Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

Азаматтық үні айқын, сыршылдығы нәзік, дәстүрді дәріптеуші – Зейнеп Ахметова

   120918 1

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен қазақ халқының біртуар перзенті, даңқты қолбасшы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының келіні,  «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» атты кітаптардың авторы,  қазақ келінінің үлгісіне айналған Зейнеп Ахметова  университетіміздің профессор-оқытушылар құрамымен және жастарымен кездесті. Аталмыш жиын Азаматтық үні айқын, сыршылдығы нәзік, дәстүрді дәріптеуші – Зейнеп Ахметова  атты тақырыпта өтті.
       Кездесу барысында Зейнеп Ахметова ене мен келін арасындағы сыйластық, «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю», «Орамал мен көйлек - әйелдің сәні» деп қыздарымызға арнайы айтылған терең мағыналы сөздері, бала тәрбиесі, ат қою, шілдехана, тұсау кесер, ат тергеу, қазіргі тойларда жасалып жатқан батыстық үлгідегі дәстүрден бас тартып, қазақи құндылықтарды дәріптеуге шақырды. Тамыры тереңде жатқан мағыналы сөздері келген қонақтар мен білімгерлерге ерекше әсер етті.120918 2     Кездесуде мұнан өзге батыр Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер, ата-ананы ардақтау жайы сөз болды. Көпшілік көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Пікір алмасып, ой бөлісті.
      Жиын соңында жазушыға университет атынан п.ғ.д., профессор Бөлеев Қалдыбек камзол кигізіп, орамал тағып, гүл шоқтарын ұсынып өз ризашылығын жеткізді.
      Әсерлі кездесу Зейнеп Ахметованың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазып, өз кітаптарына қолтаңба қалдырып, естелік үшін суретке түсумен аяқталды.

120918 4120918 3

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d