Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

Жобаны бір кісідей қолдады

                                                                     Жобаны бір кісідей қолдадыO47A9254     2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:  табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлері және студенттері теледидардан  тыңдады.
    Жолдауда халқымыздың әл-ауқатын жақсылауға, тұрмысын жоғары деңгейге көтеруге, олардың өмір сүру сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, сыртқы саясаттағы тиімділік және осы үдерістерге азаматтардың атсалысуы бойынша  алты бөлімнен тұратын мәселелер қамтылды:
І. Халық табысының өсуі
II. Тұрмыс сапасын арттыру
III. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру
IV. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат
V. Тиімді сыртқы саясат
VІ. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.
    Мемлекетімізде саяси-әлеуметтік тұрақтылықты нығайтатын Жолдаудағы бұл тараулар халық көңілінен шығып, болашаққа биіктерден қарауына мүмкіндік береді. Алты бөлімнен тұратын Жолдаудағы көтерілген бағыттар бойынша нақтылы көрсетпелер берілді.   
«Тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын бөлім 8 бағыттан тұрады.O47A9248     Бірінші бағытта 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық салаларын жетілдіру бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, көтерілген реформалардың қоғамнан орын тебуіне нақты бағыттарды атап көрсеткен.
    Екінші бағытта мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту үшін білім беру ісінде 4К моделін іске асыру туралы нақты шаралар көрсетіледі. Жолдауда мұндай шаралардың іске асуы үшін Білім және ғылым министрлігі еліміздің аймақтарындағы әкімдермен бірігіп, «Жол картасын» әзірлеу қажеттігін атап көрсетеді.
     Үшінші бағытта осы шараларға қажетті 50 миллиард теңгені Үкімет бюджетінен жұмсау қажеттігі айтылды.
   Төртінші бағытта 2019-жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатынын атап көрсетті. Мұның өзі халықтың қаймағы болған мұғалімдердің мәртебесін арттыра отырып, мектептегі білімді  реформалаудың қорытынды кезең екенін атап көрсетті.
    Бесінші бағытта жоғары білім беру ісінде жоғары оқу орындарының қазіргі заман талабына сай білім беру қажеттілігіне баса назар аударды, Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа оқу орындары қажет екенін айтты.
     Алтыншы бағыт бойынша  халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсылаудың  заманауи талабына тоқтала отырып ауылдық жерлерде  медициналық-санитарлық көмек көрсетудің тиімді жолдарына тоқталды. Осы мақсатта 2019-жылы Үкімет тарапынан 5 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.
    Жетінші бағыт бойынша бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру бойынша бірқатар түйінді мәселелердің оңтайлы шешілуіне арнап өз ойын білдірді.
    Сегізінші бағыт бойынша ұлт саулығына, қазақстандықтарды сапалы азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тұтынатын тауарлардың сапалы болуына, медициналық қызмет көрсетудің  сапасын жақсылау бойынша қомақты мәселелерді атап көрсетті.
    Жолдауды профессор-оқытушылар, қызметкерлер, білімгерлер қол соғып тұрып қолдады.

    Медиа-имидж және баспаханa бөлімі

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d