Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды

170918Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бүгін 17.09.18 жылы университетіміздің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығында  студент жастар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерация төрағасының орынбасары Саиров Ерлан Биахметұлымен кездесу өткізді.170918-1    «100 жаңа есім» жобасының негізгі мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың өмірбаянын үлгі ете отырып насихаттау болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса назар аударылған жастар мәселесі де қоғам талқысынан тыс қалмаған болатын. Қалың ел қолдаған сол бағдарламалық мақалада айтылған әр мәселе жеке-жеке қаралып, әр тапсырма жіті қадағалаумен іске асып келеді. Соның бір тармағы ретінде «100 жаңа есім» жобасы да іске қосылған болатын. Өткен жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданып, оның 302-і іріктеу кезеңінен өтіп, 102 үміткер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған, Елбасы өзі қабылдап, арнайы кездесу өткізген болатын. Бұл жобаның басты мәні кейінгі толқынды еңбекке, білімге, іскерлік пен адалдыққа құштар ету екендігі де баса айтылып келеді. Биылғы екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Кездесу барысында «100 жаңа есім» жобасының маңыздылығы туралы және екінші кезеңіндегі басымдықтар туралы әңгіме өрбіді.

170918-2170918-3

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d