүлдегерлерімен, өнер мен спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген І курстың 10 студентіне Ректор гранты тапсырылды.

O47A5330    Сонымен бірге, мерекелік шарада университетіміздің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Майханов Жәнібек ағай арнайы қатысып, университет ұжымы мен студенттеріне өзінің тілегін білдірді. Университетке жаңа қадам басқан бірінші курс студенттеріне: «Дүниедегі ең құнды ресурс – уақытты ұтымды пайдаланыңдар, алған білімдеріңді табыс пен қоғамдағы жоғары мәртебеге айналдыра біліңдер, Алла зейіндеріңді ашсын!» - деп, жүрек жарды батасын берді.O47A5291     Салтанатты жиын барысында, Жамбыл облыстық сотының судьясы, ҚР Судьялар Одағы Жамбыл филиалының төрағасы – Құлекеев Ғалым Батырбекұлы ректор Ерболат Байұзақұлы Саурықовқа «ҚР судьялар одағының Құрмет грамотасын» табыс етті.
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің 1 тамыз 2018 жылғы бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің төмендегі профессор-оқытушылар құрамы марапатталады:

O47A5401O47A5352

O47A5381
       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты:
- Галагузова Тамара Алексеевна – педагогика ғылымдарының магистрі, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы;
- Қабылбаева Гүлжан Айтжанқызы – оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы;
- Абдураманов Ержан Абдуманапұлы – «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизацияландыру және патенттеу» бөлімінің бастығы;
- Петряев Сергей Вячеславович – экономика ғылымдарының магистрі, спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының директоры;
- Момбекова Думан – гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы:
- Бөлекбаева Камила Балтабайқызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Жаратылыстану» факультетінің деканы;
- Муслимов Нұржан Жомартұлы – техника ғылымдарының докторы, Агро-биологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры;
- Абдуллаева Разия Байдрахманқызы – «Білім алушыларды есепке алу» бөлімінің бастығы;
- Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Ғылым хатшысы;
- Сарсенова Ақмарал Еділбайқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент – «Экономика және басқару» кафедрасының доценті.
Төсбелгілер:
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі – Беркенова Рабиға Ағабекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, «Филология» кафедрасының доценті міндетін атқарушы;
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі – Асқарбекқызы Назира – заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі;
- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі – Бақтыхожаев Жанғали Жұмақадырұлы, заң ғылымдарының кандидаты, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» факультетінің деканы;
- «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі – Сихаев Айдархан Әшімханұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының доценті міндетін атқарушы.
    Сондай-ақ, «Республикалық Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қорының атынан Орбұлақтағы шайқас жеңісінің 375 жылдығына арналған «Батыр бабалар» мерекелік медалімен тәрбие бөлімінің қызметкері Райқұлов Қанат марапатталды.
       Шара соңында университетіміздің белсенді жастары «Атамекен» әнімен Білім күніне арналған шараны қортындылады.O47A5419    Құрметті студенттер, тәуелсіз мемлекетіміз көркейіп, өркендей берсін! Ел ертеңі жастарымыз білімді де, талапты, іскер болсын! Осынау мерейлі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
     Салтанатты шарадан соң 1-курс табалдырығын аттап отырған студенттер өз факультеттері бойынша бекітілген аудиторияларға барып, онда факультет декандары және кураторларымен танысты.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d