Аккредиттеу

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің  аккредиттеу бойынша ақпараты.

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 2016 жылы желтоқсан  айында «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігі тарапынан институционалдық  аккредиттеуден өтті. Сыртқы сарапшылар тобы ПОҚ-ның біліктілігін, білім алушылардың қызығушылығын, сапалы мамандар дайындаудағы бітірушілердің қазіргі талаптарға сәйкестігі, материалдық-техникалық базаның жақсы  деңгейін ерекше атап көрсетті. Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 24.12.2018 жылға дейін 5жыл мерзімге  институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі берілді.    akk 1 1 2017 жылдың маусым айында 8 бакалавр  5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300-«Педагогика және психология», 5В012000-«Кәсіптік оқыту», 5В060400-«Физика», 5В060600-«Химия», 5В060700-«Биология», 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В073200-«Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандықтары «Білім  сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігінен мамандандырылған   аккредиттеуден өтті.
     Сыртқы сарапшылар тарапынан  материалдық-техникалық базаны дамытудағы жұмыстары, атап айтқанда, 24х42 м үлкен спорт залы, екі мамандандырылған зал және спортшыларға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелерімен жабдықталған «Спорттық-сауықтыру» кешені яғни осы сияқты университеттің   оңтайлы  жұмыстары ескерілді. «Білім» факультетінің білім беру аймағының  кеңейтілуі есебінен  әрқайсысы 60 орындық 8 дәріс залы іске қосылды.
     Аккредиттеу кеңесі жоғарыда аталған мамандықтарға 17.06.2022 ж. дейін  5 жыл мерзімге куәлік табыс етті.akk 1 2akk 1 3akk 1 4
    2018 жылдың маусым айында 7 бакалавр  5В010700–«Бейнелеу өнері және сызу»,5В011400–«Тарих», 5В011600–«География», 5В011900–«Шетелтілі: екі шетел тілі», 5В030100–«Құқықтану», 5В050900–«Қаржы»,5В051000–«Мемлекеттік және жергілікті басқару»  және 6 магистратура 6М010300–«Педагогика және психология», 6М020300–«Тарих», 6М030100–«Құқықтану», 6М050900–«Қаржы», 6М060400–«Физика», 6М073200–«Стандарттау және сертификаттау»  (салалар бойынша) мамандықтары «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігінен мамандандырылған   аккредиттеуден өтті.
     Сыртқы сарапшылар жаратылыстану мамандықтары үшін материалдық-техникалық базаның жетілдірілгенімен танысты. «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне 2100 шаршы метр аумақты  қамтитын жаңа оқу-зертханалық ғимараты  берілді.
       Аккредиттеу кеңесі жоғарыда аталған мамандықтар бойынша 23.06.2023 ж. дейін  5 жыл мерзімге куәлік табыс етті.akk 1 5akk 1 6akk 1 7akk 1 8
     Аккредиттеу кеңесінің ұсынысы бойынша университетте алдағы кезеңде оқу-тәрбие жұмыстары, ҒЗЖ, болашақтағы бітіруші мамандардың сапасын жоғарылату мақсатында іс-шаралар жоспары даярланды.

logo10let

xabarlandiru

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d