Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

       ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласының бағдарламасы аясында Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің  мерейлі 10-жылдығына орай  «Өлке өркениеті» тақырыбында жас суретшілердің облыстық деңгейдегі байқауы өтеді. Байқау 2018 жылдың  29- қарашасында, сағат  9-00,  Сатпаев көшесі,  №1 а  (ТИГУ 2-ші оқу ғимаратында) өтеді.
                                                                     «Кәсіптік білім және бейнелеу өнері» кафедрасы

                                             «Өлке өркениеті» атты  1-ші дәстүрлі  облыстық жас суретшілер байқауы
                                                                                           ЕРЕЖЕСІ     
1. Байқаудың тақырыбы: «Өлке өркениеті».
2. Байқаудың мақсаты және міндеттері.
2.1. Байқаудың мақсаты:
      ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласының бағдарламасы аясында Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің  мерейлі 10-жылдығына орай  «Өлке өркениеті» тақырыбында жас суретшілердің ой зердесімен,  көзімен туған жердің көрікті сипатын бейнелеу, жас шеберлердің әсемдікті көркемдеп сезіне білу ерекшеліктерін  танытып, олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету.
2.2. Міндеттері:
-бейнелеу өнерінен-көркем еңбектен талапкер жас суретшілердің шығармашылық еңбекке қабілеттерін дамыту;
-жас шеберлердің көркемдік қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік туғызу;
-байқауға қатыстыру арқылы талапкер жас суретшілердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
-ерекше дарынымен көзге түскен жас суретшілердің талабын шыңдап, шығармашылық дамуына қолдау көрсету;
-жас суретшілердің өнерге деген эстетикалық талғамын, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
3. Байқау талаптары және өткізу тәртібі.
3.2. Байқауға қатысушылар:
      Байқауға 14-18 жас аралығындағы мектеп немесе арнаулы орта және жоғары білім беру мекемесінен білім алушылары қатыса алады. Олар екі топта  - 14-16 жас пен 17-18  жас аралығындағы талапкерлер  болып жеке топтар ретінде қаралады. Орындар әр бейнелеу өнері түлерінен бөлек беріледі.
3.2. Бағалау критерийлері:
-байқау жұмыстарының мазмұны берілген тақырыпқа сай орындалуы-
-шығармашылық үлгісі;
- композициясының көркемдігі;
-орындалу техникасы;
3.3. Өткізу тәртібі:
      Байқау бейнелеу өнерінің живопись, графика, мүсін, қолданбалы қол өнері,  түрлерінен өтеді. Жас суретшілер орындайтын туындысын  4-сағат ішінде белгілі тақырып бойынша қалаған материалда (A-2 көлемінен кем емес ватман, кенепте, мүсін -25 см. кем емес көлемде) және кез келген техникада (м.б., акв.,гуашь, акрил, ермек саз және т.б.) орындайды. Байқауға қатысушы жас таланттар өздерімен бірге қосымша екі туындыларын көрсетуге алып келеді.  Ол туындылардың суреті тіркелу құжаттарымен қосып  алдын ала көрсетілуі қажет. Сурет салуға –көркем еңбекке қажетті заттарды байқауға қатысушылар өздерімен әкелуі тиіс. Орын алған үздік туындылар  университет қорында сақталады.  
       Байқауға қатысушылардың тіркелу мерзімі 2018 жылдың 27- ші қарашасына дейін.
4. Байқауды қортындылау және жеңімпаздарды марапаттау.
4.1. Байқаудың қортындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Әділ қазылар және қайта шешімі өзгермейді қарауға жатпайды.
4.2. Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар  I,II, III дәрежедегі дипломдармен және естелік сыйлықпен марапатталады. Орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жас суретшілерді  2-ден кем емес дайындаған жетекші ұстаздарға сертификат беріледі.
4.3. I, II, III oрын алған жеңімпаздардың жетекшілерінің аты- жөндері  байқауға қатысушылардың дипломдарында көрсетілетін болады.
5. Байқаудың ұйымдастырылуы және мерзімі.
5.1. Ұйымдастырушы: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының Жамбыл облыстық ұйымы.
5.2. Байқаудың мерзімі мен орны:    29-   қараша  2018 ж. , Сатпаев көшесі  №1 а  Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің  2-ші оқу ғимараты.
5.3. Байқаудың басталуы: 09-00 сағ.
5.4. Сұраныстарды қабылдау: Тараз қаласы, Сатпаев көшесі  №1 а  Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің 2- ші оқу ғимараты.
Эл. почта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс тел: 87052275246, 87052289270

                            Тіркелу үлгісі:

1.Аты -жөні, тегі:  
2 Құжат-куәлік көшірмесі:
3 Оқу орны:             
4. Сынып, курсы:                  
5.Автордың мекен жайы:
6. Телефон, факс, e-mail:
7. Таңдаған өнер түрі -живопись, графика, мүсін, қолданбалы қол өнері (астын сызып көрсетіңіз).
8.Көрсететін екі туындының атауы:
9. Жетекші ұстаздың аты, жөні:

                                      

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d