joomla

Әлемдік оқулықтар қазақ тілінде

Әлемдік оқулықтар қазақ тілінде


 Ақпан айының 4-ші жұлдызында Тараз – инновациялық гуманитарлық университеттің  №2 оқу залында 6В06102-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 6В06101-«Информатика» мамандықтарының студенттеріне «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың тұсаукесері өтті.
«Ақпаратты-коммуникативтік техналогиялар» кафедрасы меңгерушісі М.Онгарбаева, аға оқытушы А.А.Базарбекова К.Шваб «Төртінші индустриялық ревалюция», П.Уоллейс «Интернет психологиясы», Куртланд Л. Бове, Джон В.Тилл «Қазіргі бизнес коммуникация» туындыларға ерекше тоқталып өтті. Бұл оқулықтарда қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндалған: жасанды интеллект, интернет технологиялары роботтандыру, 3D басып шығару, ауқымды мәліметтер, нейротехнологиялар және ғаламдық процестердің даму ерекшеліктері, олардың адамзат игілігіге жарату жолдары қарастырылған. Куртланд Л. Бове, Джон В.Тилл «Қазіргі бизнес коммуникация» оқулығында іскерлік коммуникацияда карьералық дағдысын жетілдіру жолдары аталған.
Әлемдік озық технологияларды меңгеруде 100 жаңа оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше екені сөзсіз.

 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер