Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Ақпараттық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

tigu icon

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер, магистранттар!
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Журналға қабылданатын материалдардың ғылыми бағыттары:

  1. Жаратылыстану ғылымдары
  2. Әдебиеттану
  3. Тіл білімі
  4. Тарих, этнография, философия
  5. Педагогика және психология
  6. Құқықтану
  7. Экономика

Негізгі тақырыптық бағыттары: Елбасының және Үкімет саясатын насихаттау, жастардың ғылымға деген қызығушылығын тудыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ғылым саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді көтеру.
Журналдың кезекті басылымына берілетін мақалаларды 2015 жылдың 15 қазанына дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 080000 Тараз қаласы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Ғылым» бөлімі. 
Электрондық пошта: tigu_nauka@mail.ru
Баяндаманы рәсімдеу тәртібі:
Жұмыстың көлемі 8 беттен аспай (орташа 2000-3000 сөз), А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 12 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен (мақалаға сілтеме [15, с. 59], ғаламтордан алынған дерек көздер міндетті түрде) жазылуы тиіс. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы беріледі.
Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады.
Ескерту: Мақалаға міндетті түрде ӘОЖ, қазақ тілінде жазылған баяндамаларға орыс, ағылшын тілдерінде аннотация жазылуы тиіс, сәйкесінше орыс тіліндегілерге қазақ және ағылшын тілдерінде жазылу керек (аннотация 6-7 жол).
Тақырыпқа қосымша: Ғылыми жетекшіден мақалаға рецензия (магистранттар үшін)
Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес мақалалар журналда жарияланбайды.
Байланыс телефондары: 87759977860, 87472099485
ТИГУ жаршысына материалдарды шығару үшін төмендегі үлгі бойынша өтініш жіберуге болады:

  1. Қатысушының толық аты-жөні
  2. Қызметі, атағы, дәрежесі
  3. Жұмыс жасайтын орнының толық атауы
  4. Пошталық мекен-жайы
  5. Телефон, факс нөмірі
  6. e-mail
  7. Баяндаманың аты

Журнал тілі: қазақша, орысша, ағылшын
Шығарылуы: 2 айда 1 рет
Мақала жарнасы - 2700 теңге

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер