joomla

Студенттер қашықтан оқыту туралы

Тараз Инновациялық Гуманитарлық

Университеті, «Білім» факультеті,

«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының

студенті

Ким Татьяна

Пікір

            Мен, Ким Татьяна, оқытушы Таласбаева Мадина Ерқазықызының«Шет тілін арнайы мақсатта оқыту (С1 деңгей)» пәнінің онлайн сабағына қатысқаныма өте қуаныштымын және алғашқы онлайн сабағым туралы алған әсеріммен бөліскім келеді. Сабақ «Zoom» бағдарламасы арқылы жүргізілді, «ИЯ-17-2» және «ШТ17-1» тобының барлық студенттері бірге қатыса алды. Сабақ «6-бөлім: Feelingandemotions», яғни «Сезімдер мен эмоциялар» деген тақырыпта өтті. Пән практикалық сабақ ретінде есептелінетіндіктен, сабақ барысын жоспарлау қиындау болды. Себебі, біз тақтаға шығып, жағдаяттар мен көріністерді көрсетіп, сонымен қатар, өлең айтып үйренгенбіз. Басында мұның барлығын онлайн түрде қалай көрсететінімізді елестете алмадым. Бірақ біздің мұғалім әрқашан өзінің педагогикалық оқыту әдістерімен ерекшеленетін. Бұл жолы онлайн интеллектуалдық ойын ойнадық. Бірнеше бейтаныс сөздердің мағынасын түсіну мақсатында құпия сөздерді белсенді тауып алдық. Тақырыпты талқылап, жаңа сөздермен таныс болғаннан кейін бірнеше үй тапсырмаларын алдық.

            Оқытудың басты құндылығы - тілге деген қызығушылықты сақтау, оның әртүрлілігін және қазіргі өмір жағдайында үнемі жаңарып отыру мүмкіндігін қолдана алу. Біздің мұғалім Таласбаева Мадина Ерқазықызы заманауи, бәсекеге қабілетті педагог ретінде өзін таныта алады. Қиын қыстау кезінде, еш қысылмай сапалы , қызықты сабақ өте алу — білім мен біліктіліктің айғағы. Болашақ педагог ретінде, методикалардың барлығын меңгеріп, игеріп, өз сабақтарымда қолданатыныма сенемін.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер