joomla

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

БИЫЛ 860 ТҮЛЕК УНИВЕРСИТЕТ БІТІРГЕЛІ ОТЫР

Университеттің бітіруші курс студенттеріне арналған «Жас түлек-2020» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының, Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлік ұлттық палатасының, Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылары және 45-тен аса мекеме өкілдері қатысты.

Биыл университетті 860 түлек бітіргелі отыр. Сан түрлі мамандық иелері атанатын студенттерді жұмыспен қамту жүйесі университетте дұрыс жолға қойылған. Университетте жылына дәстүрлі түрде бір рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған өңірдегі көптеген мекемелер мен ұйым өкілдері шақырылады. Бірқатарымен нақты келісімдер де бар. Бүгінгі таңда 10 жылдық тарихы бар оқу орнының түлектері еліміздің әр аймақтарында жемісті жұмыс жасауда.
Университетте білім алып жатқан 3000-ға жуық білімгердің басты арманы жақсы жұмысқа орналасу екендігі анық. Ол үшін қандай мекемеге қалай орналасу керектігін жетік меңгеруі тиіс. Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының жастар практикасы бойынша жауапты маман Алимбаева Айман Сейтқазиевна жастарға жұмысқа орналасудың жолы мен тәртібін түсіндірсе, Жамбыл облысы бойынша Ішкі істер департаментінің кадр саясат жұмыстар бөлімінің бастығы Ракишев Қанат Дуйсеналиевич орган қызметінде атқаратын тірліктермен таныстырды. Сонымен қатар, Облысымыздың ірі кәсіпорынның бірі ЖШС «Казфосфат» зауытының орталық техникалық бақылау бөлімінің бастығы Байкенжеева Дильборам Қуанышқызыда өз баяндамасын жасап студенттерді қызықтырып жұмысқа шақыратындығын туралы айтып жеткізді. Экономикалық мамандықтарға келсек, АҚ «БанкЦентрКредит» Тараз филиалының директоры Иптильдаев Бекдауыл Турдагуловичте осы уақытқа дейін бес жыл ішінде университетіміздің 13 түлегі банкте қызмет атқаратындығын айтып қандай маман, қанша маман жетіспейтіндігі жөніде ақпар айтып, жұмысқа орналасқанға дейін университетте оқу барысында тәжірибе жинақтау туралы түсіндіріп өтті.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған университет ректорының кеңесшісі, академик Жүсіпбек Тәшірбайұлы Сүлейменов университете білікті мамандар дайындауда барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтты. Теориялық білімді практика жүзінде іске асыру үшін қажетті мекемелермен өзара келісім шарттар жасалды, тағы да айтып кететін жәй, қаланың № 53 орта мектебімен, Байзақ ауданы, Сарыкемер орта мектебімен арнайы жоба жасалынуда, жобаның мақсаты университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, ғылыми- әдістемелік жұмыстар жағынан байланыстар орнатылады деп те айтып өтті.

Бос жұмыс орындар жәрменкесі қатысушыларға өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал, жұмыс берушілерге үміткерлердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға университеттің Бірінші проректоры, тар.ғ.д., профессор А.Б.Абдуалы мырзада қысқаша университет туралы, жұмыс берушілермен студенттер арасындағы байланыстар туралы мағлұматтарын баяндап өтті. Ол өз сөзінде ТИГУ түлектері бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, оқу ордасының беделін арттырып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен үнемі байланыста және университетті бітірген мамандар оларды толық қанағаттандырып отырғанын айтты. ТИГУ бәсекеге қабілетті әрі сапалы білім, саналы тәрбие бере алатын іргелі оқу орнына айналғанын айтқан проректор алдағы уақыттада университет даму қарқынын арттыратынын жеткізді.
Жиын соңында университет бітіргелі отырған студенттер жұмыс беруші мекеме өкілдерімен жеке сұхбаттар жасап, мол мәлімет алды.

 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер