...Хабарландыру! ... Құрметті әріптестер, магистранттар! ... Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Кәсіподақ

Аты-жөні: Алимкулова Шырынгуль Исламбекқызы
Туған жылы, айы, күні: 29.07.1973
Білімі: жоғары
Мамандығы: Есеп және аудит
Бітірген оқу орны: Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты
Университеттегі қызметі: Кәсіподақ төрайымы
жұмыс телефоны: +8 (7262)501355; 8707 1313254
E-mail: alimkulova.s73This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Экономика ғылымдарының кандидаты

Кәсіподақ көшбасшысына арналған үлгілік ереже:
1. Зер салып тыңдауға үйреніңіз. Қорытынды жасауға асықпай, әр айтылған ой-пікір мен фактінің ара жігін ажырата біліңіз.
2. Өзіңізді барлығын білемін және жасай аламын деп санаудан аулақ болыңыз. Қандай болса да, айналаңыздағы адамдардың пікірі мен айтылған ескертулерімен санаса отырып, өзіңіз мейлінше кішіпейіл, қарапайым болуға тырысыңыз.
3. Тек қана нақты істерге қадам басыңыз. Берілген әрбір уәдеңізді таразылап, табандалықпен атқара біліңіз.
4. Кәсіподақ мүшелерімен қарым-қатынаста өзара сенімділік ахуалын қалыптастырып, қарамағыңыздағы тұлғалардың іс-әрекетіне толық еркіндік беріңіз. Адамдарды тек қана жасаған қылықтары мен іс әрекетіне қарай ғана емес, ойлы ұсыныстары мен батыл бастамаларына да байланысты бағалаңыз.
5. Ешқашан айналадағы адамдар туралы (мейлі бастығыңыз, мейлі қарамағыңыздағы қызметкеріңіз, мейлі әріптесіңіз  болсын) жалған айтпаңыз. Ортада жоқ адамды сөз қылудан аулақ болып, басқа кісілерге төрелік етуге тырысып, сөкпеңіз.
6. Ұстамды болып, қандай жағдайда да өз-өзіңізге берік әрі сенімді болуға тырысыңыз.
7. Дөрекілік пен талап ету бір ұғымға жатпайды. Сондықтан да даулы  жағдайларда дөрекі және жат сөздерді қолданбауыңыз абзал.
8. Өз ой-пікірлеріңізді дәл  әрі нақты айтыңыз. Жетекшілік ететін адамға қажетті  қасиеттер -  жиналыстарда, пікірталастарда, мәжілістерді, өзге де маңызды жиындарда өз пікірін дәлелдеп жеткізу болып табылады. 
9. Барлық жағдайға қолдануға боларлықтай бірыңғай шешім табуға талпынбай, өз құқығыңыз бен мүмкіндіктеріңізді біле отырып,  қалыптасқан жағдайда  ықпал ете біліңіз.
10. Табыс пен түпкі мақсатқа және оң нәтитжеге жетудің көзі  - оқу мен білімде. Өзіңіздің білім-білігіңізді  жүйелі түрде көтере біліңіз.
11. Болған әңгіме-кеңес не болмаса  даулы жағдайдан кейін бірден  шешім қабылдауға асықпай, ойланғаныңыз абзал. Кез-келген күрделі жағдайда өзара тиімді әрі әділетті  жол, дұрыс шешім табуға болатындығын Өзіңіз де сеніңіз және өзгелердің де сенімін оятып, оны арттыра біліңіз.
12. Сізден көмек сұрағандарға адал болып, жасалған арыз-өтініштер мен сұраныс-тілектерді орындауға барлық мүмкіндігіңізді сала біліңіз. Сізден өтінген  сұраныстардың көлемі мен мән-маңызы қандай болғанда да оларды ұмытпай көңіл бөліңіз.

Сені өз кәсіподағың қорғайды

Сен коммерсант не болмаса бизнесмен емессің, сен бүгінде өзіңнің біліміңе, шәкіртақыңа немесе ата-анаң мен туыстарыңның көмегі мен қолдауына ғана сенетін  –  қатардағы қарапайым білімгер немесе оқушы емессің. Қоғамға дендеп еніп бара жатқан нарықтық қарам-қатынас пен жаһандану барысында  сен өз-өзіңді сенімсіз – бөтен әлемдегідей сезінесің.  Күнделікті өмірде сені көптеген мәселе жаулап  мазалайды.

Сенің  кәсіподағың:

Саған өзінің қолдау-қорғауын ұсынады.  Ол үшін Кәсіптік одақта  мемлекетіміздің Ата Заңы мен өзге заңдылықтарымен белгіленген барлық құқықтар мен мүмкіндіктер бар, ал ең бастысы – ынтымақтасу мен бірлесудің  жасампаз берік күші бар.

Кәсіподақ мүшелігіне өтіп және оның құрамында бола отырып Сен төмендегі сұрақтар мен мәселелер бойынша өз мүдделеріңнің қорғалуына толық сенімің  мен  мүмкіндігің әрі құқығың  бар:

  • еңбек үшін сәйкес ақының төленуі, оның кепілдігі мен жеңілдіктері;
  • кәсіптік білімді жетілдіру мен қайта даярлау, білім-білік деңгейін жоғарлату;
  • жұмысқа қабылдау мен шығаруда заңдылықтың сақталуы;
  • жеке және ұжымдық еңбек дауларының әділ шешілуі;
  • денсаулықты сақтау мен еңбекті қорғау;
  • моральды және материалды залал мен шығындарды қалпына келтіру;
  • демалу және еңбек ету  уақытысының тәртібі мен мөлшерін реттеу.

Тек қана кәсіподақ мүшесінің :   

  • еңбек, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби  құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін  кез- келген кәсіподақ ұйымынан көмек алу;
  • құқықтық  және кез-келген тұрмыстық  сұрақтар мен мәселелерге  байланысты тегін құқықтық  кеңес алу;
  • кәсіподақ бюджетінен материалдық көмек алу;
  • өзінің және жанұя мүшелерінің денсаулығын нығайтуда, сауықтыру шараларына жеңілдіктер  пайдалану;
  • кәсіподақ мүлігін  жеңілдетілген  жағдайда пайдалану құқығы мен толық мүмкіншілігі бар .

Кәсіподақ мүшелігінен бас тартсаң сен жан-жақтағы қоршаған мәселермен, қиындықтармен  жеке дара бетпе-бет қалуға мәжбүрсің.
Кәсіподақ және оның барлық ұйымдары әрқайсысы өз деңгейінде өз мүшелерінің алеуметтік қорғау міндеттерін  жүзеге асырады. 
Бүгін Саған және Сенің кәсіподақ комитетіңе аса маңызды міндет тапсырылады. Егер де Сенің кәсіподағың сені қорғай алмаса, жұмысы жеткіліксіз немесе  нашар болса, оған өзіңді де кінәлі деп сана, өйткені бұл кәсіподақ комитетін сайлаған ӨЗІҢ.
Кәсіподақ комитетінің жұмысына белсене қатысып, сол қызметті атқаратын адамдарға көмек көрсете білсең, жұмысын нығайта білсең өзіңді де сол кәсіподақ қорғай білетін болады.

Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары өз қатарына 2 миллионнан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіреді, олардың 118 мыңнан астамы Жамбыл облысының кәсіподақ органдарының  кәсіподақ қызметінде есепте тұр.

Видеогалерея

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер