Жастар практикасы

«Білім туралы...........»  ҚР  Заңынан көшірме

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ

Жастар практикасы – жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының түлектерi алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтау мақсатында iске асыратын еңбек қызметiнiң түрi.

Жастар практикасын ұйымдастыру - жастар практикасы жұмыс берушiлерде олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшелiктерi бар:
1) арнайы түлектердiң алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтауына арналған;
2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi;
3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жолданатын түлектер уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретiнде тiркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиiс;
5) жолдама беру сәтiнде жолданатын азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.

Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жiберу

Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация бередi;
2) жастар практикасынан өту үшiн түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсiптiк бiлiмiн ескере отырып, жұмыс берушiлерге жiбередi.
Түлектер жастар практикасына 12 ай кезеңiнде бiр рет қатыса алады және жұмыссыз ретiнде тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғанға дейiн тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте жұмыс берушi уәкiлеттi органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесiн жолдайды.
Жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пiкiр (ұсыным хат) бередi.

Жастар практикасын қаржыландыру

Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшiн құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеуге мемлекеттiк бюджеттен қаражат берудi қамтиды.
Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушiлермен жасалған шарттар негiзiнде, ай сайын қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерiнде көзделген сома шегiнде уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

Жастар практикасын ұйымдастыру ережесі
Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және 29 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.
Ұйымдардың тізбесі жыл бойы қажетіне қарай жаңартылып отырады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар практикасын өту мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда жастар практикасына жолдама береді.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.
Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында еңбек шарты жасалады.
Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.
Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және жастар практикасына 2016 жылы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімдері аяқталғанға дейін осы Бағдарламаның шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмысын жалғастыруға және жастар практикасын өтуге құқық беріледі.

 

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

logo 3d