joomla

Тұңғыш Президент күніне орай "Бірінші. Первый. One" көшбасшылық сабағы өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай

"Бірінші. Первый. One" көшбасшылық сабағы өтті.

 

DSC 0283 

         Нағыз көшбасшы болу үшін тек қана талантты болу аз, негізінен халықтың сенімі қажет.  Халықтың сенімімен 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. Елбасының бастауымен Жастар жылы бізді көптеген жаңа бастамаларға итермелеп, мәңгілік ел болуда жас ұрпақтың рөлін айқындады.

         Елбасының дара жолын студент жастарға насихаттап, дәріптеу мақсатында Тараз инновациялық-гуманитарлық университінде көшбасшылық сабағы өтті. Көшбасшылық сабақтың мақсаты «Көшбасшылық» сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, көшбасшы-студент қарым-қатынас тәжірибесін арттыру. Көшбасшылық сабағында э.ғ.к., доцент М.Жумадильдаев пен Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Әбітааева лекция оқып студент жастарды Елбасымыздың сенімі мен үмітін ақтап, жастарға беріліп жатқан мүмкіндіктерді өз дәрежесінде қолданып, инновациялық теxнологияларды дамытуға, руxани жаңғырған ұрпақ болуға шақырды.

         Ұлттық болмысымызды, тарихымызды сақтап қана қоймай, жаңа заманға бейімделген, жан-жақты дамыған жас азамат болу - ертеңіміздің көрінісі. Жастар әрдайым көш басында болыңыздар. Елбасымыз айтпақшы "Қазақстанымыздың жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда".

 

DSC 0283           DSC 0323 

DSC 0326 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d