Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Медицина - адамды, ал ветеринария - адамзатты емдейді!

Медицина - адамды, ал ветеринария - адамзатты емдейді!

 Орыстың атақты ғалымы, ветеринария саласының негізін қалаушы академик Константин Скрябиннің «Адам дәрігері адамды емдесе, мал дәрігері бүкіл адамзатты емдейді» деген қанатты сөзі бар. Заман талабына сай мал шаруашылығын дамыту үшін алдымен ветеринария саласының маманын даярлауға, оның сапасына мән бергеніміз жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013-2020 жылдарға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салалық бағдарламасы жобасында ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға баса назар аударылған. Экономиканы өрге сүйрейтін сала осы - ауыл шаруашылығы. Қазіргі кезде ветеринарлардың жетіспейтіндігі Үкіметтің биік мінберінен де айтыла бастады. 90-шы жылдардың тоқырауымен таршылықта қалған таңдаулы кәсіптің мамандарын толтыру мақсатында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 2017-2018 оқу жылынан бастап «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша мамандарды дайындау, халықаралық стандартқа сәйкес кредиттік білім жүйесі арқылы жүргізілуде. Мамандықтың басты мақсаты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұлт денсаулығын сақтауға қабілетті жоғары білікті мамандарға мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

«Жаратылыстану» факультетінің «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасына қарасты бұл мамандықта қазіргі таңда 50-ден астам студент білім алуда. Студенттердің білімін арттыру мақсатында 2019 жылдың қаңтар айында мамандыққа арналған «Ветеринариялық санитарлық сараптау» оқу-ғылыми зертханасы құрылып, қазіргі заман талабына сай жабдықтармен (бу стерилизаторы (автоклав), дистилятор, бинокулярлық микроскоптар, «Лактан 1-4» сүт талдағышы, рН-метр, термостат, су моншасы, ламинарлы шкаф, т.б.) қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда білімгерлер барлық тәжербиелік және зертханалық сабақтарын сол жерде өткізуде.

1234567891011121314                                 

Білімгерлер сабақ тақырыптары бойынша бірнеше зертханалық жұмыстарын жасап, қажетті нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтар болсам, әр түрлі өндірісте шығарылған сүттерге ветеринариялық санитарлық сараптама жасап, сүттің сапасын тексерді, сонымен қатар, микроорганизмдерді өсіріп, бөліп алу үшін қоректік орталарды дайындады. Сабақ барысында қолданылған зертханалық ыдыстарды бу стерилизаторында, яғни, автоклав қондырғысында залалсыздандырып, олардың келесі жұмысқа стерильді болуын қамтамасыз етті. Дистилятор қондырғысын пайдалана отырып, дистилденген су жинап, олардан физиологиялық ерітінді дайындап, рН-көрсеткішін анықтауды үйренді. Су моншасында қажетті биологиялық материалдарды инактивтеу процесімен танысты. Аталған оқу-ғылыми зертханасында әртүрлі ветеринариялық санитарлық сараптамамен қатар, микробиологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулер де жүргізілетін болады.

Мал шаруашылығын дамытуда бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмысы өте маңызды. Қазақтың «Ауру-астан» дегенін де білеміз, себебі, адам ауруларының 70-80 пайызы мал және одан алынған өнімдерден беріледі. Сондықтан қолға үйретілген барлық жануарлар мен құстардың, тіпті ара мен балық та түрлі аурудан таза, өнімдері сапалы болғанда ғана адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төнбейді. Сондықтан да «Медицина – адамды, ал ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деп бекер айтпаса керек академик К.Скрябин.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынуы да ауыл жастарының бойында патриоттық сезімді оятуға бағытталған қадам екені белгілі. Ауылды аялап, ауыл жастарына жағдай жасап, бүкіл адамзатты емдейтін мамандықты университетімізде ашып, ветеринария саласындағы болашақ мамандардың санын көбейтуге үлесін қосып отырған Ерболат Байұзақұлына алғысым шексіз!

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің

«Ветеринария және мал шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының

жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Есимбекова Н.Б.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d