Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

«ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНЕ ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ» атты факультетаралық ДЕБАТ

                    Жастар жылына байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«Жастардың мемлекет дамуы мен экономикалық өсуіне тигізетін ықпалы» атты факультетаралық

дебат

        2019 жылдың 1 наурызында «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастардың мемлекет дамуы мен экономикалық өсуіне тигізетін ықпалы» атты дебат университетіміздің Қ.Қойгелді №163 ғимаратында өтті.

         Сайысқа 5В011900-«Шетел тілі: екі шет тілі», 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В030100-«Құқықтану», 5В060100-«Математика», 5В060700-«Биология», 5В060400-«Физика», 5В060200-«Информатика», 5В060600-«Химия» мамандықтарының студенттері қатысты. Екі студенттен алты топ құралып сайысқа түсті. Әр топқа арнайы тәуелсіз терешілер тағайындалды. әр факультетінен 15 студенттер қатысты және осы қатысушылардан 2 студенттен 6 топ құралып сайысқа түсті, үшеуі сайысқа түскен топтарға төреші болды. Қатысушыларға дебат сайысын бастау үшін «Жаратылыстану» факультетінің деканы К.Б.Булекбаева және «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі П.М.Маликтаева жақсы тілектер айтып іс-шараны ашып берді.

Студенттердің дайындығы, белсенділігімен дебат қызықты, тартысты өтті.

Дебат соңында кафедра тарапынан үздік үш топқа алғыс хат пен арнайы сыйлық және бірінші орынға кубок берілді.

         

 

Бірінші орын алған топтың студенттері:

«Білім» факультеті ҚТ-18-1 тобының студенттері: Көшекбаева Ақбота, Үсенова Балнұр.

Екінші орын алған топтың студенттері:

«Жаратылыстану» факультеті Физ-18-1 тобының студенті: Файзуллаев Хамрабек.

«Экономика және құқық» факультеті ҚҚ-18-1 тобының студенті: Абюрбек Әміржан

         Үшінші орыналған топтың студенттері:

«Жаратылыстану» факультеті Хим-17-1 тобының студенті: Әбілдаева Нұргүл.

«Экономика және құқық» факультеті ҚҚ-17-1 тобының студенті: Даутбаева Дана.

        

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d