joomla

ТИГУ 2020 жылдағы Қазақстанның үздік көп бейінді ЖОО Рейтингісіне қатысуы

Жыл сайын аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігімен жүргізілетін «ҚР ЖОО сұранысының Ұлттық Рейтингі – 2020», қазақстандық жоғары білімнің сапасын жоғарылатуға бағытталған білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін саралау және бағалаудың тиімді құралы болып табылады.
«Білім беру сапасын қамтамассыз ету жөніндегі тәуелсіздік агенттігінің» рейтинг қорытындысы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 2020 жылғы Қазақстанның үздік көп бейінді ЖОО Ұлттық рейтингісінде 18-ші орынға ие болды.
Университет 2018-2019 оқу жылдарына қызметінің нәтижесі бойынша және алғашқы рет келесідей білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан – 2020 ЖОО білім беру бағдарламасының Рейтингісіне қатысып, келесідей орынды иеленді:
Білім беру бағдарламасы 6В023- «Филология» екінші орын;
Білім беру бағдарламасы 6В053- «Химия» төртінші орын;
Білім беру бағдарламасы 6В051- «Биология» төртінші орын;
Білім беру бағдарламасы 6В011- «Педагогика және психология» жетінші орын;
Білім беру бағдарламасы 6В061- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» тоғызыншы орын;
Білім беру бағдарламасы 6В041- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» девятое место.
Рейтингке қатысу елді дамытудың маңызды салаларында талап етілген, мамандарды даярлау сапасының әлемдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған білім беру жүйесін қайта құру жағдайында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын арттырудың маңызды факторына айналуда.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер