Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Сапа менеджмент және аудит

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ректорының 03.11.2009ж. №17 бұйрығына сәйкес 2008-2009 оқу жылында университет білім беру қызметіне ендіру мақсатында Халықаралық ИСО 9001:2008 стандарты талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі (СМЖ)  әзірленіп, 2009-2010 оқу жылында жұмысқа ендірілді. 2009  жылы қазан айының 29-30 күндері университет СМЖ-сі  Түрік стандарттар институты (Түркия) тарапынан сертификаттау аудитінен өтіп, Түрік стандарттау институты (ТСИ) ТИГУ СМЖ-нің ИСО 9001-2008 стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтап, ТИГУ СМЖ-не сертификат берілді. Түрік стандарттау институты Халықаралық IQNet сертификаттау жүйесінің мүшесі болғандықтан ТСИ сертификатымен қатар IQNet сертификаты қоса берілді.
Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінде, 2008 жылдан бері ИСО 9001-2008 стандарттары талаптарына сай СМЖ құжаттарын дайындау және оны іске ендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің сапа менеджменті жүйесі 2012 ж. Түрік стандарттау институты тарапынан қайта сертификаттаудан өтті. Бұл сертификаттардың жарамдылық мерзімі 3 жыл, яғни 2015 жылға дейін.

sapa audit certificate 1sapa audit certificate 2

ТИГУ жоғары сапалы мамандар дайындау қызметі қабылданған сапа бойынша саясат пен мақсаттарға сәйкес жүргізеді.
«Сапа саласындағы ТИГУ саясаты» - СМЖ-ның негізгі құжаты болып табылады, ол университеттің мүддесін, болашағын, мақсаттарын және міндеттерін белгілейді.

Тараз  инновациялық-гуманитарлық   университетінің   саясаты – университеттің инновациялық бағыттағы  жұмыстарын жандандыруға, университет білім беру қызметінің сапасын жақсарту мақсатында өз күш жігерін халықаралық ИСО 9001:2008 стандарты талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін тұрақты түрде ұдайы дамытуға, ҚР білім беруді  дамытудың 2011-2020жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, оқу үрдісінің тәжірибелік құрылымын арттыру арқылы дуалды  білім беру жүйесін дамытуға, әлемдік және еуропалық білім беру кеңістігінде  ықпалдастықта болуымен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, студенттер бойында қазақстандық патриотизмді, ықыластылықты, жоғары мәдениетті, адам құқықтары мен еркін сыйлауды тәрбиелеуге бағытталған.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер