joomla

«Түркі әлемі: жазба мұраларының тарихы, интеграция және даму бағыттары» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

  konfemblema

 

 

2019 Жылдың 29-30 қараша айында   Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасы мен аудитор Пертаева Эльмира Құлибайқызының ұйымдастыруымен Түркология саласының білікті маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның «Үздік оқытушысы» грантының иегері, Аймақтық Менеджмент академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кәрібаева Азиза Өтегенқызының 60 жас мерейтойына орай «Түркі әлемі: жазба мұраларының тарихы, интеграция және даму бағыттары» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияны университет аудиторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Пертаева Эльмира Құлибайқызы жүргізді.

Конференция «Филология» мамандығының 3 курс студенті Көшербаева Айымның арнау өлеңдерімен ашылды.

Кәрібаева Азиза Өтегенқызының 60 жас мерейтойының алғашқы құттықтау сөзі ТИГУ ректоры, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Саурықов Ерболат Байұзақұлына, Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Тәжібаев Серік Дүйсеналиевичке, Кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимкулова Шырын Исламбекқызына берілді.

          Кәрібаева Азиза Өтегенқызының 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «Түркі әлемі: жазба мұраларының тарихы, интеграция және даму бағыттары» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға 100-ге жуық ғылыми мақалалар (Шет тілдер және іскерлік Карьера университеті, Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Нархоз университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі, «Парасат» колледжі, қалалық және аудандық мектептер т.с.с.) келіп түсті.

Конференция соңы шәкірттер мен әріптестердің жылы лебіздері мен құттықтауларына ұласты. Тың баяндама жасаған студенттер мен магистранттар, профессор-оқытушылар құрамы алғыс хаттармен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d