Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

«Астана-бейбітшілік бесігі»

«Астана-бейбітшілік бесігі»

    Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде латын қарпін ендіруге қаншалықты дайын екендігін анықтап, байқау үшін студенттер мен қызметкерлерден «Филология» кафедрасының оқытушылары диктант жаздырды.  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2016-жылғы 26-наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025-жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағында жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын өткізу жоспарланған болатын. Осыған сәйкес  жалпы Қазақстандық ашық диктант Ережесі бойынша мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту,  профессор-оқытушылар мен студенттердің, магистранттардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің қоғамымызға толық еңгізілуіне қызығушылық таныту мақсатында университеттің барлық факультеттерінде диктант жұмысы жүргізілді. Мұның айқын айғағы 2018 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 11:00-де ашық диктант алынды. Жазба жұмысына жалпы саны -120 жан қатысты. Оның -100-і студент, 20-ы оқытушы – профессор құрамы болды. Нәтижесінде, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп оның қоғамдық маңызы арта түседі, сондай-ақ этнос топтарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығы оянып, жалпы сауаттылығы мен қоғамдық белсенділіктерін арттыратындығында деп есептейміз.

O47A7287O47A7291O47A7297O47A7301

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d