joomla

«Стандарты на видео создают мировую арену» тақырыбы бойынша дөңгелек стол өткізілді.

 Dongelek ustel1

«Стандарты на видео создают мировую арену» тақырыбы бойынша дөңгелек стол өткізілді.

14 қазан «Халықаралық стандарт» күніне орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасы мен "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты " РКМ Жамбыл филиалымен бірлесе ұйымдастырумен «Стандарты на видео создают мировую арену» тақырыбы бойынша дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек столда Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Департаментінің директоры Ахметова Алия Аманкуловна, "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты " РКМ Жамбыл филиалының директоры Мынбаев Асқар Курманович, «Сарапшы оқыту орталығы» ЖШС-ң директорының орынбасары Юрикова Валентина Ивановна, «Казфосфат» ЖШС, «Katsa» ЖШС, «ЗМР» ЖШС басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттері мен магистранттары және ПОҚ қатысты.

Дөңгелек столда аталған мекеме басшылары стандарттау саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды.

ТИГУ студенттері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері арасында «Стандарттау саласындағы жастардың ролі» тақырыбы бойынша пікір-сайыс өткізілді. Пікір-сайыс тартысты және қызықты өтті.

«Сарапшы оқыту орталығы» ЖШС-ң директорының орынбасары Юрикова Валентина Ивановна екі ЖОО студенттері арасында байқау ұйымдастырды.

Іс-шара соңында ТИГУ-мен өзара тиімді және ынтымақтастықта жұмыс атқарып жатқан мекеме басшылары мен дөңгелек столда белсенділік танытқан студенттерге ректор атынан алғыс хат тапсырылды.

dongelekustel2 dongelekustel3

dongelekustel4

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d