joomla

Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым

Университет басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Бегасыл Белгібаевты Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.
Соғыс шебіне 1943 жылы аттанған майдангер Жуалы өңірінде дүниеге келген. Қиыр Шығыста Чита қаласында атқыштар полкында жауынгер болған ол Жапон басқыншыларынан азат етуге де қатысқан. Елге 1948 жылы оралған.
Мереке қарсаңында соғыс ардагеріне ТИГУ-дің бірінші проректоры Асқар Абдуалы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізіп, мемлекет ұсынған қаржылай сыйақы сертификатты табыстады. Сонымен қатар, университет тарапынан да арнайы сыйлық жасалды.
Асқар Абдуалы Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге құрмет мейрам қарсаңында ғана емес, жыл бойы жасалу керектігін айтып, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер