joomla

Республикалық «The Best Мobile App - 2020»

Құттықтаймыз!

Республикалық «The Best Мobile App - 2020»мобильді қосымша жасау

сайысында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандығының студенттері жүлделі 2 орынға ие болды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы 24 cәуірде Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында Республикалық «The Best Мobile App - 2020» атты мобильді қосымша жасау сайысы онлайн түрде өткізілді. Республикалық«The Best Мobile App - 2020» мобильді қосымша жасау сайысының басты мақсаты - латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші мобильді қосымшалар жасауда студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, ғылыми зерттеу қызығушылығын арттыру, дарынды студенттерге қолдау көрсету.

Сайысқа Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінен «ITCODDER», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен «JASTIME», Алматы технологиялық университетінен «RENAISSANCE», Нархоз университетінен «Narxoz», М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясынан «Smart students», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «ILLUMINATI» командалары қатысты.

Мобильді қосымша жасау сайысы 2 кезеңнен тұрды: 1-кезеңде «Кім жылдам» атты онлайн тест тапсырмаларына әр командадан бір қатысушы Kahoot платформасында сұрақтарға жауап берді. Сонымен қоса, «Ойлан тап» атты сайыста логика және ақпараттық технологиялар саласы бойынша тапсырмалар онлайн түрде орындалды.

2-кезеңде«Digital mobile application» атты үй тапсырмасы бойынша командалар латын графикасына негізделген әліпбиді үйретуге арналған мобильді қосымша жобасын ұсынып, қорғады. Біздің университеттің «ITCODDER» командасы, атап айтсақ ЕТ-17-1 тобының студенттері Шарапов Нұрғиса және ЕТ-16-1 тобының студенті Әділбек Фериза (жетекшісі аға оқ. Салғараева М.И. ) жүлделі 2-і орныға иеленді.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер