Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

СТУДИК жобасы

Темпус – Еуропалық Одақ (ЕО) университеттері мен әр түрлі аймақтардағы (Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс) жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық арқылы жоғары білімді модернизациялауға бағытталған ЕО-тың бағдарламасы. Бағдарламаның басты мақсаты аталып өткен аймақтардағы жоғарғы білім жүйелерін ЕО-тың жоғарғы білім жүйелеріне сәйкестіру және үйлестіру, сонымен қатар Лиссабон конвенциясының қағидаларын және Болондық үрдісті дамыту болып табылады. ТЕМПУС IV бағдарламасының жүзеге асыру мерзімі – 2007-2013жж.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ТЕМПУС IV бағдарламасы аясында СТУДИК 516802-TEMPUS-1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR «Қазақстанда студент-тік өзін-өзі басқару және демократияға қатысу» (STUdents self-governance and Democratic Involvement in Kazakhstan) жобасына қатысады. Гранттың жалпы көлемі: 1082274,43€. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2013-2015жж. ТИГУ бойынша жобаның жетекшісі э.ғ.к. Наренова А.Н.
СТУДИК жобасының консорциум мүшелері:
Қазақстан бойынша:
1.Халықаралық бизнес университеті – грант алушы;
2.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет;
3.Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
4.Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
5.Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті;
6.Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті;
7.А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
8.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
9.Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
10.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
11.Қазақ қаржылық-экономикалық академиясы;
12.Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
13.Алматы қаласы студенттерінің альянсы;
14.Қазақстан жастарының конгресі;
15.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студентік сенаты;
16.ҚР білім және ғылым Министрлігі.
Еуропалық Одақ бойынша:
1.Дрезден техникалық университеті (Германия);
2.Австриялық табиғи ресурстар университеті (Австрия, Вена қ.);
3.Ақпараттық жүйелер менеджменті институты (Латвия, Рига қ.);
4.Ақпараттық жүйелер менеджменті институты студенттерінің одағы (Латвия, Рига қ.);
5.Литвалық ауыл шаруашылық университеті (Литва, Каунас қ.);
6.Литвалық ауыл шаруашылық университеті студенттерінің одағы (Литва, Каунас қ.).

tempus 1tempus 2tempus 3tempus 4

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер